Сен кімсің?!
2-бөлім
...Розэ қарап отырса бес жігіт екен, ішінен Чиминды тез-ақ танып үлгерді. Ал қалғандары Сынхо ағасы айтқан достары болса керек. Розанна деректерден олардың түрлерін есіне түсіре бастады, бұл жігіттер Чонгук, Тэхён, Хосок пен Юнги болды. Розанна бұл жағдайды оларды аз да болса жақсырақ біліп алудың таптырмас мүмкіндігі деп ойлады да, ештеңе деместен отыра берді, ол кәсіби тыңшы ғой, әрине кім оны байқайды дейсің?!
- Бассейнге түскілерің келе ме? - деп Чимин басқаларына назарын аударды.
- Жоға, кеш боп кетті ғой. Есесіне сумен ойнауға болады. - деп Чонгук бассейннің жанына отырып, жанындағы Чиминге су шаша бастады.
- Я-я-я, Чон, қазір көресің!
- Сен бірінші өзіңе қарап алшы! ХЕ-ХЕ!
- Сендер не менсіз бастап кеттіңдер ме? - деп оларға Хосок та қосыла кетті. Тэхён оларға қарап тұрды да, жандарына барып, ол да басқаларына қосылды:
- Қазір мен сендерді малмандай су қылатын боламын!
Тек Юнги ғана:
- Не бала болып кеттіңдер ме? - деп айналасына назарын аудара бастады, осы мезетте дәл жандарындағы орындықта көлеңкеден көрінбей отырған қызды байқап қалды, сосын бірден жанына барып отырды.
Розанна да осылай болатынын іштей сезіп еді, тек Юнгиді жанына келіп отырады деп әсте ойламаған. Юнги сол жерге барып отырғаннан кейін бейтаныс қызды бәрі де байқады. Юнги екі көзін жанындағы тартымды арудан алмай отыр. Чонгук Чиминге:
- Хён, сен не қыздарыңды үйіңе алып келетін болғансың ба не? - деп қызығушылығын білдірді.
Бәрі де тып-тыныш болып қалды да, назарларын Юнгидің жанындағы қызға аударды. Чимин:
- Мен оны танымаймын! - деп қысқа қайырды.
Юнги де осы жауапты күткендей қызға сұрағын қойды:
- Сен кімсің? Аты-жөнің?
- Есімім Розанна Пак болады. - деген нәзік дауыс естілді.
- Чимин ол да Пак екен - деді Тэхён. Чимин Розаннаның екінші жағына барып отырды да қыздың көзіне тіке қарап:
- Сіз бұнда қайдан жүрсіз? Біздің туысымызсыз ба? Сізді бұрын көрмеген секілдімін. - деп ойындағы сұрақтарын жайып салды.
- Ал сіз Пак Чимин боларсыз?
- Дәл өзімін!
- Олай болса, мен сіздің жаңа қарындасыңыз боламын! - деп тағы да баурап алардай нәзік дауысымен жауап қайтарды. Бұндай жауапты ешкім де күтпеса керек. Бәрі де шок болып қалды.
- Н-не? Қ-қарындасымсың ба? Қалайша? - Чиминнің ойында сан түрлі сұрақтар пайда болды...
* * *
Барлығы да кешкі асқа жиналды. Пак төраға мен Пак мырза, Чимин, оның достары, Чиминнің кішкентай інісі және Розанна барлығы ұзын үстелдің үстене жайғасқан... Бұл тыныштық деп аталады... Бәрі ойланып кеткен... Ал Чимин болса ішінде дүлей дауыл ойнап жатқан секілді сезімде отыр...
Осы арадағы үнсіздікті Пак төраға, яғни Чиминнің атасы бұзды:
- Осылайша Розанна енді біздің отбасымыздың бір бөлігі, Чимин сен оны ренжітуші болма жарай ма?! - Чимин үндемеді - Бір-бірлеріңе қамқор болыңдар. Ал Розанна сен қысылмай жүре бер, және де әсіресе Чиминге көз қырыңды сала жүр жарай ма?! - деп Розаннаға назарын аударды.
