16 страница18 августа 2022, 19:11

Сенің жаныңнан кеткім келмейді...

16-бөлім

- Сен өзі Розэні ұнатып қалғаннан саусың ба? - деп Соджун бірден өзін мазалаған сұрақты тікесінен қойды... Чимин болса Соджунның бұл сұрағынан кейін қатып қалғандай болды. "Мен... мен Розэнні ұнатамын ба?! Шынымен бе?!" - деді жігіт іштей...
Кенет, Соджунның телефоны шырылдай бастады, ол тұтқаны көтеріп:
- Алло?! Иә, мен Пак Соджун боламын. Не?! Рас айтасыз ба?! Розанна көзін ашты дейсіз бе?! - деп қатты қуанып кетті, бұны естіген Чиминнің де көңілі орнына түскендей болды...

                                   *  *  *

Соджун мен Чимин асығып, Розэ жатқан жансақтау бөліме келсе, онда ешкім жоқ екен. Сол маңайда жүрген медбикелердің бірінің айтуынша, қыздың жағдайы жақсарған соң, оны жансақтау бөлімінен жеке палатаға ауыстырған көрінеді. Соджун мен Чимин сол медбике айтқан палатаның жанына келіп, есіктің кішкентай терезесіне қараса, іште Розэ ұйықтап жатыр. Соджун да, Чимин де Розаннаның жағдайының жақсарғағын өз көздерімен көріп, терең демалды да, бірден жүздеріне күлкі үйірілді. Соджун есіктің тұтқасын ақырын бұрап ашып, ішке кірмекші болып еді, жанында Чиминнің бары есіне түсіп, жігітке қарады:
- Сен үйіңе қайта берсең болады, енді Розаннаны мазалама! - деді сабырлы түрімен. Чимин де жай тұра ма:

- Оны сіз шешпейсіз! Менің де Розэні көргім келеді. - деп қасарысып тұрып алды. Жігіттің қырсықтығы бар екенін білетін Соджун оның қайтпайтынын біліп, көнбестен басқа амалы қалмады:
- Жарайды, жарайды. Тек бір жолға ғана, Түсіндің бе?! - деп есікті ақырын ашты да - Тек бір жолға! - деп Чиминге қарады.
- Жоқ, мен енді әрдайым келетін боламын, және сіз Розэнің ағасы болсаңыз да, маған кедергі емессіз! - деп сәл күлімдеді де, ішке кіріп кетті.
- Ащть! Расымен де! Мына бала мені есімнен адастыратын шығар! - деп есікті ақырын жауып, Соджун да жігіттің артынан ішке кірді.

Розэге қараса, қарындасы тәп-тәтті болып ұйықтап жатыр екен. Әрине, Соджунның көзінде Розэ әлі де кішкентай ғой...
Розэнің бір жағында Соджун, екінші жағына Чимин орындықта отыр. Екеуі де қыздан көздерін алмауда. Соджун ақырын ғана қарындасының басынан сипап, қолынан ұстады. Чимин енді ғана Соджунның қарындасы үшін қалай уайымдайтынын түсінгендей болды, бұған дейін ол ешқандай сыр білдірмеген еді, алайда қарындасының жанында эмоцияларын жасыра алмайды екен. Кенет Соджун мырзаның телефоны шырылдай бастады, ол қарындасын оятып алмау үшін тездетіп бөлмеден шығып кетті. 1-2 минуттан соң қайтадан палатаға кіріп, қарындасына бір қарады да, Чиминге назарын аударып:
- Менің шұғыл жұмыстарым шығып қалды. Кетуім керек. Сен де Розаннаның мазасын ала бермей, үйіңе қайтқаның дұрыс болар еді. - деді.

- Жолыңыз болсын! - деп Чимин де осы сәтті күткендей, сәл жымиды. Соджун мырза есікті ақырын жауып кетіп қалды. Чимин енді назарын Розэге аударып, одан көздерін ала алмай отыр. "Өзі қандай көрікті еді?!" - деп ойлады жігіт іштей. Қыздың қолын ақырын ғана ұстап көріп еді, мұздай екенін бірден сезді. Чимин оны жылытпақшы болып, қыздың нәзік қолын өзінің қолдарына алып еді, кенет Розэ қолын тартып алды да:
- Сен ағамның айтқанын естідің ғой! - деп ақырындап көздерін ашты.

Бұны көрген Чимин басында ештемені түсінбей қалғандай болды да, сәлден кейін:
- Розэ... сен сонда ояу жатырсың ба? - деді таңғалып. - Қашаннан бері?
- Сендер палатаға шулап кіргеннен бері. - деді қыз ақырын ғана.
- А-а... біз сені оятып жіберген екенбіз ғой! Өзіңді қалай сезініп тұрсың? - деді Чимин қайтадан қыздың қолын ұстап.
- Саған не болған?! - деп Розэ жігітке сұраулы жүзбеп қарап, қайтадан қолын тартып алды - Не себепті бұндай жылы шырай таныта қалдың?!
- Розэ... неге бұлай дейсің?!
- Енді не деуім керек?!
- ...
- Өткенде ғана тапаншаны көре сала мені сұрақтың астына алған кім еді?! Ал енді мына отырысыңды қарашы?!
- Себебі мен ол кезде ештеңені білмеген едім...
- Алайда, сен менен күдіктендің ғой?! Рас емес пе?! - Чимин ақырын ғана басын изеді де:
- Алайда... - деп айтып жатыр еді, қыз оның сөзін бөліп жіберді:
- Жаңа естігендерім бойынша, ағам саған бәрін айтып берген секілді. Егер ол құпияны ашса, демек операция аяқталды деген сөз. Соған қарағанда, енді мен сенің қарындасың емеспін! - Чиминге бұл әңгіменің ұнамай тұрғаны анық, салы суға кетіп, көңілі түсіп кеткен. Расымен де, жігіт оны талай рет ренжітті емес пе?! Қыздың бұлай дейтін де жөні бар.
- Қуана бер, Пак Чимин! Енді мені көрмейсің! - деді Розанна суық жүзбен.
- Неге сен де, ағаң да маған бір сөзді қайталай бересіңдер?! - деді Чимин бұлданып. - Неге сені енді көрмейді екенмін?
- Мен сендердің үйлеріңе келген алғашқы күннен бастап қалағаның осы емес пе еді?!
- Иә... дұрыс айтасың, басында солай болған, алайда қазір... бәрі басқаша - деді Чимин көздері мөлдіреп. Бұны байқаған Розэ біртүрлі болып қалды.  "Бұған тағы не болды? Мен не оның көңіліне тиетіндей бірдеме айттым ба?! Қызық екен! Оған қоса, неге бұл жерден кетпей жүр?! Әлде маған жаны ашып, өзін кінәлі сезініп отыр ма?!" - деп іштей ойлады да, аздап сабырға келді:
- Сені бұл жерден көремін деп ойламаған едім. Егер мені аяп отырсаң, маған сенің жаныңның ашығаны керек емес!
- Мен бұл жерде сені аяғаннан отырған жоқпын. - деді Чимин сәл ойланып.
- Онда не үшін?
- Жай... сенің жаныңнан кеткім келмейді - деді жігіт ақырын ғана...

16-бөлімнің соңы

16 страница18 августа 2022, 19:11