3 страница15 августа 2022, 18:20

Көңіліңді түсірме

3-бөлім

- Менімен енді осылай сөйлесетін болсаң, менен жақсылық күтпе! Кім болсаң да, аямаймын! - деп Розе жылдам әрі нық қадамдап, бөлмесіне кетіп қалды... Ешкім ештеңе деп айтып та үлгермеді, тек Хюнин қыздың артынан еріп кетті.

                               *  *  *

Розэ бөлмесінің есігін жапқалы жатқан кезде біреу есікті ұстай қалды, бұл Хюнин екен:
- Кірсем бола ма? - деп сәл жымиды.
- Кешір, қазір көңіл-күйім жоқ.
- Өтінемін нуна - деп Хюнин қызға қиыла қарады. Розэнің келіспестен басқа амалы болмады. Басын изеп, "кіре бер" дегендей ым білдірді. - Бөлмеңіз керемет екен! Тіпті көрпе-жастықтың түсі де күлгін.  Сізге сен деп айта берсем бола ма?
- Ех, қалауың білсін!

- Я-я-я, нуна, көңіліңді түсірме, жарай ма? Чимин хён өзі сондай жан, мені де бала кезімде талай ренжіткені бар, сосын мен таэквондаға жазылдым, біраз жетістіктерге де жеттім, сосын маған Чимин саусағының ұшын да тигізе алмайтын болды! - деп бұрынғы кездерін есіне алғандай болып жымиды.
- Таэквондодан мықтысың ба?
- Әрине, қара белбеуім бар. Ал сен қандай да бір спорт түрімен айналысып па едің? Бағана қалай көз ілестірмес шапшаңдықпен Чиминді соққыға жықтың?
- Шынымды айтсам менің де таэквондодан қара белдігім бар.
- Не? Қойыңызшы?! Қалайша? Сен сондай нәзіксің ғой, әрі ап-арықсың. Қолдарыңа қарашы - деп нунасының қолын ұстады - Бұндай нәзік жанның қолынан таэкводо өнері келеді деп ойлаймын. - деп Хюнин таңданысын жасыра алмады.

- Балақай, сен не менің қабілетіме күмән келтіріп отырсың ба? Әлде менімен күш сынасып көргің келе ме? - деп екеуі күліп ойнап, қызу әңгімеге кірісті.
Хюнин Чимин секілді емес, сондай ақкөңіл әрі мейірімді жан екен. Розэ екеуі тез-ақ тіл табысып кетті. Жаңа бауырымен әңгімелесу барысында Розэ Чимин туралы және Пак әулеті жайлы біраз тың ақпараттармен таныс болды.

                               *  *  *

#Пак әулетінің үйінің қонақ бөлмесінде...

Тэхён:
- Бұл қыз жай қыз емес секілді, Чиминге қалайша бір мезетте соққы бергенін айтпайсыңдарма?!
Хосок:
- Мүмкін Чимин оның жүйкесіне қатты тиіп кеткен болар?! Не дегенмен де ол қыздың жүрегіне жақын тиетін сөздер айтты емес пе? Чимин сенің басың қалай болды? - деп бағанадан бері басына мұз басып отырған досына назарын аударды.
- Ал сен қалай ойлайсың?! Басым әлі де ауырып тұр. Ащть, көгеріп қалатын сияқты.
Юнги:
- Айттым ғой саған доғар деп, сол кезде мені тыңдағаныңда қазір бұлай отырмас едің! - деп суық көзқараспен қарады.

- Ол қыздың қолынан бұндай әрекет келеді деген ой менің үш ұйықтасам түсіме кірмепті! Оны жай ғана аздап қорқытып қояйын деген едім.
- Аха, жай ғана қорқытуыңның нәтижесі міне, мынандай болды! - деп Юнги миығынан күлді. Чонгук:
- Хён, Чиминге ұрса бермеші, жағдайын көрмейсің бе, қыздан таяқ жеп отырған! - деп айтқаны сол еді, бәрі күле жөнелді.
- Я-я-я, Чонгук! Басым ауырғаны басылсын, сосын менен көресің! - деп Чимин Чонға жұдырығын көрсетіп қояды.

                               *  *  *

Ертеңінде Розэ таңғы уақытта тұрып, күн ұясынан шықпай тұрған кезде құпия базаға жол тартып еді. Пак әулетінің жекежайына жақын маңайдағы саябаққа жеткенде өзіне керекті номер жазылған қара түсті көлікке барып, отырды. Көлік орнынан қозғалды. Көлік ішінде ағасын көріп бірден құшақтады, Пак Соджун да қарындасын сағынып қалған көрінеді:

- Қалайсың? Сені ойлаймын деп түні бойы ұйықтамай шықтым! - деп қарындасының көздеріне қарады.
- Оппа, менде бәрі жақсы, уайымдама! - деп ағасының қолдарынан ұстады. Ол да сабырға келгендей болды. - тек Пак Чиминге бір рет сабақ беруіме тура келді, ал Хюнинмен жақсылап достасып алдық. - деп Розанна өзіне көңілі толып әңгімесін жалғастырып кетті.
- Өзіңді ұстап бермегінің дұрыс болады.
- Менің басты міндетім - бұлардың қауіпсіздігі емес пе?! Ал, бұл оңбағанның менімен ойнауына жол бере алмаймын! Оған қоса мен Хюнинге таэквондомен айналыстым деп айттым, Чиминмен тіресіп қалатын болсам, таэквондо тәсілдерін ғана қолданатын боламын. Олар менің әртүрлі ұрыс өнерлерін меңгергенімді қайдан білсін... - Розанна ағасына тоқтамай өз ұстанымдары мен ішкі ойларын айта берді.

                               *  *  *

Түске таман өзінің "жаңа қарындасының" белгісіз көліктен түсіп жатқанын қақпадан енді шығып бара жатқан Чимин байқап қалды...

3 - бөлімнің соңы

3 страница15 августа 2022, 18:20