1 страница15 августа 2022, 18:20

Пак отбасының жаңа мүшесі

1 - бөлім

Үлкен кеңсе бөлмесі. Бұл кеңседегі биік терезелерден күн сәулесі жақсы түсіп тұр, ал егер онда жақындап қарасаңыз, Сеул қаласын алақандағыдай көруге болады. Терезе жанында басшының қара үстелі орналасқан, үстел үстінде күміс түстес ноутбук және әр түрлі папкаларға салынған құжаттар жатыр. Ал сол үстелге қарама қарсы кофе ішуге арналған шағын қара үстел бар, оның екі жағында ақ түсті жұмсақ дивандар орналасқан. Сол диванның бірінде классикалық түрде киінген жігіт, осы жердің басшысы Пак Соджун жайғасқан. Пак Соджун жас та болса, алғыр жігіт, өз білімі мен еңбегінің арқасында осы күнгі дәрежесіне дейін жетіп отыр. Ал оған қарама-қарсы отырған адам Соджунның клиенті - егде жасқа келген, ауқатты кісі - Пак төраға болады. Осы екеуінің бір жайтты талқылап отырғандарына біраз болды:

- Пак төраға біз тек осылай ғана сіздің отбасыңызды қорғай аламыз! Бізде басқа амал да жоқ, және де бұл сіз үшін де сіздің әулетіңіз үшін де ең дұрыс шешім болмақ.
- Сіз бұдан басқа амал қалмағанына сенімдісіз бе?
- Бағана атап өткенімдей, бұл жоспар жан-жақты тиянақты ойластырылып жасалынған, біз ең мықты деген мамандармен талдадық, олар бұны ең қауіпсіз жол деп отыр.
- Түсінікті Соджун мырза. Біз сізбен неше жылдан бері жұмыс істеп келеміз, ешқашан менің көңілімді қалдырған емессіз.
- Сонымен сіздің шешіміңіз қандай?
- Мен сізге толықтай сенемін, сол себепті де келісемін.
- Сіз дұрыс шешім қабылдадыңыз. - деді де Пак Соджун есімді жас басшы құлағындағы шағын құлаққапқа "осында келсін" деп хабарлады. Үлкен есік ашылып, одан жап-жас, әдемі қыз шықты.

Пак төраға мен Соджун сол қызға көңіл аударды да, бір-біріне қарады. Пак Соджун: 
- Таныс болыңыз, Розанна Пак - сіздің болашақ немереңіз, алдағы уақытта сіздің әулетіңіздің қауіпсіздігі тікелей Розаннаға байланысты болады.
- Мхм, түсінікті. Асырап алу мәселесін мен өзім шешемін. Жоспарды қай кезден бастасақ болады?
- Қазірден бастағаныңыз өзіңізге тиімді болар. Бұл Розаннаны сіздің ұлыңыз Пак мырзаның асырап алатыны жайлы құжаттар, барлығы да жасанды.
- Сіздер қашан үлгергенсіздер? Сіздердің шеберліктеріңізге тәнті болып тұрмын.
- Мырза, көп рахмет.
- Немеремді қай уақытта алып кетсем болады?
- Кез-келген уақытта.
- Онда мен шыға берейін, асырап алу жайлы мәселені реттеуім керек. Немеремді алып кетуге арнайы жүргізуші жіберемін.
- Сау болыңыз Пак төраға - деп Пак Соджун, иіліп сыйластық білдірді. Пак төраға да сәл иіліп:
- Сау болыңыздар. - деп шығып кетті. Пак Соджун Розаннаға көңілін аударды:
- Агент W7 тапмырманы орындауға дайынсыз ба? - Розанна байыпты қалыппен:
- Агент W7 тапсырманы орындауға дайын. - Пак Соджун Розэнің жанына келіп, оны құшағына қысты:
- Розэ абай бол қарындасым жарай ма? Тек абай болшы! - деп қарындасының жанарына үңілді.
- Оппа, бәрі жақсы болады, бұл менің орындағалы жатқан бірінші тапсырмам емес қой.
- Бұл тек екінші тапсырмаң!
- Оппа-а-а-а, сен бәрін жақсы түсінесің ғой, тәжірибе жинауым керек, оның үстіне бұл өткен тапсырмама қарағанда өте оңай болғалы тұр, м? - деп ағасына көзін қысып қояды.
- Оңай болғанымен де, әр тапсырманың өз қиындықтары бар, мүмкін болатын кедергінің бірі - Пак Чимин, ол Пак төрағаның немересі, Пак коорпорациясының мұрагері. Пак Чимин - нағыз плейбой, жаңа қарындасы болатыныңды білетін болса сені дұшпаны деп санауы әбден мүмкін, бетіңе күліп қарап, сыртыңнан қақпан құруы да ғажап емес, сондықтан сақ бол! Оған қоса Ким Тэхён, Чон Чонгук, Ким Сокджин, Мин Юнги, Ким Намджун, Чон Хосок есімді жақын достары бар, олар да Пак Чиминнің ар-жақ бер-жағы, үнемі солармен бірге жүреді, Чиминнің тағы бір бауыры бар, ол туралы көп деректер жоқ, тек таэквондо үйірмесіне қатысатыны ғана белгілі, саған керекті барлық ақпараттар мына кітапшада жазылған. Дұрыстап таныс. Түсінікті ме?
- Түсінікті, оппа. Бұны оқымай-ақ сен барлығын түсіндіріп бердің ғой. - қыз сәл күлімдеді де - Ал мен барайын, саған жиі келіп тұрамын, күнде хабарласып, жазатын боламын. - деп ағасын құшақтады. - жарайды, мен барайын, оппа.
- Мхм - Үлкен есіктер өздігінен ашылды, Розэ сыртқа шығып, көлікке отырды. Көлік орнынан қозғалды.
Пак Соджун Розэге сенгенімен де, туған қарындасы болғандықтан әрдайым алаңдап жүреді. Ал бірінші тапсырмасын орындауға аттанғанда мүлдем күні-түні Розэні ойлаумен өзін қоярға жер таба алмап еді. Құпия агент боламын дегенде де қарындасының бұл шешіміне түбегейлі қарсы болған болатын, алайда Розанна өзінің мақсатына қол жеткізбей тынбайтын жандардың қатарынан.

