4 страница15 августа 2022, 18:21

Сәл ғана шыдай тұр!

4 - бөлім

Түске таман өзінің "жаңа қарындасының" белгісіз көліктен түсіп жатқанын қақпадан енді шығып бара жатқан Чимин байқап қалды. Қыздың есіктен кіруін күткен ол Розаннаның кешегі әрекеті үшін кек алмақшы болып, есікке жақындай бергенінде дәл алдынан шыға қалып еді, екеуінің көзқарастары түйісті де, арада аздаған тыныштық орнады...

Чимин қыздың қаншалықты сұлу екенін енді байқағандай, Розэден көзін ала алмады... бір сәтке қыздың теңіздей мөлдір жанарына батып кеткендей болды, ал ақырын соққан самал жел болса Розаның әдемі шаштарын жан-жаққа ақырын тербеуде...
Розанна болса алдынан пайда болған Чиминнің әркетінен кілт тоқтады, тек оның терең көздеріне, әдемі келбетіне назар аудара бастады...

Бұл екеуі үнсіз бір-бірін кітапша оқып жатқандай... Бір мезетте Розанна оянғандай болып, жан-жағына қарады, Чиминнің жол бермейтінін білгендей оны айналып өтпекші болды, алайда бұл кезде жігіт оның білегінен ұстап алып ақырын өзіне тартты:
- Қайда барасың? - деп қыздың көздерінен жанарын алмай ақырын ғана дауыспен тіл қатты.
- Менің жұмыстарым бар. - Розанна да ақырын жауап қайтарды.
- Жаңа бір көліктен түсіп бара жатқаныңды көрдім.
- Онда тұрған не бар?
- Қайда барып келдің?
- Саған бұны білудің маңызы жоқ.
- Ал маңызды десем ше? - Чимин сөздерін нақтылап айтты.
- Қолымды жібер! - Розанна оның көздеріне тура қарады, Чимин қыздың нәзік қолдырын ақырын ғана жіберді. - Не үшін маңызды бола қалады екен? Кеше ғана маған дауыс көтерген кім еді?!
- Енді басқаша қалай қабылдауым керек?! - Чимин дауысын ақырын көтерді.
- Сәл ғана шыдай тұр! - осы сөздерді айтты Розанна үйге қарай кетіп қалды.

Pov Jimin.
Не?! "Аз ғана шыдай тұр?!" дегені несі? Не үшін бұлай деді екен?! Қыздарды түсіну не үшін соншалықты қиын?! Неге шыдауым керек?! Мүлдем бұл қыз не үшін келді?! Түсінбеймін! Кеше менің басымды ауыртып қойғаны да бар, өзін соншама кім деп ойлайды екен?! Алайда... оның көздері... сондай мөлдір, жүзі де ерекше тартымды екен, бағана не үшін оны көргенде ойға батып кеттім?
Pov Jimin end.

                               *  *  *

Розанна күні бойы үйдегі бейне-камераларды тексеріп, қауіпсіздік жағдайларын қадағалап, базаға хабарлаумен болды. Ал Чиминді таңертең көргеннен кейін кездестірмеді, алайда оны жиі-жиі ойлап тұрды, Хюнин де көрінбейді. Ал Пак төраға мен Пак мырза күні бойы үйде болмады.

                               *  *  *

Кешкі алтылар шамасында Чимин үйге келді. Қонақ бөлмесіне барса, онда Розанна ноутбукпен жұмыс жасап отыр екен. Оған жақындап келе жатып:

- Сені таэквондомен айналысқан деп естідім. - Розанна ноутбуктың бетін жауып:
- Біле білсең, әлі күнге дейін айналысып келемін.

- Солай ма?! Онда бір-екі әдістеріңді көрсетіп жіберсең қайтеді? - осы кезде Чимин қыздың жанында тұрды. Розанна оған тура қарады да, сәл жымиып, сарказммен:
- Кешегі көрсеткен әдісім аз болып қалды ма?! - бұл сөздерден кейін Чимин еріксіз жымиды:
- Мен ол кезде дайын болмаған едім. - Розанна ортынан ақырын тұрып:
- Ал қазір дайынсыңба? - деді де көз ілестірмес жылдамдықпен жұдырығын түйіп, оң аяғын сәл ғана артқа жылжытып қойды да, сол аяғын түзу қалпында көтеріп, жігіттің басына жақындатты. Чимин қаншалықты тез болғанын мүлдем түсінбей қатып қалды, жүрегі жылдамырақ соға бастады, кейін Хюниннің бір-екі рет осылай жасағаны есіне түсіп кетті. Розанна аяғын ақырын түсірді де:
- Өзім де осылай ойлаған едім. - деп орнына отырды. Чимин қызға қарап:
- Сен кімсің? - деп көкейіндегі сұрағын қойды.
- Сенің қарындасыңмын, болды ма? - деп осында қалса жігіттің өзін жайына қалдырмасын түсінген Розэ, орнынан тұрды да, ноутбугын алып, бөлмесіне кетіп қалды.

                               *  *  *

Ертеңгі күні... Таңертең...
Розэ әдеттегідей ерте тұрып, таңғы серуенге шықпақшы болады. Бөлмесінен шығып, төменгі қабатқа түссе, қонақ бөлмедегі үлкен қара диванда Юнги кофе ішіп отыр екен... Розэ жігітті көргеніне таңғалғаныменде, оның көзіне көрінбей, серуенге кетіп қалмақшы болады, алайда кенет артынан:
- Розанна! - деген дауысты естіді.

4-бөлімнің соңы

4 страница15 августа 2022, 18:21