- Жақсы, түсіндім - Розэ басын сәл изеді. Сосын Чиминнің әкесі мен атасы үстел басынан тұрып кетті. Барлығының назары Чиминнің жаңа қарындасында. Розэнің жанында отырған Чиминнің інісі:
- Сіз маған нуна боласыз ба әлде мен сізге оппа боламын ба? Сіз неше жастасыз? 16 да ма? Бәлкім 17 болар? - деп бір көзін қысып қояды.
- Балақай, мен сенен бес жасқа үлкенмін! - деп миығынан күлді.
- Ого, сіз өте жас көрінесіз. Розанна нуна сіз өте әдемісіз! - деп жаңа інісі сүйкімді түр жасады.
- Сен де өте сүйкімдісің! - деп бетінен сәл шымшып алды. - Есімің кім болады?
- Есімім Хюнин, Розанна нуна сіздің есіміңіз ерекше екен.
- Иә, мен Австралияда туғанмын, бұл есімді маған сол жақта берген.
- Не? - деді Хюнин.
- Мені Розанна деп емес, Розэ деп атай берсең болады.
- Жақсы Розэ нуна! - деп қарап отыр.
- Шыныңды айт! Бұнда неге келдің?! - деп кенет Чимин дүрсе қоя берді.
- Мені сенің отбасың асырап алды.
- Мен саған шыныңды айт деймін.
- Сен білу керек шындық осы. - деп Розэ тағы да сабырлы түрмен жауап берді. Чимин үстелді жұдырығымен бір ұрып, ала көзімен Розэге қарады:
- Жалған сөйлеме! Сен кімсің?! Қайдан ғана келдің? Сенің жасыңдағы қызды ешкім де асырап алмайды, түріңнен де бала емес екенің көрініп тұр емес пе?! - бұған Розэ селк етпеді де, тіпті ештеме болмағандай құлпынай лимонадын ішіп отыр, бұл жолы тіпті Чиминнің сұрағына жауап та қайтармады.
- Чимин хён, қойсаңшы! - деп Хюнин ағасын сабырға шақырмақшы болды.
- Ал сен үндеме! Ешкім саған кезек берген жоқ!
- Не?
- Тіпті нуна-нуна деп еріп барасың ғой барған сайын, ол кім соншама?! Ол ешкім! - деп бар дауысымен айқай салды.
- Бұлай демей-ақ қоюың керек еді! - деп бағанадан бері сабырлылық танытқан қыз аздап қабақ шыта бастады. Бұны байқаған Чимин Розаннаға қарап:
- Не?! Шындық жүрегіңе батып бара ма? - деп ақырын қадамдап Розэнің артына келіп тұра қалды. - Қанекей, оппа деші! - деп ойнақшып, оның шамына тие бастады. Розэ үндемейін десе де, бұл бұзақы қояр емес, ағасының айтқаны айдай келді, Чимин расымен де қазір оны дұшпаны есебіне қойғанын Розанна сезді. Барлығы да бағанадан бері үндемей отырса да, Чиминнің шектен шыға бастағанын байқады. Юнги:
- Чимин, доғар, болды.
Хосок:
- Шектен шығып барасың, Чимин, бұл дұрыс емес!
Чимин:
- Жоға, барлығымыз да Розанна, а жоқ, Розэ қарындасыммен жақсылап танысып алайық! Кім екенін білейік!- деп дәл Розэнің жанына келіп оған еңкейе көздеріне тура қарап - Қане, оппа десеңші! - деп тағы да Розенің шамына тимекші болды. Сол сәтте Розе өте тез қимылдармен Чиминнің басынан шап беріп ұстап алып, үстелге "тарс" еткізіп бір ұрды да, лезде орындығынан тұрып кетті. Бәрі де бір секунд ішінде болды. Ешкім нәзік қыздың қолынан бұндай іс келеді деп әсте ойламаса керек-ті.
- Ащть! Я, сен қыз! - деп Чимин де не болғанын түсінбей, басын ұстай отыра кетті. Бәрінің де таңғалғандарынан ауыздарына құм құйылып қалғандай.
- Менімен енді осылай сөйлесетін болсаң, менен жақсылық күтпе! Кім болсаң да, аямаймын! - деп Розе жылдам әрі нық қадамдап, бөлмесіне кетіп қалды...
2-бөлімнің соңы