                                   *  *  *

#Пак_коорпорациясында

- Әке, бұлай жасай алмаймын. Сіз басқалардың бұл туралы не деп сөз қылатындарын тым болмаса ойлап көрдіңіз бе?
- Маған бұдан қарағанда сендердің қауіпсіздіктерің маңызды.
- Біз бала асырап алды деген сөздер барлық жаңалықтардан айтылады ғой!
- Біздің бұл мәселені талқылап отырғанымызға жарты сағат болды, сен не десең де менің райымнан қайтпайтынымды білесің.
- Сіз тым болмағанда Чиминді ойладыңыз ба? Немереңіз сіздің бұл әрекетіңізден кейін өзін қалай сезінеді десеңші?!
- Сен маған олай немерелерімді сылтауратпа, одан да олардың тәрбиесіне көбірек көңіл бөлгенің дұрыс болар еді! Чиминді бетімен жібергенсің! Енді маған келіп Чимин деуші болма! Егер тағы бір ауыз сөз айтатын болсаң барлық мұраларыңнан айырылатын боласыңдар! Айттым бітті! - деп Пак төраға қаталдығын білдірді.
- Бірақ, әке!
- Міне мына құжатқа қол қой, сонымен іс бітті! - Пак мырза амалсыз Розанна Пакты асырап алу құжаттарына қол қойды. Түрінен бұның оған ұнамай тұрғанын анық байқауға болады. Алайда амал қанша?! Қол қойылды! Іс бітті! Жалған құжаттар болса да, Розанна Пак енді ресми түрде Пак отбасының мүшесі атанды.

                                    *  *  *

#Пак_жекежайында

Розэ жол бойы ой үстінде болды...
Бір жағынан жаңа тапсырмасына кірісуге асық болғанымен де, бір жағынан беймәлім орта туралы ой мен белгісіздік Розаннаны уайымға салуда...
- Ханым біз жеттік - деді де жүргізуші көлікті ақырын тоқтатып, сыртқа шықты да, Розаннаға есікті ашып берді.
- Рахмет. - Жекежай дәл суреттегідей екен. Көптеген қызметшілер үлкен есіктердің алдында Розаннаны тосып тұрды, сірә Пак төраға бәріне ескертіп қойған секілді.
- Пак төраға біраздан соң келетінін хабарлады. - деді жүргізуші мырза. - Ал қазір үйге кіре берсеңіз болады. - Розанна үйге қарай жүре бастады. Артынан қызметшілер жүріп отырды, үйдің есігі автоматты түрде ашылды. Бір қызметші қыз Розэнің жанына келіп:
- Мен сізге бөлмеңізді көрсетемін, былай қарай жүріңіз. - деп жол бастады. Бөлмесі екінші қабатта орналасқан екен. Әйтеуір ұзын дәліздің бойымен түзу жүре берді де, бір есіктің алдына келіп тоқтады. Есікті ашып беріп:
- Розанна ханым, жаңа бөлмеңізге қош келдіңіз! - деп сәл изелді.
- Рахмет, бара берсеңіз болады. - деп Розэ сәл жымиды. Қызметші тағы да сәл изеліп кетіп қалды.

POV Rose
Осы бөлмеде уақытша тұратын болдым, кең әрі жарық екен. Төсекке барайыншы, бұл да жұп-жұмсақ, жастығымның астына сөмкемдегі кішкентай тапаншамды жасырып қояйын, ал қалған қарулармен заттарды жан-жақтарға тығу керек, оған қоса бұл үйдегі бейне бақылау жүйесіне қосылуым керек, ноутымды алып іске кірісейін.
POV Rose end

Біраз уақыттан кейін Розанна қонақ бөлмеге түсіп сондағы бейне бақылау жүйелеріне қосыла бастады. Біртіндеп бүкіл үйді аралап шықты, қай бөлме қай жерде, ол бөлмелерде не бар барлығын шамалап жаттап алды. Не дегенмен де бұл үй енді оның қорғауында ғой. Розанна өзін бұл үйдің қорғаушысындай сезіне бастады, бұл үй де оны құшақ жайып қарсалғандай...

                                    *  *  *

Осылай жүргенде кеш те батты... Розанна бұл кезге дейін үйдің бүкіл бейне бақылау жүйесіне қосылып, қосымша бақылау ретінде кішкентай, тіпті көрер көзге еленбейтін бірнеше нанокамераларды да орнатып үлгерді. Оның бөлмесі енді жасырын базаға айналғандай, бүкіл үйді осы жерден бақылап отырады.
Розанна бассейн жаққа барып еді, ол жақта серпіліп тұратын орындықтар бар екен. Сол жерге жайғасып отыра кетті. Кенет бір дауыстар естілді, біреулер осы жаққа келе жатқан секілді. Олар өзара әңгімелесіп келеді. Розанна отырған серіппелі орындықтың жанынан бірнеше жігіт өте шықты. Қыз көлеңкеде көрінбей, әрі тыныш отырғандықтан олар оны байқамай қалды. Розэ қарап отырса бес жігіт екен, ішінен Чиминды тез-ақ танып үлгерді. Ал қалғандары Сынхо ағасы айтқан достары болса керек...

1-бөлім соңы

1 страница15 августа 2022, 18:20