...жақсы көремін!
17-бөлім
Таң. Чимин Розэнің палатасындағы диванда жатып, ұйықтап кеткен екен. Жігіт көзін ашса, Розэ төсекте жоқ. Осы сәтте палатаға медбике де келіп, қыздың жоқ екенін байқады:
- Науқас қайда?! Оған орнынан тұруға болмайды ғой - деді Чиминге қарап.
- Сонда оны сіздер алып кеткен жоқсыздар ма?! - деді Чимин де таңданып.
- Жоқ әрине - деп дәрі егуге келген медбике уайымдай бастады. Осы сәтте Розанна да палатаға кіріп келді. Қыз аздап терлеп кеткен екен. Медбике оған қарап:
- Сіз қалай орныңыздан тұрдыңыз?! Қайда барып келдіңіз?
- Жай ғана таңғы серуенге, жүгіріп келдім. - деді қыз сабырлы түрмен.
- Сізге кеше ғана ота жасалып, жансақтау бөлімінен шықтыңыз ғой! Бұныңыз не? Бір жерде құлап қалсаңыз не болар еді?!- деп медбике уайымдап кеткен. Розэ болса оның қолындағы ине (укол) мен дәрі құтыларын көрді де:
- Бәрі жақсы деймін. Маған дәрі егудің қажеті жоқ, қазір кетемін. - деп қыз бөлменің бұрышында орналасқан шкафтың есігін ашып, заттарын ала бастады.
- Ханым, өтінемін, бұлай болмайды. Мен қазір сізге жауапты дәрігерді шақырып келемін, кетпей тұра тұрыңыз! - деп медбике асығыс бөлмеден шығып кетті. Осы сәтте Чимин қызға жақындап:
- Розэ, бәлкім тағы 1 күн осында бола тұрарсың? - деді ақырын ғана.
- Менің жұмысқа кетуім керек! - деді Розэ заттарын жинастырып тұрып.
- Алайда, іс аяқталды дедің ғой. Керекті адамдар тұтқындалған екен.
- Онда, келесі істі қолға аламын.
- Розэ, түсінесің бе?! Бұл дұрыс емес! Сенің денсаулығың ол жұмыстан сан мың есе маңызды емес пе?! Оған қоса, ағаң саған жаңа істі береді деп ойламаймын.
- Иә, түсінемін... Алайда, сен де мені түсін. Маған аурухана ұнамайды. Ал төсекке таңылып жатқанды одан да жек көремін! - деп қыз сөмкесін қолына алып, асығыс бөлмеден шықты. Чимин де оның артынан еріп кетті. Жігіт қызды барынша тоқтатып көрмекші болып еді, алайда Розанна оның сөздерін құлағына да қыстырмады.
Розэ баспалдақтан түсіп бара жатқанда, кенет оның көздері қарауытып, басы айнала бастады. Қыз енді баспалдақтан құлап кетейін дегенде, Чимин дер кезінде жетіп, Розэнің қолынан ұстап, өзіне қарай тартып, құшағына қысты, осы кезде қыз да есінен таңып қалды. Бұны байқаған Чимин Розаннаның жағдайын қатты уайымдап кетті, бірден қызды қолына алып, қайтадан палатаға апарды. Сол жерде оларды дәрігер мен бағанағы медбике де тосып тұр екен. Олар бірден Розэнің жағдайын тексеруге көшті де, біраздан соң Чиминге уайымдаудың қажеті жоқ екенін, және де Розэнің жай ғана өзіне келіп үлгермегенін хабарлады. Осы сәтте Чиминнің көңілі орнына түсті...
* * *
Бағанадан бері Чимин қыздың әдемі жүзінен көздерін алмай қарап отыр, ал Розэ бағана есінен таңғаннан бері оянбады.
"Мұнша әдемі болар ма едің, менің қорғаушы періштем..." - деп ойлады Чимин іштей.
Біраздан соң палатаға Хюнин кіріп келді, қолында бір құшақ гүлі бар.
Қыздың қолын қысып ұстап отырған ағасын көріп, басында таңғалып қалды да, сәлден соң гүлді төсектің жанында тұрған шағын үстелдің үстіндегі хрусталь вазаға салып, Чиминнің жанына келіп отырды. Содан соң үнсіз ғана Розэге бір қарап, Чиминге бір қараумен болды.
- Не сұрайын деп едің?! - деді Чимин бауырына қарап.
- Нунамның жағдайы қалай? - деді Хюнин ақарын ғана.
- Розэ жақсы, бүгін таңертең тіпті жүгіруге барып келіпті, сенесің бе? - деді Чимин күлімдеп, бір жағынан жүрегі жұмсақ бауырының уайымдағанын да қаламады.
- Бүгін... атам маған бір жайтты айтты - деді Хюнин басын төменге қаратып. - Розанна... әкеміз оны асырап алмайтын болыпты.
- Білемін, - деді Чимин бауырының иығынан ұстап. - Ол енді сенің нунаң емес...
- Жоқ - деді Хюнин бірден - ол туған болсын, болмасын, әкемдер оны асырап алса да, алмаса да, Розэ - әрдайым менің нунам болып қалады. Мен оны қатты жақсы көремін... Ал сен ше?! - деп Чиминге назарын аударды. Чимин бауырының бұл сұрағынан соң аздап кідіріп қалды да, сәлден кейін:
- Мен де оны қатты жақсы көремін! - деп нақты жауап берді...
* * *
Розэ көзін ашса, кеш болып кеткен екен. Чимин төсектің жанындағы орындықта отырып, қыздың қолдарын ұстаған күйі ұйықтап кетіпті. Ал есік жақтағы диванда Хюнин ұйықтап жатыр. Бұл көріністі көрген Розэнің бетіне бірден күлкі үйірілді...
Ал вазада әппақ розалар суға салынып тұр екен, гүлдердің хош иісі бүкіл бөлмеге таралған...
Сәлден соң палатаға медбике кіріп, Розэге дәрі егіп кетті. Оның айтуы бойынша, бүгін ағасы, және тағы бірнеше жігіттер осында келіп, қыздың жағдайын біліп кеткен көрінеді...
* * *
Ертеңгі күні Розэ көзін ашса, палатада жалғыз жатыр екен. Хюнин де, Чимин де көрінбейді. "Бәлкім түсім болған шығар?!" - деп ойлады қыз іштей. Сәлден соң, бөлмеге медбике келіп, Розаннаның жағдайының айтарлықтай жақсарғанын және үйіне қайта берсе болатынын хабарлады. Розэнің құлағына бұл жаңалық майдай жақты, бірден медбике ұсынған құжаттарға қол қойды да, киімін ауыстырып, заттырын жинап, ауруханадан шығып кетті.
Көтеріңкі көңіл-күймен келе жатқан қызды Чимин мен Хюнин қарсы алды, екеуі де қолдарына раушан гүлдерін ұстап алған екен...
17-бөлімнің соңы