13 страница16 августа 2022, 19:58

Қара киімділер

13-бөлім

Кенет айналадан қара киінген он шақты адам пайда болды, қолдарында қарулары бар, оқиғаның бұлай өрбиді деп ешкім де ойламаған еді.
- Бұлар қайдан шықты? - деді Чимин Хюнинге қарап. Хюнин болса өз кезегінде Розэнің нені меңзегенін енді түсінгендей болды. Кенет қара киімділер бұларға:
- Пак-тарды бізге беріңдер, осы шартымызды орындасаңдар, басқаларыңды оңай жібереміз.
- Не?
- Мынау не дейді? - жігіттер түсінбегендей кейіп таныта бастады. 

- Я, сен! Біздің бәрібір бұлай жасамайтынымызды білетін шығарсың?! - Чонгук ала көзімен қарады.

- Бұлардың көздегені біз екенбіз. - Чимин Хюнинге қарап.
- Тек сендер ғана емес, мына қыз да Пак емес пе?

Pov Rose
Бұл баскесерлер мұздай қаруланғандарымен де бізге ешбір зиян келтіре алмайтын болу керек, қолдарында қару болса да, бұны ең көп дегенде өзгелерді қорқыту үшін ғана қолданулары мүмкін. Себебі Пактар оларға тірідей керек.
Pov Rose end

- Иә, дұрыс айтасың. Менің де тегім - Пак. Ал сен соншама кімсің?! - Розэ алдыға шығып, менсінбегендей түр жасап, әдейі назарларын өзіне аударды. - Біз сияқты адамдарға бұлай деуге қалай дәтің жетеді?!
Қара киімділердің басшысы ашулана:
- Бірінші мына қыздан бастап алып кетіңдер! Тез! - Чимин қызды қорғамақшы болып еді, Розэ:
- Бәрі жақсы - деп жігітті тоқтатты.
Розэнің де күткені осы еді, бұзақылардың барлығы Розэге жақындады. Бір мезетте Розэ жүгіріп келіп секіріп, біреуінің басынан теуіп құлатты. Ешкім де бұндайды одан күтпеген еді. Екіншісінің қолын қайырып, келе жатқан үшіншісіне қарай итеріп жіберді де, оң жақтан келген біреуін таэквондо әдісін қолданып, айналып аяғымен басынан теуіп қалғанда ол бірден есінен танып қалды. Тағы біреуінің тура бетінен оң қолымен қатты ұрып, жүгіріп екіншісінің арқасын тірек ретінде қолдана, секіріп, оның артындағы екеуін бірден бастарынан теуіп құлатты, ал бұның мойынынан қолымен соғып қалғанда талып түсті. Тағы біреуін кеудесінен тепті де, өзін ұрмақшы болған екіншісінің қолын шап берін ұстап қатты қайырып, жерге жатқызып тастады. Оның тек "А-а-а-а-а" деген ауырсынған дауысы естілді.
Енді тағы бір-екеуі мен басшысы ғана қалған екен, бұл екеуі келе жатқанда біреуін бетінен соғып құлатты, екінішісі қолындағы битасын көтергенде оны ұстап қалып, ішіне тізесімен соққы жасағанда, ол еңкейе кетті, сосын оны теуіп тізерлетті де, басынан екі қолымен ұстап, бұрағанда, мойыны қытырлады да талып қалды. Розанна жерде жатқан битаны қолына алды. Бір-екеуі қайтадан тұрып бара жатыр екен, бұлар бастарынан битамен соққы жеді. Әп-сәтте бәрі жан-жақта талып жатты, осы сәтте мүлгіген тыныштық орнады, бәрі шокта. Әлгілердің басшысы жалғыз қалыпты:
- С-СЕН... сен кімсің? - Бұл көріністен кейін қатты есеңгіреп қалған көрінеді.
Розэ енді соған сұсты көздерімен қарады да:
- Бары осы-ақ па? Мен бұдан көбін күтіп едім.
- С-сен, қазір күте тұр- қолына рациясын алып - Қалған адамдарға осында келсін де, ТЕЗ!
Розэ болса қолдарын беліне қойып, аспанға қарап, терең дем алды да, кішкентай шар сияқты затты қалтасынан алып шығып бұзақыға лезде лақтырық жібергенде, ол зат оның тұп-тура мойын тұсына тиді де токпен ұрып, оны бірден құлатып түсірді. Розэ артына бұрылып,  жігіттерге қараса олардың ауыздары ашылып кеткен, бәрі де өз көздеріне өздері сене алмай, бір орында қатып қалғанға ұқсайды. Розе терең тыныстап:
- Енді ешқайда бармай-ақ қойсаңдар болады. - деп сәл ғана жымиды.

Хюнин:
- НУНА - деп жүгіріп барып қызды қатты  құшақтап алды. - Нуна, мен сен үшін уайымдадым ғой, алайда сен олардың бәрін жайратып тастадың! - дауысынан қуаныш сезіледі. Розэ де оны құшақтап:
- Бәрі жақсы болады деп айттым ғой. - деді нәзік дауысымен.
- Мен саған сенгенмін!

Осы сәтте Соджун мырза және оның адамдары келіп жетті. Қарындасы мен клиенттердің қауіпсіздікте екенін байқаған оның көңілі орнына түскендей болды. Оған қоса жерде жан-жақта талып жатқан бұзақыларды көргенде бірден қарындасының жұмысы екенін түсінді. Розэ расымен де өз ісінің шебері, алайда ол тіпті әлемдегі ең мықты адам болса да, ағасы қарындасын уайымдамай қоя алмайды ғой!
Розэ Соджун мырзаға қарап:
- Мыналар басқа адамдарға белгі беріп үлгерді.
- Уайымдамаңыз, біздің адамдар оларды тұтқынға алды, сол себепті де олар осында келе алмады. - деп басқалардың көңілдеріне күдік ұялатпау үшін қарындасымен ресми түрде сөйлесті. - біз сіздерді үйлеріңізге жеткізуіміз керек, бәрлеріңіз менің артымнан еріңіздер...
- Осы сәтте жерде жатқан бұзақылардың бірі есін жиып, қолынан тапашасын алып, Чиминге көздейді. Мұны байқап қалған қыз бірден Чиминнің жанына жүгіріп барып, оны құшақтап алады, сол сәтте оқ Розаннаның арқа тұсына тиеді де, қыз есінен танып қалады...

13-бөлімнің соңы

13 страница16 августа 2022, 19:58