6 страница15 августа 2022, 18:21

Шұғыл тапсырма!

6-бөлім

Чимин неге екені белгісіз, әдеттегіден ерте оянып алды, "бәлкім қарным ашып қалған болар" - деп тұрып, таңғы асын ішпекші болып, баспалдақтан түсіп бара жатыр еді, кенет өзара әңгімелесіп, үйге кіріп келе жатқан досы мен жаңа қарындасына көзі түсті.
- А-а, айтпақшы, менің Австралияда тұратын достарым бар.
- Рас па?! Я-я, Юнги, бағана неге айтпадың? Олар қай қаладан?
- Кешірші, мүлдем есімнен шығып кетіпті - деді Юнги күлімдеп, досының бұлай ашық жарқын сөйлесе бермейтінін білетін Чимин сәл таңырқап қалды - Бір досымның аты Крис, корейше есімі Банчан, ал екінші досым Феликс, олар екеуі де Сиднейде тұрады.
- Уау - деп Розэ таңданысын білдірді, - бұл керемет қой!
- Иа, керемет! - деп бұларға баспалдақтан қарап тұрған Чимин де сөзге қосылды - Қайырлы таң! - деді сарказммен. Бұны байқаған Розэ де:
- Бұл таң сені көргенге дейін қайырлы болып еді, бірақ әттең... - деп аздап басын шайқады. Юнги болса қыздың бұл сөздеріне сәл күліп жіберді де, аздап ызаланып қалған досына қарап:
- Ал сен не қылып ерте тұрып алғансың, бұл уақытта әдетте ұйқыда болушы едің ғой?!

                              *  *  *

Кеш... Күн ұясына енді-енді батып бара жатқан кез...
Бүгін Чимин күні бойы таңертең көрген жайтты ойлаумен болды.

Pov Jimin.
Сонда бұл не болды? Юнги қай уақыттан бері қыздарға қызығатын болған?! Оған қоса бұл қыз Розанна ма?! Бұл қалай болғаны? Ол қыздың соншама қандай ерекшелігі бар? Бәрі неге соны жақсы көріп қалған? Өзі қайдан ғана пайда болды? Түсінсем бұйырмасын! Түптің түбінде мен неге әлі ол қыз жайлы ойлап тұрмын?! Болды Чимин, ҰМЫТ!
Pov Jimin end.

Кенет Чимин телефон қоңырауын естіп қалды, бұл Чонгук екен, жігіт тұтқаны алды да:
- Тыңдап тұрмын, Чон... Бүгін бе?! Жақсы... Иа, бұл керемет ой... мен келемін... міндетті түрде...

                              *  *  *

Бұл уақытта Розэ өз бөлмесінде ноутбугі арқылы бейнебақылау камераларын қарап жатқан еді. Кенет ағасы қоңырау шалып қалды, қыз болса тұтқаны көтерді:
- Алло?
- Розэ, шұғыл тапсырма!
- Иа аға, құлағым сенде.
- Пак Чимин достарымен бір жаққа жиналуда, ал біздің мәліметтер бойынша оған бүгін қауіп төнуі мүмкін.
- Түсінікті, қазір жиналамын.
- Чимин қазір үйде ме?!
- Иа, әлі үйде, алайда расымен де бір жаққа жиналып жатыр - деді W7 бейнебақылау жүйесінен қарап.
- Ондай болса тездет, мен Пак төрағаға жағдайды түсіндірдім, ол қазір Чиминге хабарласып, сені өзімен бірге алып кетуді тапсыруы керек.
- Окей. - Розэ бейне-камералардан Чиминнің телефонмен сөйлесіп, жүзінің  бұзылып кеткенін де байқады.
- Оған қоса, біздің мәліметтер бойынша ол бүгін жеке көлікпен емес, байкпен бармақшы. Сол себепті, сенің байкыңды жекежайға жеткіздік, дәл қазір есік алдында тұр, байқадың ба?! - қыз камералардан қарап:
- Иа, байқадым, менің қара байкым, шлем де байктың үстінде екен.
- Бүгін сонымен бару керексің, тек абай бол жарай ма?!
- Оппа, уайымдама, бәрі оки доки болады.
- Эхх - деп Ю мырза сәл күрсінді де - жақсы, бары осы, байланыста бол! - деп тұтқаны қойды...

