...кофе ішуге қалай қарайсың?
5-бөлім
Ертеңгі күні... Таңертең...
Розэ әдеттегідей ерте тұрып, таңғы серуенге шықпақшы болады. Бөлмесінен шығып, төменгі қабатқа түссе, қонақ бөлмедегі үлкен қара диванда Юнги кофе ішіп отыр екен.
Розэ жігітті көргеніне таңғалғаныменде, оның көзіне көрінбей, серуенге кетіп қалмақшы болады, алайда кенет артынан:
- Розанна! - деген дауысты естіді. Розэ бір орнында қатып қалды, "осы бір жігіт қана мені көріп қоя беретін болды ғой!" - деп ойлады іштей. Ақырын ғана артына бұрылып қараса, жігіт дәл қасында тұр. Бұл қай уақытта қыздың жанына білдіртпей жетіп үлгерді екен?!
- Есімің Розанна ғой иа?! - Розэ ақырын ғана басын изеді. - Ал мен Юнги боламын, Мин Юнги. - деді сәл жымиып.
- Білемін. - деді Розанна нәзік дауысымен.
- Солай ма?! - деп жігіт аздап таңданысын білдірді. - Розанна бикеш, менімен кофе ішуге қалай қарайсың?
- Кешіріңіз, менің жұмыстарым бар еді. - Юнги қыздың жанарынан көзін алмай:
- Өтінемін, қолымды қайтармашы. Мен кез-келген жанға кофе ұсына бермеймін. Өтінемін... - деді ақырын ғана. Шамасы, Юнги өз дегенінде соңына дейін тұратын жанға ұқсайды, Розэнің келіспеске амалы болмады...
* * *
- Сіз кофе ұсынғанда, өзіңіз дайындап береді деп ойламаған едім - деді қыз сәл жымиып. Бұны байқаған Юнги іштей қуанып қалды да:
- Маған "сіз" деп емес, "сен" дей бер, жарай ма?!
- Жарайды. - деді Розэ кофесін сәл ұрттап.
- Қалай екен?!
- Кофе? Керемет!
- Саған ұнағанына қуаныштымын. - Бұған дейін бұл жігіт Розэге суыққанды, қатал болып көрінген еді, ал дәл қазір оны басқа бір адамға ауыстырып қойғандай, құдды бір алдында басқа бір Юнги тұрғандай сезімде болды...
- Сонымен - деді жігіт, - өзің жайлы айта отыр.
- Ммм, білмеймін... бұл тақырып қызық емес сияқты... - деді қыз сәл жымиып.
- Неге?! Мен үшін бәрі қызық, егер сен жайлы болса... - деді жігіт байыпты түрмен. Розэ болса сәл ыңғайсызданып қалды. - Сонымен, Розанна, сен Австралияданмын дедің иа? Қай қаласынан боласың?!
- Мельбурннан. - деді сәл күрсініп.
- Оу, Мельбурн, керемет! Меніңше, сен сол жақты сағынған сияқтысың ғой! - Розэнің таңданысына орай жігіт дәл тапты!
- Қайдан білдің?! - қыздың бұл сұрағына жігіт сәл күлімдеді де:
- Бұл сенің жүзіңде жазулы тұр ғой. - деп жауап қатты. Сәл тыныштықтан кейін:
- Білесің бе?! - деді Юнги ақырын ғана - Мен сенің сезімдеріңді түсінемін... Бұл сағыныш сезімін айтамын... кей-кейде бәрін тастап, алды-артыңа қарамай, сол жаққа, жүрегің айтқан жаққа қарай кетіп қалғың келеді, алайда... кей жайттар, кей жағдайлар қолыңа байлау болады... - Юнгидің сөзінің жаны бар, Розэ расымен де кейде бәрін тастап қайтадан Мельбурнға кеткісі-ақ келеді, бірақ әттең...
- Мен де... - деді жігіт сөзін жалғастырып - мен де кей-кейде туған қаламды сағынып тұрамын...
- Тэгуды ма?! - деді Розэ жігіттен көзін алмай. Юнги таңғалып қалды, бұл қыз бұны қайдан біліп қойды екен?!
- Иә, ал сен оны қайдан білесің - деді қызға жақындап. Розэ болса аздап өзінің әртістігін қосып:
- А-а, расымен де Тэгу ма?! Мен жай басыма бірінші келген қаланың атын айта салған едім. - деп аздап күлімсіреді. Юнги болса әлі де таңғалып тұр, алайда қыз өтірік айтып тұрғанға ұқсамайды.
- Олай болса, интуицияң жақсы дамыған екен.
- Иа, ондайым бар...
- Айтпақшы, сен бағана жұмыстарым бар деп едің ғой.
- Жай, серуендегім келген еді.
- Сол үшін таң атпай тұрдың ба?! - деп жігіт сәл күлімдеді де, - сенімен бірге таңғы серуенге барсам бола ма?
* * *
Чимин неге екені белгісіз, әдеттегіден ерте оянып алды, "бәлкім қарным ашып қалған болар" - деп тұрып, таңғы асын ішпекші болып, баспалдақтан түсіп бара жатыр еді, кенет өзара әңгімелесіп, үйге кіріп келе жатқан досы мен жаңа қарындасына көзі түсті...
5-бөлімнің соңы