Мүмкін емес!
14-бөлім
Аурухана. Жарық шамдар жанған ұзын дәліз.
Ота жасау бөлмесінің жанында қардай әппақ орындықтар орналасқан... Сол орындықтарда жігіттердің барлығы дерлік отыр. Бүгінгі жадыраған күні осындай жағдай болады деген ой ешкімнің де үш ұйықтаса түсіне кірмеген еді. Жігіттер қаншалықты шаршаса да ешбірі үйлеріне қайтып кетпеді. Тек Соджун мырза, Чимин және Хюнин үшеуі ғана бір орында байыз таба алмай, дәліз бойын әрлі-берлі шарлауда... Ешкім де үн қатып, бір нәрсе деп сөйлейтіндей хәлде емес. Барлығы бүгін болған жайттарды және Розэнің жағдайын ойлап, уайымдауда...
Пак Соджунның қазір іштей қатты қиналып тұрғаны айтпаса да белгілі шығар... Жар дегенде жалғыз қарындасының хәлі әне... өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатыр. Егер де Розэнің агент болуына рұқсатын бермегенде... егер де осы Пактардың ісіне оны араластырмағанда... бәлкім қазір бәрі басқаша болуы мүмкін бе еді?!
Хюнин де Розаннаны ойлап қатты уайымдауда... Жігіттің ойынша, не дегенмен де ол оның апайы ғой... нәзік әрі мейірімді нунасы... Егер ол енді көзін ашпаса не болмақ?! Хюнин осының бәрін ойлап, жылап кетейін деп әрең тұр... Розэ Пактардың үйіне келгелі бері, оған бірден жылы шырай танытқан да осы Хюнин болатын. Бұған себеп: Хюниннің Розэден өзін көруі еді... Дәлірек айтсақ, осыдан 5 жыл бұрын Хюнин Германиядан осы әулетке келгенде, оған да оңай тимеген болатын... Розэ де дәл сондай жағдайға тап болды, алайда онымен осындай жайт орын алады деп Хюнин мүлдем ойламаған еді...
Чиминнің санасында қазір құдды бір дүлей дауыл ойнап жатқандай... Ойлары сан тарапқа бөлініп, жігітке маза бермеуде. Бір жағынан өкініш, екінші жағынан уайым, ал үшінші жағынан... қорқыныш... Розэні жоғалтып аламын ба деген қорқыныш... Не де болса жігіт оны жоғалтып алғысы келмейтінін енді ғана түсінгендей...
Кенет ота жасау бөлмесінен ақ халат киген, ұзын бойлы, орта жастағы хирург шықты. Барлығын оның жанына жақындап, "қалай болды?", "бәрі жақсы ма?" дегендей сұраулы түрлерімен дәрігерге қарады. Ал дәрігердің ұзақ отадан кейін шаршағаны көрініп тұр, бетіндегі медициналық маскасын ақырын ғана шешті де:
- Ота аяқталды... біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Енді тек күту ғана қалды. Науқас көп қан жоғалтқан. Оның жағдайын жиі-жиі тексеріп тұратын боламыз... - деп барлық жағдайды түсіндіріп жатыр.
- Дәрігер ол аман қала ма?! - деді Пак Соджун уайымға толы көздерімен.
- Әзірше белгісіз, жақсылықтан үміт үзбеңіздер - деп дәрігер кетіп қалды.
Дәлізде қайтадан таныштық орнады...
* * *
Кенет Розанна жатқан бөлмеге дәрігерлер мен медбикелер бірінен соң бірі жүгіріп келді. Чимин болса ештеңені түсінбей қалды, тек одан сайын қобалжи түскендей...
Бір мезетте дәрігер дәлізге шығып, Чиминге қарап:
- Мықты болыңыз! Біз қолымыздан келгенді жасадық, алайда... - деп басын төменге салбыратты. Чимин өз құлағына өзі сенбей, дәрігердің жағасына жармасты:
- НЕ?! Сен өзі не дегелі тұрсың?!
- Мырза тынышталыңыз! - деп басқа дәрігерлер мен медбикелер Чиминді дәрігерден аластатып алды. Хирург болса терең күрсінді де:
- Біз оны құтқарып қала алмадық. - деп Чиминге қарады. Чимин әлі де естігеніне сене алмай:
- Розэ... Розанна... Жоқ! Мүмкін емес! - деп қыздың есімін қайталай берді.
Осы сәтте эмоцияларына ерік берген Чимин қалайша көзінен ыстық жастың шыққанын да байқамай қалды...
14-бөлімнің соңы