4.Ауыр соққы.
Бәрі жаман. Үйге қайтқым келеді. Чонгукпен қарым-қатынасымды үзгім келеді. Қыз болған шағымды қайтарғым келеді. Жоқ! Балалық шағымды! ЧонГукпен таныспас үшін... Чиминымды, онымен болашағымды алып кету үшін..аулақ...
Таң атты. Өзімнің ластығымды күндегідей бүгін де жуу үшін,кетірмек оймен душ қабылдадым. Бірақ жоқ, нәтиже шығар емес! Бүкіл денем, өзім ласпын! Толықтай! Тағы да жыладым. Тағы жаспен араласқан су тамшыларына қақалдым. Тағы да Чонгуктың ұрысы, айқайы. Ата-анасының түсінбей жөнді сұрауы. Менің шыңғырған даусым... Өзімді өзім жегідей жеп жатырмын. Керең болып қалардаймын. Қақалып осы жерде ауа тапшылығынан өліп қалатындаймын. Телефон шырылы да әр таң сайын мазамды алып бастады. "Чимин~и😍💛" деп шығатын дисплей бірден өшіп қалады. Себебі мен даусын өшіру үшін телефонды да өшіремін... Әр таң сайын солай. Әр таң. Әр күн. Әр күн ұрыспен. Бәрі соншалықты жаман. Түсініңіз, ешқашан. Ешқашан... Еріксіз некеге келіспеңіз. Талап етушіні тауып, мойнынан пышақпен кесіп жіберіңіз, бірақ некеңізді қалауыңызсыз ешқашан, өтінем, қимаңыз. Универде де солай... Ылғи ұрыс, ылғи кешірім сұрау.
-кешіктіңіз, Ким Ари.
-кешірім өтінем, кірсем болады ма?
-сіз неге немқұрайлы қарайсыз? Әлде мақсатыңызға жету дегеннің не екенін ұмытып қалдыңыз ба? Басындағы үміт, арман, мақсат. Бәрі қайда кетті? Түрің не? Отбасыңда әлде бір жайт орын алды ма?
-жетер енді. Кешіріңіз, білем, сізсіз-ақ білемін? Неге бәріңіз мені жан-жақтан талап жей бересіздер? Сіздерге не жаздым? Бәрің неге маған қарап қалдыңдар? Иә,түрім бұзылып, бозарып кеттім. Иә, дайындығым нашарлап кетті. Иә, қазір жылап тұрмын. Ішімнен бөлшектерге сыным қалғам. Иә, айқайлап бастадым, иә, даусым қырылдап қалды. Иә, мақсатымды бір сәтке ұмыттым. Иә, бұл рөл емес. Иә, иә, иә, қарғыс атқыр, иә! Бәрі жаман. Болды отбасымда. Бірақ өзімнің емес. Өтінем, болған шығар? Сабаққа келмеуші де едім, өзімді жетектеп апарамын. Аяғым бас тартады, бірақ санам да, санам да! Санам... Санам ертіп әкеледі. Шаршадым. Жетер енді. Өтінем, кешіріңіз. Айтатын ешкім болмады. Түсінбейтін де шығарсыздар, себебі, кімге менің ауыртпашылығым керек еді? Уақытыңызды алғаным үшін кешірім өтінем... Жазаға дайынмын. Кешіріңіз,-жылағанымды қойып, басымды төмен түсірдім де күттім.
-үйіңе қайт.
-жоқ, ұстаз, кешірім өтінем. Енді... Енді қайталанбайды.-қатты жылағаннан сөздерім де бөлініп жатты,-бұл..менің жолым.
-орныңа отыр.
-рахмет.
Сабақ басталды. Кейбіреуі жалтақтап қояды:не болды екен?;жындысың ба?;өтірік рөлге кіре салғаныңды бәріміз біліп отырмыз!; жыламашы, өтінем, мен сенің жаныңды түсініп тұрмын, мен саған сенемін-дейді олардың көздері. Ал кейбіреулері мүлде назар аудармайды. Ұстазды білмедім... Себебі мен өзімді жұбатумен отырдым.
Бұл пара да бітті.
-Ари, күте тұр.
-иә, ұстаз? Қандай жаза? Кезекшілік пе?
-жоқ. Жаза қолданбаймын. Тек не болғанын айтшы, ақтарып сал.
-мен жай рөлге кірдім.
-тыңда, тәжірибесі бар адамды алдау қиын. Кім шын, кім өтірік айтып тұрғанын айыра аламын.
