Менің қорғаушы періштем
7-бөлім
...Розанна қайтадан Пактің жанына бармақшы болып, бұрылып кетіп бара жатыр еді, кенет терезеден Юнгидің бір қызбен сүйісіп тұрғанын байқаусызда көзі шалып қалды.
Бір сәтке Розанна өз көзіне өзі сенбей, дем ала алмай қалғандай болды... Алайда сәлден кейін есін тез жинап, "мен ол туралы басқаша ойда болған едім" деп ойлады да, дәл қазір бірінші орында Пактың қауіпсіздігі екені есіне түсіп, Чиминнің қасына бармақшы болады...
Розэ бұрылып кетіп бара жатқан кезде қызды Юнги байқап қалды, сөздің шыны керек, оны бұл жерден көрем деп мүлдем ойламаған еді...
Розэ Чиминді іздеп, оның достары отырған жаққа қарай бара жатыр еді, алайда мұндағы адамдардың көптігі сонша, олардың арасынан өту оңай емес, Розэ болса ақырындап әрең өттіп бара жатып, кенет бір қыздың қолынан пышақты байқап қалды. Бұл сауықкеште кім, не үшін мұндай суық қаруды өзімен бірге алып жүреді десеңші?! Шамасы, ағасы айтқан қауіп осы болса керек! Және де Розэнің байқағаны, ол қыз тура Чиминге қарай бағытталып, жылдам қадамдап барады. Бұны байқаған Розанна да өз қадамдарын жиілетті. Бар ойы Пактың қауіпсіздігі, оны қорғай алмаса не болмақ?! Әлгі қыз Чиминнің дәл артына келіп, пышақты білдіртпей сұғып алмақшы болып, ұмтылды... Осы уақытта еш уайымсыз тұрған Чимин болса, бүйіріне бір үшкір заттың тигенін бірден сезді.
Жалт етіп, артына қараса, бір белгісіз қыз Чиминге қарай пышақ тақап тұр екен, алайда, оның жігітке бағыттаған пышағын Розэ өз қолымен ұстап алып, жігітке кіріп кетуіне жол бермепті, қолы қанап бара жатса да, суық қаруды жібермей тұр. Чимин бұл көріністен шокта болда. Бұны басқа жігіттер де байқап, нақтылап көру үшін орындарынан бірден тұра кетті. Осы сәтте әлгі қыз істің насырға шапқанын байқап, пышақты лезде жібере салды, қанға малынған суық қару жерге тарс етіп құлап түсті. Сол мезетте әлгі қыз бірден тайып тұрмақшы болып, артқа бұрылғанда, Розэ де жай тұра ма?! Оның шашынан екінші қолымен шап беріп ұстап, бар күшімен бірден дәл жанындағы бассейнге қарай итеріп жіберді, әлгі қыз болса суға шалп етіп құлап түсті. Осы сәтте бағанадан бері тоқтаусыз ойнап тұрған музыка да ойнауын доғарып, бір сәтке мүлгіген тыныштық орнады да, барлығының назары бұларға қарай ауды... Әлгі қызды қайдан екені белгісіз, осы араға дереу келіп жеткен, костюм киген жігіттер судан шығарып, басқа жаққа алып кетті, бұл Ю мырзаның адамдары еді, W7 оларды анық таниды. Бағанадан бері шокта болған Чимин енді оянғандай болып, бірден Розэні өзіне қаратты да, қыздың көздеріне қарап тұрып:
- РОЗЭ! РОЗЭ! Қалайсың?! Бәрі жақсы ма?! Сенің қолың... - деп қыздың қанаған қолын ақырын ғана ұстады. Розанна бірден қолын тартып алды да:
- Бәрі жақсы - деді жерге қарап.
- Бұл не істегенің?! Қолыңды қанаттың ғой! Қарашы қан тоқтамай ағып жатыр! - деп жігіт ұрыса жөнелді. Жігіттің көздерінен оның Розэні қатты уайымдап тұрғанын анық түсінуге болар еді. Бұны, және айналадағы адамдардың барлығының назары өздеріне ауғанын байқаған Розанна оны сабырға шақырмақшы болып:
- Чимин, бәрі жақсы дедім ғой! - деп ақырын ғана үн қатты және "Бұл жерден тез кету керек" - деп ойлады қыз іштей.
- Несі жақсы, ештеңе де жақсы емес! Қолыңа қарашы! - Осы сәтте қыз қанап тұрған қолын артына жасырды да:
- Жай ғана кішкентай жарақат, назар аударма! - деп аздап күлімдеді де, оқиға болған жерден бірден кетіп қалды...
* * *
Розанна қол жуатын бөлмеде жарақатын таңып тұр еді, жанына Чимин келді. Қыздың мөлдір көздеріне біраз қарады да, қолын таңуға көмектесті. Аздаған үнсіздіктен кейін Чимин бірінші болып сөз бастады:
- Неге бұлай жасадың? - деді ақырын ғана.
- Білмеймін, жай ғана... рефлекс - деп қыз жауап қатты.
- Қатты ауырып тұр ма?!
- Жоға - деді қыз күлімдеп.
- Өтінемін, шыныңды айтшы... -
Розанна жігіттің көздеріне қарады да:
- Иә, қатты ауырып тұр - деді ақырын ғана. Осы сәтте Чимин қызға қаттырақ жақындады да, оны ақырын ғана құшақтап алды. Басқасы басқа, алайда Чиминді дәл бұлай жасайды деп Розанна мүлдем ойламаса керек-ті, сол себепті ме, қыздың жүрегі тезірек соға бастады.
- Рахмет - деді Чимин қызды құшақтап тұрып - бұл жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын.
Қыз үндемеді, алайда іштей Чиминді құтқара алғанына өте қуанышты еді, ал егер ол бір минутқа кешігіп қалса не болмақ еді?! Бұл мезетте бұлар тұрған жерге Юнги де келіп жетті, алайда бұлардың құшақтасып тұрғандарын көріп сәл кідіріп қалды...
7-бөлімнің соңы