19 страница20 августа 2022, 19:14

Бұның бәрі сен үшін

19-бөлім / Соңғы бөлім

- Бірақ бұл жер қап-қараңғы ғой! Мені мұнда неге алып келдің?
- Қазір көресің...
- Есіңде болсын, егер маған зиян келтірмекші болсаң, енді ғана ауруханадан шықсам да, мен әлі де сені бір-ақ қолыммен соғып құлата алатынымды ұмытпа! - деді қыз Пакты қорқытпақшы болып.
Бұның бұл сөздеріне Чимин сәл күлді де:
- Жоға-а, қайдағы! Сен мені білесің ғой!
- Иә, білемін сенің нағыз плэйбой екеніңді.

- Розэ бике-е-еш, мен қазір ондай емеспін, сен ғой мені өзгерткен. - деп жігіт Розаннаны ақырын ғана құшағына қысты. Сәлден соң:
- Жә, жетер! - деп Розэ жігітті кеудесінен ақырын итерді де:
- Маған не көрсетейін деп едің?
- Қазір, былай қарай жүрейік! - деп жігіт жол көрсетті. Екеуі жаяу жүріп бір жерге келді, Чимин қыздың қолынан ұстап алған, кенет жарық шамдар жанды да, "У-У-У" деген дауыстар естілді. Бұлар Хюнин және де Чиминнің достары еді. Бұл жер бір үлкен үйдің ауласы көрінеді. Жігіттер айналаның бәрін әдемілеп безендіріп қойыпты: қара және алтын түстес гельді ұшып тұрған шарлар, гирляндалар, әппақ раушан гүлдері және дәл ортада үлкен болып жайылған дастархан.

Бұл көріністен Розанна бір орында қозғалмай, ауызын қолымен жауып, тұрып қалды. Чимин не жасаса да, дәл бұндай отырыс жасайды деп ойламаса керек-ті.
- Бұның бәрі сен үшін - деп Чимин қыздың құлағына сыбырлады...

                                   *  *  *

Арада 1 ай өтті... Осы уақыт аралығында Чиминнің қызға деген сезімдері тек қана нығая түсті, оған барынша қамқор болып, кездесулерге шақырып, жылулық танытты. Өз сезімдерін сөзбен емес, іспен дәлелдеп, Розаннаның көңілін таба білді. Розэ де жігітке бауыр басып, оны ұнатып үлгерген еді.

Әрине, бұндай сымбатты, ақылды, әрі қамқор жігітке ғашық болмау мүмкін бе?!

Қазір екеуі кездесіп жүр, және енді бұларға ешкім де кедергі бола алмайды, шындығында кедергі болған да емес еді. Пак төраға мен Пак мырза Чиминнің Розэнің арқасында жақсы жаққа қарай түзеліп, өз бойына нағыз ер азаматтың қасиеттерін тоғыстыра бастағанын байқап, қуанған еді.

Ал Соджун болса, қарындасының Чиминнен алысқа кеткісі келмегенінің арқасында, басқа қауіпті тапсырмаларға араласудан бас тартқанына разы еді. Оған қоса, өзі де хатшысын ұнатып қалған болатын, сол себепті де қарындасының не сезетінін түсініп, қызғанышын ары ысырып қойды да, екеуінің кездесуіне қарсылық білдірмеді.

Ал Хюнин болса нунасының басқа жаққа кетпей, Чиминнің қасында болғанына шын жүректен қуанышты болды. Розэні Пак әулеті асырап алмаса да, енді ол болашақта бәрібір де сол әулеттің бір мүшесі болмай ма?! Демек, Розанна әрдайым Хюниннің нунасы болып қалады! Керемет емес пе! Ал Юнгиге келетін болсақ, бастапқыда Розаннаның көңілін бір қалдырған соң, оның екінші мүмкіндік бермейтініне көндіге алмай жүр еді, алайда түсінігі бар жігіт болғандықтан, Чимин мен Розэнің арасына түспеді. Және осы ай аралығында Юнги басқа керемет жанды - Аю есімді қызды кездестіріп үлгерді...

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - Розэ мен Чиминнің кездесіп жүргендеріне олардың өздері де, барлық жақындары қуанышты еді, оған қоса екеуін шынымен жарасымды жұп санайды.

Және ең бастысы - бұл екеуі бір-біріне шын ғашық, және болашақта да әрдайым бірге болатындары хақ...

HAPPY END / СОҢЫ❣️

P.S. Бүгінгі керемет күні мен осымен 2-ші фанфигімді аяқтаймын, 19-бөлімге созылған бұл хикая расымен де сіздерге ұнады деп сенемін, және де тағы бір айтарым: менімен бірге болыңыздар! Алда сіздерді бұдан да қызықты әрі ерекше хикаялар күтуде...

         Шын жүректен: DarknesBerry ❤️

19 страница20 августа 2022, 19:14