8 страница15 августа 2022, 18:21

Қаттырақ құшақта

8-бөлім

Бұл мезетте бұлар тұрған жерге Юнги де келіп жетті, алайда бұлардың құшақтасып тұрғандарын көріп сәл кідіріп қалды... Ал басқа адамның келгенін сезген бұл екеуі бір-бірінен алыстады да, әлгі адамға қараса бұл Юнги екен.
- Розэ, сені 1-2 минутқа бола ма?! - деді Юнги сабырлы түрмен.

Розаннаның болса жігітпен сөйлесуге мүлдеп зауқы болмады, бұны бірден түсінген Чимин қызға қарап:
- Шаршаған боларсың, үйге қайтайық па?! - деп жылы шырай танытты. Розэ болса Юнгиге бір қарады да, Чиминге кеттік дегендей ым білдірді. Осыны күткен Чимин де қыздың қолынан ұстап, сыртқа қарай ертіп, алып кетті... 

                               *  *  *

Мотобайктардың жанына жеткенге дейін бұл екеуінің әрқайсысы өз ойларында, өз әлемдерінде жүргендей сезімде болды... Чимин болса әлі де қыздың қолын жібермеген екен, өздері келген байктарға бір қарады да, қызға қарап:
- Қолың ауырып тұр ғой, менің артыма отыр, ал сенің байкіңді біздің адамдар келіп алып кетеді - деді ақырын ғана. Қыз келіскендей басын изеді. Екеуі бастарана шлемдерін киіп, байкқа отырды. Чимин тағы да қызға қарап:
- Мені қаттырақ құшақтап ал, мен тез жүремін - деп айтты.
- Менен тез емес! Бағана қалай келгеніміз есіңде болар?! - деді қыз күлімдеп.
- А-а, иә-иә... - деп жігіт күліп жіберді - Мен жай ол кезде бар жылдамдығыммен жүрмеген болатынмын!
- А-а, солай ма?!
- Әрине, енді сен қалай ойлап едің!
- Жарайды онда, саған сенейін - деп қыз сәл жымиды да, жігітті артынан қатты құшақтап алды. Осы сәтті күткен Чимин де байкты оталдырып, жолға шықты...

                               *  *  *

- Үйге келдік, Розэ, түсе берсең болады! - деді Пак жекежайының алдына келіп тоқтаған Чимин. Қыз үндемеді... Жігіт шлемін шешіп, артына ақырын қараса қыз ұйықтап қалғанға ұқсайды, Розаннаның шлемін ақырын ғана шешіп алса, расымен де ұйықтап кеткен екен.
Чимин сол маңайда жүрген қызметшілердің бірін қолын бұлғап шақырды да, соның көмегімен байктан түсіп, Розэні қолдарына көтеріп алды, ал байкты орнына қоюды қызметшіге тапсырды.
Чимин Розаннаны 2-ші қабаттағы бөлмесіне дейін көтеріп апарып, төсегіне ақарын ғана жатқызды.
Жерге ақарын отырды да, ұйықтап жатқан қыздың әдемі түріне қарап, ойланып кетті.

Pov Jimin
Бұл қыз сондай жеңіл, сондай нәзік... соған қарамастан, оның бойында бұндай күш, ерік-жігер қайдан жатыр?! Бүгін ол тіпті менің өмірімді құтқарып қалды, құдды бір менің қорғаушы періштемдей...
...Иә-ә, мойындауым керек! Розанна Пак сіз оған қоса сондай көріктісіз! Әсіресе теңіздей мөлдір көздеріңіз...
Мен өзі не ойлап кеттім! Жарайды, мына жерден тезірек кетейін.
Pov Jimin end

Чимин қыздың үстіне көрпесін ақырын ғана жауып, жастығының ыңғайлы тұрғанын тексермекші болады. Кенет, қыздың жастығының астында бір нәрсе жатқандай сезілді, қолына алып қараса, бұл тапанша екен... Жігіт бір орында қатып қалды, тіпті не ойларын білмей, біресе қолындағы суық қаруға, біресе тәтті ұйқыда жатқан қызға кезек-кезек қарады...

8-бөлімнің соңы

8 страница15 августа 2022, 18:21