Асығыс шешім қабылдама
9-бөлім
Ертеңінде кешегі жайтты талқылау үшін жігіттердің бәрі Тэхённың үйіне жиналды.
Тыныштық... Барлығы да қатты ойға шомып кеткен. Кеше болған жайттар бәрінің бастарына құдды бір жай түсіргендей болды. Бұл үнсіздікті Намджун бұзды:
- Сонымен, кеше не болды? Маған түсіндіретін біреу бар ма?
- Білмеймін, өзім де түсінбедім. - деді Джин.
- Бәрі қас пен көздің арасында болды, бірдеңені түсінетіндей хәлде болмадық. - деп Хосок та әңгімеге қосылды. Тэхён бұларға қарап:
- Егер кеше сол жерде Розэ болмағанда... - деп аздап күрсінді.
Оның сөздерін Чон жалғастырды:
- Ондай болса қазір Чиминнің жағдайы не болары бір Құдайға ғана мәлім болатын еді. - Хосок тағы да сөзге қосылып:
- Кеше бір есуас қыз келіп, Чиминге пышақ сұғып алмақшы болды ғой, түсінесің бе?! - деп таңданысын білдірді.
- Ал Розэ оны құтқарып қалды - деді Сокджин сабырлы түрмен. Бәрі осылайшы қосылып, Намджунға жағдайды түсіндіріп жатыр.
- Ал керек болса! - деп Намджун да таңданысын білдірді. - Мен бір күн жандарыңда болмай қалып едім, бастарыңнан осыншама жағдай өткен екен ғой!
Бағанадан ойланып отырған Чимин әңгімеге қосылды:
- Оны қоя тұрыңдаршы, менің сендерге айтарым бар - деді сабырлы түрмен - Розанна ханым жай адам емес сияқты, оған қатысты күдіктерім бар.
- Неге олай ойлайсың? - деп Юнги тіл қатты.
- Себебі мынада - деп Чимин кішкентай тапаншаны алып шықты. Бұны көрген жігіттер таңданып:
- Бұл не?!
- Чимин бұны қайдан алдың?
- Бұл шынайы тапанша ма?! - деп сұрай бастады.
- Иә, бұл шынайы тапанша - деді Чимин - және мен бұны кеше Розанна ханымның бөлмесінен тауып алдым!
- Ал сен оның бөлмесінде не істеп жүрсің? - деп Юнги таңданысын білдірді.
- Бұл маңызды емес, маңыздысы міне мына зат - деп қолындағы суық қаруды нұсқады. - Ол қызға бұл заттың не керегі бар деп ойлайсыңдар?! Мен де білмеймін! Алайда, ол қыздың бір жасырғаны бар екені анық!
- Сен олай асығыс шешім қабылдама Чимин. - деді Юнги сабырлы түрмен - Кеше ғана сол Розанна ханымыңның сенің өміріңді құтқарып қалғаны есіңнен шығып кетпесін!
- Юнги, бұл қару деймін! ҚА-РУ... бұнымен адам жанын қиюға болатынын түсінетін шығарсың?!
- Содан?!
- Содан дегенің қалай?! Ол ойда жоқта пайда болған жан... Қайдан білейін, бәлкім ол киллер шығар?!
- Бәлкім сен жай ғана оның саған көмектескеніне көндіге алмай жүрген боларсың?!
- Юнги, асыра сілтеме!
- Чимин, басыңмен ойланшы... Жарайды, онда қару бар делік. Бәлкім ол қыз бұл қаруды қорғану үшін алып жүрген шығар деген ой сенің миыңа кіріп те шықпады ма? - деді Юнги суық жүзімен - Иа, Розэ расымен де жай адам емес, аяқ астынан пайда болғаны да рас. Ол расымен де жай ғана асыранды ма, әлде сенің туған қарындасың ба?!
- Бұнымен не дегің келіп тұр? - деді Чимин қабақшытып.
- Қайдан білейін?! Бәлкім атаң компанияны сендей есерсоқтың қолына бергісі келмей, басқа мұрагерлерін іздестірген де болар, кім білсін?!
- Сен өзі не деп тұрсың?! - деп Чимин досының жағасына жармаса кетті. Ал басқалары бұларды барынша ажыратуға тырыса жөнелді:
- Қойыңдар болды.
- Чимин, Чимин, тыныштал!
- Сендерге не болған?!
Осы сәтте екеуінің ортасына Чонгук тұрып алып:
- ЕКЕУІҢ ДЕ ТЫНЫШТАЛЫҢДАР! Иа, тым көп экшн болып кетті, шыны керек! Бәріміз де осы жайттардан қатты әсер алып қалғанбыз ғой, сондықтан эмоцияға берілмейік, алыспай-жұлыспай, тыныш қана әңгімелесейік жарай ма?! - расымен де Чонның сөзінің жаны бар, жігіттер тынышталғандай болды да, бәрі қайтадан өз орындарына жайғасты...
* * *
Кешке қызбен ашық сөйлесу үшін оны төменгі қабатта күтіп жүрген Чимин Розэ баспалдақпен түсіп бара жатқанда, оның қолынан ұстап, бассейннің жағасына ертіп әкелді.
Розанна болса жігітке сұраулы жүзімен қарауда, жігіт оған қарай бұрылып, қыздың көздеріне тура қарады да:
- Ең алдымен... Тағы да рахмет саған!
Екіншіден, маған шындық керек. - деді сабырлы түрмен.
- Қандай шындық?! - Розэ әлі де ештеңені түсінбей тұрғандай.
- Шынайы шындық. Сенің жасырған сырыңның көп екені айтпаса да белгілі.
- Жарайды, солай делік. Сосын?
- Сосын дегенің қалай?
- Чимин, сен нақты нені білгің келеді?! Турасын айтшы.
- Сені неге асырап алды? Неге дәл қазір? Неге атам мен әкем бізге бір ауыз айтпай, ақылдаспай, осындай маңызды шешімді қабылдады? - деп Чимин ойындағы сұрақтарын жайып салды.
- Бәрі сендердің қамдарың үшін.
- Сендер үшін дегенің қалай?
- Чимин, бұны кейін түсіне жатарсың, жарай ма?!
- Саған тағы сұрағым бар!
- Тыңдап тұрмын...
- Сосын тағы...
- Не сосын?!
- Сосын... сен... сен менің туған қарындасымсың ба, әлде...
- Жоқ! - деді Розэ бірден - мен өзің өткенде айтқандай жай ғана асыранды баламын, айтқың келгені сол ма?! - деді Розэ ызаланып. Чимин болса неге екені белгісіз, қыздың жауабынан соң бір жеңілдікті сезінгендей болды.
- Шынымды айтсам, менің жұмыстарым бар, кетуім керек. - деп Розанна бұрылып кетіп бара жатқанда, Чимин шап беріп қыздың нәзік қолдарынан ұстады да, ақырын ғана тапаншаны көрсетті, бұны көрген Розэ қатты таңырқап қалған...
9-бөлімнің соңы