                              *  *  *

Розэ жиналып, жекежайдан шығып бара жатқанда Чиминнің өзін тосып тұрғанын байқады. Көңіл-күйі түсіп кеткен екен. Қыз Чиминнің жанына келді де:
- Мені тостың ба?! - деп ақырын ғана үн қатты. Чимин сәл басын изеді де қыздың жанарына тура қарап тұрып:
- Розэ, саған атамның айтқанын білемін, алайда сен онда баруға міндетті емессің, егер қаламасаң... - дей беріп еді, қыз оның сөзін бөліп жіберді де:
- Чимин, мен сенімен бірге барамын - деді сабырлы түрмен.
- Алайда, ол жақ саған ұнамайды!
- Чимин!
- Ол жақта көп қыздар болады, сен онда өзіңді жайсыз сезінуің мүмкін, түсінші - деді жігіт ақырын ғана, W7 Чиминнің бұл сөздерінен Пактың өз басын емес, Розэнің қамын ойлап тұрғанын түсінді, түсінді де сәл жымиып:
- Бәрі жақсы, атам айтқан соң бару керек екенімді білесің - деді Розанна жігітке қарап.
- Сенімдісің бе?!
- Иә - деп қыз нық жауап берді.
- Жақсы онда, мен саған ескерттім... Айтпақшы, онда көлікпен емес, байкпен барамын, арқа отырасың ба?! - Розэ сәл ойланып қалды, Чимин бұндай ұсыныс жасайды деп әсте ойламаған еді, алайда жоспардан тайқымауы керек.
- Ұсынысыңа рахмет - деді нәзік дауысымен, алайда мен өзімнің байкыммен барамын.
- Я-я, сен не байк жүргізе аласың ба? - деді жігіт таңданып.
- Әлбетте...

                               *  *  *

Розэ мен Чимин межеленген жерге жетіп, мотобайктарынан түсіп бара жатқанда, алдарынан Чон шықты:
- Ого, Чимин, қалайсың?!
- Көріп тұрғаныңдай - деді жігіт күлімдеп.
- Сен жалғыз келмеймін дегенге Хюнинмен бірге келе ме десем?! - деп Розэні көрген Чонгук таңданысын білдірді.
- Біз әлі ресми түрде таныс емеспіз ғой иа?! - деп жігіт Розэге қарады да - Қайырлы кеш, мен Чон Чонгук боламын. - деп қолын ұсынды.

- Розанна Пак - деп қыз Чонның қолын алды.
- Қолыңыз қандай нәзік еді?!
- Білемін - деді қыз ақырын ғана.
- Сонда осы қолдарыңызбен Чиминді соққыға жықтыңыз ба?! Я-я, мен тіпті сене алмай тұрмын - деп Чон сәтті жібермей, досын мазақтап қалғысы келіп еді, Розэ де бірден:
- Мен бұл қолдарыммен сізді де соққыға жыға аламын! - деп сәл жымиды. Чонның сөздеріне аздап ашулана бастаған Чимин, Розэнің бұл жауабына сәл таңғалып қалған еді, сонда қыз бұл сөздерімен оны қорғап тұр ма, әлде?!
- Болды-болды, қойдым - деп Чонгук аздап күлімдеді.
- Бүгінгі кешті менсіз бастап кеткенсіңдер ме?! - деп бағанадан бері үнсіз тұрған Чимин сөзге қосылды.
- Жоға, ол не дегенің?! - деді Чонгук, - Сен болмасаң біз қалай бастаймыз?! Жүріңдер, қош келдіңдер...
Бұл сірә, Чонның жекежайы болса керек, сауықкешке жиналған адам аз емес...

Пак шын айтқан екен, бұнда расымен де қыздар көп... Чимин ішке кірісімен бірден бірнеше қыз жігіттің мойнына асыла кетті. Розэнің бір байқағаны Чиминнің өткендегі достарының барлығы дерлік осында, тек Юнги және Намджун көрінбейді. Чимин өзінің қыздарымен әуре болып тұрғанда, Розэ жан-жағын ақырын бақылау ниетімен, айналаны бір шолып қайтпақшы болады. Әзірше күдікті ештеңе көрінбейді, алайда бәрібір де сақ болу керек, мұншама адамның қайсысының қауіп төндіруі мүмкін екенін кім білсін?! W7 бірден ағасына қоңырау шалып, жағдайды мәлімдеді:
- Әзірше бәрі тыныш, тек мұнда адам көп... Жақсы... түсіндім... - Ю мырза W7-ге Чиминнің қасында болуды тапсырды, сол үшін Розанна қайтадан Пактің жанына бармақшы болып, бұрылып кетіп бара жатыр еді, кенет терезеден Юнгидің бір қызбен сүйісіп тұрғанын байқаусызда көзі шалып қалды...

6-бөлімнің соңы

6 страница15 августа 2022, 18:21