12 страница16 августа 2022, 19:31

Бұл ТҰЗАҚ!

12-бөлім

Осы сәтте олардың жандарына Юнги келді де, Розэге қарап:
- Розанна, сені 1-2 минутқа бола ма?! - деп өтініш білдірді.
- Болады, айта бер!
- Оңашада.
- Біз қазір онсыз да оңашадамыз, иә Хюнин?!
- Әлбетте - деп Хюнин қызды қолдай жөнелді. Розэнің оңаша сөйлескісі келмейтінін түсінген Юнги не де болса сұрақты тікесінен қоюды жөн көрді:
- Сенің маған деген қандай да бір өкпең бар ма?!
- Жоға, оны қайдан шығардың?
- Расымен бе?

- Расымен.
- Ал өткендегі Чонның сауықкешіндегі жағдай...
- А-а, сол жайт па?! Егер сенің қызыңның бар екені жайлы болса, онда уайымдамай-ақ қой, мен ештеңе көрген жоқпын, ешкімге де ештеңе айтқан жоқпын, айтпаймын да. Хюнин сен де ешкімге айтпа жарай ма?! - деді ештеңе болмағандай.
- Оки доки - деп Хюнин жауап берді. Юнги қыздан бұндай жауап күтпеген еді:
- Ол менің қызым емес - деді жігіт ақырын ғана.
- Түсінбедім, сен неге маған бұл жайлы айтып тұрсың?! Бұның маған мүлдем қатысы жоқ қой?! - деді қыз күлімдеп.
- А, солай екен ғой, онда сендерді мазаламайын. - деп жігіт кетіп қалды.

                                * * *

Розэнің қол сағатына орнатылған gps құралы арқылы Соджун мырза, Пак-тардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы маңайды назарына алып отыр, егер әлдебір жағдайлар орын алып жатса, дайын тұратыны анық.

- Айналада ешкім байқалынбай ма?
- Соджун мырза, әзірше айналада ешкім жоқ, бәрі тыныш.
- Спутник ақылы бақылау орнатыңдар.
- Жақсы мырза.

                                * * *

Бүгін ауа-райы керемет, аспан болса шайдай ашық, ақырын салқын самал соғуда. Бұл жақтың ауасы да қаладағыдай емес, сондай балғын. Жігіттер үстелді жасап, тамақтанып отырғандары қашан...
- Мыналар бағанадан бері не әңгімелесіп отыр? - Чимин Розэ мен Хюнин жаққа қарады. Тэхён сүйкімді түр жасап:

- Білмеймін, айдағы қояндардан сұрап көрейін бе?

- Саған қарсы жоспар ойластырып жатқан шығар?! - деп Чонгук досына қалжыңдай жөнелді. Чимин болса сәл күлімдеп:

- Қойшы, не ойластырар дейсің? Өздері де келе жатыр екен. - Хюнин мен Розэнің салдары суға кетіп қалғандарын көрген бұлар түсінбей, таңырқап қалғандай болды, себебі Хюнин расымен де Розэмен жақсы араласып кеткен еді.
- Мыналарға не болған?
- Режісіп қалған ба?
- Екеуінің де өңі нашар... - деп жігіттер сыбырласа бастады. Бұларды олар әңгімеге тартып көрмекші болып еді, ауыздарынан "өзімді назар сезініп тұрмын", "шаршап отырмын" дегеннен басқа сөз шығара алмады...
Күні бойы екеуі үнсіз ғана отырды.

                                * * *

Барлығы келген жолдарымен үлкен үйге қарай жол тарты. Розэнің таңданысына орай айналада күдікті ештеңе болмады. Жігіттер өзара бір-бірімен сөйлесіп келеді:
- Бүгін жақсы демалдық.
- Бұл жерді тағы да сағынатын болдым.
- Ұйқым келіп тұр.
Барлығы үйге жақындады. Осы сәтте Розэнің түйсігі бірдеңені сезгендей, "бұл жерде бірдеңе дұрыс емес, бірақ не?! ", қыз қадамын ақырындатты. Бәрінің алдында жүріп келе жатқан қыздың бұнысын бәрі байқап, олар да қадамдарын баяулатты, алайда ештеңе болмағандай әңгімелесіп келеді. Әр қадам сайын Розэнің күдігі расталып келе жатқандай... Кенет, үлкен ағаштардың артында қара киімді біреудің жасырынып тұрғанын байқады.

Pov Rose
Бұл ТҰЗАҚ! Олар ағаштардың артына жасырынған екен, ал бұл жерде қаншама ағаштар бар, демек дұшпанның жалпы саны қанша екені де белгісіз, тезірек бірдеңе ойлап табуым керек! Алдымен ағама хабарлайын. Сосын жігіттерді тоқтатуым керек.
Pov Rose end

Розанна смартфонын құлағына тақап, біреумен сөйлесіп, күліп келе жатқандай түр танытты, сосын құланындағы кішкентай құлаққап арқылы бірден Соджун мырзамен байланысқа шықты:
- Олар мында.
- Түсінікті, қазір жетеміз! - Розэ тұтқаны қойып, жігіттерге қарады да:
- Мен косметикалық сөмкемді ұмытып кеткен секілдімін, ал жол есімде жоқ, жалғыз баруға да қорқамын, өтінем маған көмектесіңдерші. - деді күлімсіреп.

Тэхён:
- Уайымдама, мен бәрін тексергенмін, онда ештеме болмады, жоғалтқан күннің өзінде, ол біреуіміздің сөмкемізде болуы керек.
- Хм - Розэ шашын ақырын жөндеді де - Ал сендер жай ғана кете алмайсыңдар ма?
- Не? - бәрі бірауыздан.
Кенет айналадан қара киінген он шақты адам пайда болды, қолдарында қарулары бар, оқиғаның бұлай өрбиді деп ешкім де ойламаған еді...

12-бөлімнің соңы

12 страница16 августа 2022, 19:31