-ал Юджи рөлге берілгенде ше? Шын деп ойлап, біздің курсқа мазақ болғаныңыз ше? Жоқ,сеніңіз, мен де рөлге кірдім. Сондықтан, жазамды өтеуге дайынмын.-есікке беттедім,тағы айтқанынан қайтпай,ештеңе демес деп.
-жүктемейін, бірақ бір жаза бар. Бұл семестр бойы менің сабағыма келмесең болады.-басымнан жай түскендей тұрып қалдым.
-не?ұстаз,бірақ олай... Олай бб..
-болады, боссың.
-жоқ? Неге менің өмірім сізге маңызды?
-менің бұл универде екінші қызметім барын ұмытпағайсың-психолог.
-уф...-партаға отыра қалдым,-еріксіз некеге байланысты кино ма, оқиға ма, оқығаныңыз ба, болып па еді? Сол... Сол менің өмірімнен орын алды. Досымыз екеуіміздің арамызды неке бұзды. Түсінемісіз? Құрбымның орнын басқан жалғыз досым, жанашырым, арамызды жалғап тұратын жіп үзілді. Қайдағы бір бас кеспек үшін мен қиналып жатырмын.
-ал досың ше? Оны ойладың ба? Ол нені сезініп жүргенін? Саған айтатыны бар шығар? Бәлкім, тапқан шығар істің артыдағы адамды? Өзіңді ойласаң, неге келістің.
-тыңдаңыз, мен отбасыларымыз үшін, жоқ, біз, біз келістік. Құрып кеткір ЧонГуктың байлығы бәрін бұзды. Басында бәрі жақсы еді, 1 жыл шыдай тұрғанда бәрі жақсы болар ма еді? Өкінішке орай... Бір жайт. Бір түн...бірге өткізілген, кешіріңіз...ашықтығым үшін,бірақ жанымды ақтарып отырмын. Тыңдайтын ешкімім жоқ.
-жарайды, түсіндім. Ештеңе етпес. Бірақ бұл үшін ғана қынжылмайтын секілдісің ғой?
-жігітім бар. Бар болған еді...-үнсіздік.
-біле ме?
-жоқ, сонсэнним.
-онымен не істемекшісің?
-білмеймін...
-досыңды сипаттам берші, Чонгук..Чонгук па?
-иә... Оны сипаттайтын несі бар? Ұзын бойлы келген. Жанымды түсіне білетін. Қара шашты, кейде бояп тұрады. Маған қарағанда көзқарасы бірден жұмсара түседі, мені қорғауға асық екенін ол айтпаса да білемін. Әрқашан арқасын төсейтінін, қол ұшын беретінін білемін. Өзінің бір иісі бар, ол да мейірімге толы сықылды,мұрыныңды оның мойнына қойып қойғың келетіндей, бала секілді өзі. Ойнап, шаттанғанда, менімен сөз таластырғанда... Мәз күлкісі маған да жылу сыйлайды. Денесі сондай мықты. Тіпті құшағымнан жібергім келмейтіндей.-сергіп қалдым ба? Түсінбей де қалдым,тек,іште жатқанды шығарған керемет екен...
-жарайды, ал жігітің ше?
-Чимин... Пак Чимин.. Осы универдің түлегі. Ол... Мүлде басқа. Сабырлы, менің күлкімді көру үшін бәрін жасайды. Маған қарағанда көздері түрлі түстеніп кететіндей ме... Еріндерінің томпақтығы... Тіпті... Білмейм... Сөзім жетпейді. Ғашықпын оған,ессіз. Ұмытып қалдым. Онымен не сезетінімді ұмытып қалдым. Жиі көргім келеді. Әрқашан жанымда болғанын қалаймын. Білмейм... Ол мінсіз. Білетінім сол.
-ғашықтық... Жаным, оқушым ретінде мен саған екі жағыңды салыстыр деп айта аламын. Ақылдысың, дұрыс шешім қабылдайтыныңа сенімдімін. Енді бара ғой. Қорықпа, бұл жайлы ешкім де білмейді.
-рахмет. Сау болыңыз.
*апта соңы*
Содан бері мен өзімді жеңіл сезіне бастадым. Мен әртіс емеспін бе? Онда неге дұшпандарымды күлкіммен құлатпасқа? Өзімді күтіп, қалпыма келдім. Алайда... Чиминмен мәселе шешілген жоқ. Сол жаман болған еді. Әзірше...
