15 страница18 августа 2022, 18:32

Құпияны ашайын

15-бөлім

Кенет Чимин өзінің дауысынан өзі оянып кетті... Сөйтсе бұл жігіттің түсі екен. Дәліз бойындағы орындықтардың біріне жатып, ұйықтап кеткен көрінеді. Ал көздері болса жасқа толған...
Жақын маңайда медбикелерден басқа ешкім көрінбейді. Чимин басында өз-өзіне келе алмай 1-2 минуттай отырды, сосын бұл оның жай ғана түсі екенін түсініп, қуанып кетті. Көз жасын сүртіп, енді орынынан тұра бергенде, бұның жанына Пак Соджун мырзаның келгенін байқады:
- Кофе ішуге қалай қарайсың?! - деді ол Чимингe қарап...

                                * * *

Түнгі уақыт. Аурухананың жанындағы шағын дәмхана.

Пак мырза мен Чиминнің бір-біріне үнсіз қарап отырғандарына біраз болды. Бұл уақытта тапсырыстары да келіп үлгерген еді.

Кенет бұл тыныштықты Чимин бұзды:
- Сізді әкем жіберді ме, әлде бұл атам ба?!
- Ал өзің қалай ойлайсың?!
- Менің ойымша, бұл - атам.
- Дәл таптың, мен Пак төрағамен біраз жылдар бойы жұмыс істеп келемін.
- Сонда қалай?
- Пак төраға - менің клиентім, менің адамдарым бірнеше жылдар бойы сендердің әулеттеріңнің қауіпсіздіктеріңді қамтамасыз етіп келеді.
- Түсінікті. Ал мен неге бұл жайлы енді ғана біліп отырмын?!
- Себебі, бұл жайт атаңның өтініші бойынша құпияда сақталды.
- А-а, бәсе. Атамнан ондай шығады! - деді Чимин ақырын ғана - Айтпақшы, қарындасымды осында жеткізу үшін тікұшақ шақырғаныңызға рахмет. Әйтпесе, қазір... - деп Чимин ауыр күрсінді.
- Бұл үшін алғыс айтудың қажеті жоқ Чимин. Себебі, біріншіден - бұл менің жұмысым, екіншіден - Розэ сенің қарындасың емес... - деп айтып жатыр еді, Чимин оның сөзін бөліп жіберді:
- Оны қайдан білесіз?
- Э-э-эх, Чимин. Мен сен жайлы бәрін, БӘРІН білемін! Тіпті сенің қанша қызбен жүргенің де, досыңның досының кім екені де маған мәлім! - Соджунның бұл сөздерінен Чимин таңғалып қалды:
- Я-я-я... сізден қорқу керек екен! Сөзіңізге сенсем, сіз мен жайлы менен де көп білетінге ұқсайсыз, ал маған тіпті сіздің есіміңіз де беймәлім - деп миығынан күлді. Соджун мырза жігіттің сөздерінен кейін сәл жымиды да:
- Есімім Соджун, Пак Со Джун - деп буындап айтты.
- Танысқаныма қуаныштымын, Соджун. - деді Чимин сабырлы түрмен.
- Оған қоса - деді Соджун Чиминнен көздерін алмай, - Розэ сенің қарындасың емес, менің қарындасым!
- НЕ?! - Чимин таңғалғанынан орынынан бірден тұрып кетті - Сен не деп тұрсың?!
- Не естісең сол! Мен бір сөзді екі рет қайталамаймын! - деді Соджун кофесін сәл ұрттап. - Қап, мынау суып қалыпты ғой!

- Бұл не дегенің? Сен рас айтып тұрсың ба? - деп Чимин әлі де бір орында қозғалмай тұр.
- Қане, Чимин, отырсаңшы! - деп Соджун орындықты нұсқады. Чимин қайтадан орнына жайғасып, сұраулы көздермен Соджунға қарауда. Бұны байқаған Соджун:
- Жарайды, ондай болса, мен саған барлық құпияны ашайын...

                                * * *

Бар шындықты Соджунның аузынан естігеннен кейін, бәрі өз орнына келгендей болды.

Чимин өзін мазалаған барлық сұрақтарға жауап ала отыра, Розэнің бұл кезге дейінгі әрекеттерін енді ғана түсінгендей... Сөздің шыны керек, Чимин қатты таңғалды. Иә, расымен де "Розэ бәлкім киллер шығар" деген ой жігітті мазаласа да, қыздың оны әрдайым барынша тырысып, қорғап жүргені есіне кіріп те шықпапты! "Мен не деген ақымақ болғанмын?!" - деп ойлады Чимин іштей.
- Не ойлап кеттің?! - деді Соджун бағанадан бері ойға батып отырған Чиминге қарап.
- Өзіңіз де білесіз ғой! - деді Чимин ақырын ғана.
- Негізінде, Чимин, сен мені таңғалдырдың! Сөздің шынтуайтына келгенде, мен сені Розанна үшін уайымдайды деп ойламаған едім.
- Уайымдамай қайтейін?! Ол бейкүнә қыз қазір менің кесірімнен өлім мен өмір арасында арпалысып жатыр емес пе?! - Соджун терең демалды да:
- Сен ол жайлы уайымдамай-ақ қойсаң болады. Розэ жай ғана өз міндеттін атқарды. - деді сабырлы жүзбен.
- Түсінбедім?! - деді Чимин шамданып - Сіз қалайша оның туған ағасы бола тұра, қазір сабырлылық сақтап, осындай сөздерді айтып тұрсыз?!
- Мен қазір сырттай сабырлы болғаныммен де, іштей уайымға батып барамын. Алайда, мен қарындасыма сенемін! Ол міндетті түрде оянады! - деп нақты-нақты сөйледі. - Оған қоса, қуана берсең болады, енді Розанны көрмейсің!
- НЕ?! НЕГЕ? Неге мен оны енді көрмейді екенмін?!
- Іс аяқталды, операция орындалды, біз керекті адамдарды тұтқындадық, құпия да ашылды, ал Розанна болса өз тапсырмасын мүлтіксіз орындап шықты. Енді ол бұл істен босатылады, демалып, өз-өзіне келуі керек. Оған қоса, сенің әкең де Розаннаны асырап алудан бастарту құжаттарына қол қойып үлгерді. Сондықтан, енді Розэні көрмейсің! Қуана берсең болады! Сенің қалағаның да осы емес пе еді?! - деп Соджун өтірік жымиды.
- ЖОҚ! Менің қалағаным мүлдем бұл емес еді - деп Чимин Соджунға аянышты қарады - Өтінемін... Розэні алып кетпеңізші... - деді ақырын ғана. Чиминнің бұл реакциясына Соджун қатты таңғалып қалды. "Бұған тағы не болған?! Мен білетін Чимин бұндай емес еді ғой!" - деп ойлады Соджун іштей. - "Бәлкім... жо-жо-жоқ! Мүмкін емес! Не мына плэйбой менің қарындасыма ғашық болып қалған ба?!"
- Сен өзі Розэні ұнатып қалғаннан саусың ба? - деп Соджун бірден өзін мазалаған сұрақты тікесінен қойды.
Чимин болса Соджунның бұл сұрағынан кейін қатып қалғандай болды. "Мен... мен Розэнні ұнатамын ба?! Шынымен бе?!" - деді жігіт іштей...

15-бөлімнің соңы

15 страница18 августа 2022, 18:32