...жауын жауатын секілді...
11-бөлім
Пактардың көлікке отырып, жүріп келе жатқандарына екі сағат болды. Қаладан шығып, Розэге мүлдем таныс емес жолмен келе жатыр... айналада тұрғын үйлер, ғимараттар көрінбейді, дек дала мен ағаштар... Көлікті Чимин жүргізіп келеді, ал Хюнин мен Розэ артында отыр, Хюнин Розэнің иығына басын қойып ұйықтап кетіпті... Бір кезде көлік тоқтады, Розэ терезден қараса, үлкен үйдің алдына келіп тоқтаған екен. Розэ Хюниннің иығынан ақырын түртіп оятты. Бәрі көліктен түсіп, заттарын алып жатыр. Розэнің байқағаны бойынша қақпаның ішінде тағы екі көлік бар екен, демек тағы біреулер келген болулары керек, мүмкін өткендегі Чиминнің достары болар?! Айнала тып-тыныш, тек салқын самал желдің әсерінен ағаштардың жапырақтарының бір-біріне соғылып жатқан дыбыстары мен сайраған құстардың дауысы ғана естіледі... Барлығы алыс жолдан шаршаған екен, ешкімнің де бір ауыз сөз сөйлейтіндей мұршалары жоқ.
Розэ жан-жақтың бәріне назарын салып, бір шолып шықты. Үшеуі де үйдің ішіне кірген сәтте:
- Я-я-я, бұлар келді - деп бар дауысымен айқайлап Тэхён жүгіріп келді де, Розэні көріп таңғалып қалғандай болды. Оның артынан Чонгук келіп:
- Ого, Розе бикеш те келген бе? - деп таңданысын білдірді.
- Сұрамаңдар, басқалары қайда? - деді Чимин бара жатып.
- Дайындалып жатыр.
- Қашан келіп үлгергенсіңдер?
- Жарты сағаттай болды.
* * *
Чиминнің өткендегі достарының барлығы келген екен. Барлығы сөмкелерін алып, үйден шығып, бір жақтарға қарай жүре бастады. Бес минуттай уақыт жүріп үлкен ағаш өсіп тұрған жерге келді, ағаштың көлеңкесінде ағаш беседканың ішінде үлкен ағаш үстел қойылған екен, ал айналасында ағаш орындықтар бар. Барлығы үстелдің маңайына жиналып, сөмкелерінен тамақ, сусындарды алып шығара бастады.
- Тек жігіттір баратын жерлерің осы болғаны ма?! - деп Розэ сәл жымиды.
- Көкке шығуға келген екенсіңдер ғой.
- Иә, онни, бұл жер керемет! Біз осында жиі келіп тұрамыз. - деп Хюнин барлығын түсіндіріп жатыр.
- Расымен де керемет екен, онда мен ана жақта боламын - деді Розэ жиырма шақты қадамдай жердегі ағашты нұсқап.
- Мен де сенімен барайыншы - деп Хюнин Розэге қарады. Розэ "Жақсы" дегендей басын сәл изеп, кете барды...
* * *
Розэ мен Хюниннің үлкен ағаштың көлеңкесіне отырып алып, алысқа қарап ойланып отырғандарына 10 минуттай болды. Розэнің ойында тек міндетін дұрыс атқару... ал оның міндеті бұл екеуін қорғау...
- Мына жерді тағы кім біледі? - деп бағанадан бері ойға шомып отырған Розэ әңгімені бастады.
- Тек біз ғана.
- Дәлірек?
- Мен, хён, әкем және мына достары, енді сен де білесің.
- Түсінікті... - Хюнин сәл ойланды да:
- Және білетін тағы бір адам бар. - деп қызға қарады.
- Кім?! - деп Розэ таңданысын білдірді.
- Хённың анасы... Алайда, қазір ол адам бұл әлемде жоқ. Естуім бойынша, Чимин хён мен оның анасы, және әкем үшеуі хённың кішкене кезінде осы жаққа жиі келіп тұратын көрінеді. Сол себепті бұл жер Чимин үшін киелі десем де болар. Осы жақты білетін жалғыз әйел адам - хённың анасы еді... Ал ол кісі бұл әлемнен өткен соң, хён бұл жаққа басқа әйел адамдардың келгенін қаламаған көрінеді... Сондықтан да, бұл жақ "тек ұлдар баратын жер" аталып кеткен болатын. - деп Хюнин барлығын түсіндіріп жатыр - Менің ойымша, бүгін хён осы себепті сенің осында келгеніңді қаламады, сондықтан да оған ренжімей-ақ қой, жарай ма нуна?
- А-а, солай де. - деді Розэ ақарын ғана. - Әрине, ренжімимін ғой. - Розанна қайтадан ойға шома бастады. Сәлден кейін Хюнин:
- Нуна, не ойлап отырсың? Бағанадан бері үндемейсің, сені мұндай салмақты деп ойламаппын. Бір жағдай болып қалды ма? Бүгін күні бойы біртүрлі болып жүрсің... - деп Хюнин бағандан бері ойына бүгіп отырған сауалдарды жайып салды.
- Бұлттар келе жатыр... жауын жауатын секілді... ал сол жауында мен сендердің қолшатырларың боламын...
- Не айтып кеттің?! Аспанда шөкімдей де бұлт жоқ қой! - Хюнин ойланып қалды.
- Мән бермей-ақ қой!
- Нуна, бұлттар деймісің... жаңағы сөздеріңді ауыспалы мағынада айттың ғой, солай ма? - Хюнин Розэнің көздеріна тура қарады.
- Ал сен ағаңа қарағанда ақылды екенсің...
- Сонда?
- Тыңда, бұны саған қалай түсіндірсем екен?!
- Қалай бар, солай айта бер, қайдағы бұлттар?
- Оны әлі өзім де білмеймін... бүгін келсе, көре жатармыз...
- Сен менен бір нәрсені жасырып отырсың!
- Хм... Мүмкін... Тек сақ бол жарай ма?!
- Нуна! - деп Хюнин Розэнің қолынан ақырын ғана ұстады, Розэ оның көздерінен әлдебір алаңдаушылық пен мұңды, қобалжуды көрді де, ол да Хюниннің қолдарын ұстап, ақырын ғана:
- Тек маған сен, жарай ма? Бәрі жақсы болады - Хюнин сәл ғана басын изеді.
Осы сәтте олардың жандарына Юнги келді...
11-бөлімнің соңы