Сені енді көре аламын ба?
18-бөлім
Көтеріңкі көңіл-күймен келе жатқан қызды Чимин мен Хюнин қарсы алды, екеуі де қолдарына раушан гүлдерін ұстап алған екен. Хюнин қызды көре сала бірден:
- Нуна-а-а! - деп жүгіріп барып, Розэні құшақтап алды да, ақ роза гүлдерін ұсынды. Розэ қатты қуанып кетті, демек бұларды кеше түсінде емес, өңінде көрген екен ғой!
- Рахме-е-ет! - деді қыз баурап алардай нәзік дауысымен. Чимин де қызға жақындап, оны ақырын ғана құшағына қысты. Неге екені белгісіз, жігіттің бұл әрекетінен Розэнің жүрегі тезірек соға бастады. Жігіт оны жіберіп, кейін қызыл раушан гүлдерін үнсіз ғана ұсынды.
- Рахмет! - деді Розэ күлімдеп.
- Сені жеткізіп тастайын - деді Чимин көлігін нұсқап.
- Сенің бұл ұсынысыңнан бас тартуыма тура келеді, Чимин - деді қыз сәл жымиып - мені ағам алып кетемін деген.
- Нуна, сенің ағаң бар ма? - деді Хюнин таңданып.
- Мен саған бәрін кейінірек түсіндіріп беремін! - деді Чимин бауырына назарын аударып. - Сен бағана дүкенге барып келуім керек деп едің ғой?
- Қашан? - деп Хюнин ағасына сұраулы жүзімен қарады.
- Бағана!
- А-а, иә-ә, хён! Сен айтпасаң мүлдем есімнен шығып кетіпті! Нуна, мен сәлден соң келемін. - деп Хюнин кетіп қалды. Чимин қызға қарап:
- Өзіңді қалай сезініп тұрсың - деп сұрады.
- Тамаша! Айтпақшы, кешегі баспалдақтағы жағдай үшін рахмет. - деді қыз сәл күлімдеп - Егер сен сол жерде болмасаң, мен бұл ауруханада әлі біразға тұрақтар едім.
Розаннадан алғыс естіген Чимин қуанып қалды да:
- Бұл сенің маған жасаған жақсылықтарыңның жанында түкке де тұрмайды! Есіңде болса, сен менің өмірімді екі рет құтқарып қалғансың.
- Бұл жақсылық емес, Чимин, бұл - жұмыс болған.
- Сонда да... - деп жігіт қызға ақырын ғана жақындады да:
- Сені енді көре аламын ба? - деді күлімдеп.
- Білмеймін - деді қыз нәзік дауысымен.
- Шамасы сен де ағаң секілді мен жайлы талай нәрсені білетін шығарсың? Ойланып қарасам, менде тіпті сенің номерің де жоқ екен.
- А-а, түсіндім... Хюнинде бар, содан алсаң болады.
- Рас па? - деді Чимин таңданып - Ол маған неге айтпаған?
Осы сәтте аурухананың алдына Соджун мырза да келіп жетті. Розэ Чиминге қарады да:
- Ал, саубол, Пак Чимин! - деп кетіп бара жатыр еді, Пак оның артынан:
- Біз әлі кездесеміз! - деп дауыстап айтты. Розэ неге екені белгісіз, оның бұл сөздерді айтқанына іштей қуанды.
Соджун көліктен түсіп, қарындасына көліктің есігін ашып берді, сосын өзі қайтадан отырып, жолға шықты...
* * *
Кеш... Қыз терезенің жанында отырып, түнгі қаланы тамашалауда... Даладан соққан салқын жел Розэнің шаштарын ақырын ғана жан-жаққа тербеуде...
Ол бүгін болған жайттардың бәрін саралап отыр. Ағасынан жаңа тапсырма беруін сұраған еді, алайда, Соджунның сөздеріне қарағанда, Розэмен болған жайт оны қатты алаңдатқан секілді, қыздың байыптауынша, енді ағасы оның бұндай қауіпті істерге мүлдем жоламағанын қалайтын көрінеді. Содан Розаннаның көңілі сәл түсіп кетті. Алайда, бір жағынан алып қараса, қыздың өзі де бұл мамандықпен айналысудан шаршаған сынды. Бәлкім оған демалыс керек шығар?!
Бір мезетте қыздың гаджетінің дауысы естілді, телефонын қолына алып қараса, белгісіз номер екен. Розанна тұтқаны көтерді:
- Алло?
- Қайырлы кеш, менің құтқарушы періштем - деген Чиминнің жылы дауысы естілді.
- Чимин бұл сен бе?
- Жоқ, бұл саған қарыздар адам... - оның бұл сөздерінен қыз еріксіз күліп жіберді.
- Неге олай дейсің?
- Себебі - бұл шындық. Ал енді, мен сол қарыздарымды өтеуім керек.
- Сонда қалай?
- Сені бір жерге шақырайын деп едім. Қазір үйіңнен шыға аласың ба?
- Не? Қыз терезеден төменге қараса, Чимин байкқа сүйеніп тұр екен, ол қолын былғап:
- Төменге түс, сені күтіп тұрмын! - деп тұтқаны қоя салды. Розанна қатты таңғалды, және көп ойланбай, киімін ауыстырып, сыртқа шықты. Оны көрген Чимин құшағын жайып, Розаннаға жақындады да, оны қатты құшақтап алды. Пактың қуанышында шек жоқ, ал Розэнің жүрегі тезірек соға бастады.
- Бұнда неге келдің? - деді қыз таңданып. Чимин оған жауап ретінде Розаннаның екі бетінен алақанымен ақырын ғана ұстап, қыздың теңіздей көздеріне тура қарады да:
- Сені қуанту үшін - деді жымиып, Розанна болса ештеме түсінбей қалғандай болды - бір жерге баруымыз керек, кеттік! - деп жігіт байкты нұсқады. Екеуі шлемдерін киіп, мотобайкқа отырды да, Розэге белгісіз жаққа жол тартты.
* * *
Жарты сағаттық жолдан кейін екеуі бір жаққа келіп тоқтады. Бұл жер тас қараңғы еді, қыз ештеңе де түсінбей қалды.
- Чимин, біз дұрыс келдік пе? - деді Розэ шлемін шешіп жатып.
- Иә, осы жер.
- Бірақ бұл жер қап-қараңғы ғой! Мені мұнда неге алып келдің?
18-бөлімнің соңы