10 страница15 августа 2022, 18:42

НЕГЕ?

10-бөлім

Pov Rose
Не... бұл... менің қаруым ғой... бұл Чиминде қайдан жүр?!
Pov Rose end

- Бұл сенікі ғой иә?! - деді Чимин қыздың көздеріне тіке қарап тұрып. Қыз сұраулы жүзімен:
- Бұл сенде қайдан жүр?! - деп ойындағы сауалды білдірді.
- Керісінше, бұл сенде қайдан жүр?!
- Саған бұны білудің керегі шамалы!
- Қателесесің, менің білгім келеді.
- Бұл саған қатысты емес Чимин! Сол себепті затымды қайтар.
- Ал егер мен атама айтсам ше?!
- Жоқ, айтпа!
- Онда маған шыныңды айт, сол кезде ойыншығыңды қайтарып аласың.
- Бұл... бұл затты маған ағам берген.
- Қалайша?! Сенің менен басқа ағаң бар ма?

- Сен менің ағам емессің!
- О-о, мінекей, мойындағаның дұрыс болды, әйтпесе "мен сенің жаңа қарындасыңмын" деген өтірікті қайта-қайта естуден құлағым шаршап кеткен еді. Сонымен сенің ағаң бар ма?! Егер ағаң бар болса, онда сені неге асырап алды? Өзің айтқандай сен біздің туғанымыз да, туысымыз да емессің!
- Аз білсең, тыныш ұйықтайсың! - деді де қыз, жігіттің қолын қайырып тапаншаны тартып алды...

                                    *  *  *

Ертеңіне таңғы шуақ қыздың көзіне түсіп, еріксіз оятып жіберді...
Жуынатын бөлмеден шыққан соң, киімінін ауыстырып, тамақ ішуге барамақшы болғанда, кенет гаджетіне біреу хабарласты, бұл ағасы екен:

- Тыңдап тұрмын - деп қыз тұтқаны көтерді.
- Сенің тапсырмаң өзгерді, енді сенің міндетің тек Чимин мен Хюнинді қорғау.
- Не?! Қалайша?! Енді солардың жандарынан қалмай жүруім керек пе?!
- Иә, белгілі бір жағдайларға байланысты міндетің ауысты.
- Қандай жағдайларға байланысты?
- Пак төрағаның өтініші бойынша.
- А-а, ондай болса түсінікті.
- Оған қоса сен өткенде тапсырманы орындау барысында жарақат алыпсың ғой, Розэ-э, маған неге айтпағансың? - деп ағасы шамданды.  


- Себебі сенің осылай жасайтыныңды білген едім, сен үнемі осылай жасайсың. Оған қоса бұл үлкен жарақат емес қой, жай ғана сырып кетті.
- Аһа, жай ғана сырып кетті деші! Қолың қатты қанапты ғой!
- Жоға, қатты емес. Сен де бір! Уайымдама болды, оның үстіне Пактардың дәрігері келіп қарап кеткен, расымен де уайымдайтын ештеңе жоқ!
- Жақсы, жақсы, бұл жолы саған сенейін. Енді бүгінгі тапсырмаға көшсем, төрағаның немерелері бүгін қаланың сыртына бармақшы екен, біздің мамандардың айтуы бойынша, сол жақта оларға шабуыл жасалуы мүмкін, сен де олардың көздегендерінің бірісің. Сол себепті сақ бол!
- Түсінікті. - қыз тұтқаны қойып, бүгінгі тапсырмаға дайындала бастады...

                                    *  *  *

Біраздан соң қызметшінің есікті сәл тоқылдатып, есіктің сыртынан:
- Ханым, таңғы асыңызды ішіңіз. - деген дауысы естілді.
- Қазір барамын - Розанна астына түсті, барлығы үстел басына жиналып қалған екен, Розанна өзінің орнына барып отырды да, тамақ ішіп отырып, бір құлағымен Хюнин мен Чиминнің әңгімелерін тыңдап отырды, олар расымен де бір жерге бармақшы екен. Кенет Пак төраға:
- Бүгін Розаннаны да алып барыңдар, ол да демалып қайтсын - деп Чимин мен Хюнинге назарын аударды.
- Не?! НЕГЕ? - деп Чимин бірден наразылығын білдірді. Хюнин атасына қарап:

- Расымен де нунам бізбен бірге барса өте қызықты болар еді.
- Онда шешілді. - Пак төраға мен Пак мырза таңғы астырын ішіп болып, үстел басынан тұрып кетті. Чимин Хюнинге қарап:

- Сен не оның бізбен барғанын құптап отырсың ба?! Мен бе, ол ма? - Чиминнің бұл сөздеріне Хюнин кідірместен:

- Егер екеуіңнің біреуіңді таңдауым керек болса, менің таңдауым Розанна нунам - деп жауап берді.
- Ха, сене алар емеспін! Сен екеуің бірігіп алғансыңдар ма? - деп қызға қарады. Ал Розэ болса ештеме болмағандай алдында тұрған салатын жеп отырды. - Тыңдашы ол жерге тек ұлдар барады, түсінесің бе?!
- Онда тұрған не бар?! - деді Хюнин. Розэ оларға қарап:

- Тек ұлдар ғана баратын жер дейсің бе?! Ол жер қандай екен?! Маған расымен де қызық!

10-бөлімнің соңы

10 страница15 августа 2022, 18:42