Енді тағы... Бүгінгі жайт тағы бетімдегі күлкіні сырғытып жіберді:
-Ари, тоқта! Сөйлеспедік қанша уақыт,-керек кабинетке бара жатқанда тоқтатты.
-қазір уақыт емес, Чонгук. Менің сабаққа баруым қажет,-қолымды одан алдым.
-ол күте тұрады.
-кімсің сен? А? Мен үшін шешім қабылдама!
-Ари!-ұрыс басталғалы біз қоршаудамыз.
-Чонгук, біз жалғыз емеспіз,-студенттер еді
-онда тұрған не бар? Білсін, қарасын. Сөз тасығыштарға керегі осы емес пе? Жаңа көрініс,-оның бұл сөзі ешкімге ұнамаған секілді, бірақ сонда да Чонның сөзін растап тұра берді...ақымақтар.
-сонда оларға жем болмақшысың ба? Сонымен қоса мені өзіңмен алып кететініңді білесің.
-тоқта. Тыңдашы. Бұл бір түсінбестік... Мен. Байқамай... Ари, түсінші. Мен бұны қаламадым. Сені де алыстатқым келмеді. Себебін өзім түсіне алар емеспін. Ол қылығымның... Түсінші.. Қайтарғым келеді. Бәрін.
-ал менің кірімді жуып бере аласың ба?-барынша ақырын айттым. Жауабына тек түскен бас қайырылды,-міне,Чонгук,сызуға тура келеді немесе жай нүкте. Қарым-қатынасымызға.
-жоқ. Жол бермеймін. Достығымызды қымбат жолмен болсын қайтарам,естіп тұрмысың?-мен кете бардым. Саққұлақтар тек ашық ауыздарымен өз фантазияларын қосып сонда тұра берді.
Кешкісін онсыз бәрі жаман болған еді... Бірақ,пышақ тағы жүрегіме кеп қадалды..
Кім білген, кім ойлаған? Өмірімді бір сәтте жек көріп кетуге болатынын маған ешкім айтпаған еді...
*сол күннің кеші*
-бүгін қонақ келеді, дайындалыңдар.-"енем" келсем осы сөзді қайталап, үй қызметшілерін зыр жүгірткізіп жүр.
-мам, не болды?-мен шешімімді ысыра тұрайын.
-бүгін Лали өзінің жігітін таныстыруға әкеледі.Керемет емес пе?Мен қуанып жүрмін,-көзіне жас алды,енді оқуға түскен қыздың анасы.хм,несі керемет екен?Көрейік, қандай екенін таңдаған "жарының".Сол қызды жақтыртпайм осы.Көңілім де жоқ,бір нәрсені жақсы дейтіндей.
-иә. Мен бөлмеме бара берсем? Бола ма?-бейкүнә қарауға тырыстым.
-жарайды,бара ғой.
Мен бөлмеме жүгіріп кіріп кеттім. Заттарымды жинап бастадым, бүгін өз үйіме кетем. Қала алмаймын, Чонгук та басыла қоймас. Тек жігітті көрейінші, қандай екен,бәрін білгім келмеуші еді, ал қазір бір қызық болатындай, түйсігім қал деумен ішімді толтырып, ауырлатып тұр.
*19.49*
Сөмкем дайын, такси 20 минутта болады. Ол уақытқа шейін танысып, кетіп үлгерем.
У-шу боп кетті, төменге жүк салынған сөмкемді алып, ешкімге көрінбей түстім. Барлығы ас үйде сияқты. Шабаданымды тығып қойып,жоғарыға көтерілдім. Бояну керек қой. Бұл түр не өзі!?
Есік ашылды, амандасып жатқан таныс дауыстар. Қонақ қайда? Жат дауыс естілмейді. Менің оппам... Ол не істеп жүр? Соның даусы ма? Жоқ... Ол емес.!
пов.Автор:
Өз ойына сенгісі келмеген қыз бөлмеден шығып төмен жүгіріп шықты.Көзі жалтылдайды үйдегі жарықпен шағылыса.Ыстық қабат көзге көрсеткісі де келмейді.Аяқ болса төмен түсіп барады.
-Чимин... Чимин.-деп қайталай береді.
Ақырын адыммен жеткен қыз төрге орналаспаған қонақтың алдынан табылды. Бір-бірін сағынған көздер қарсы бағытта бірін-бірі қараумен әлек.
-Чаги~я...
-Оппа...
Бүкіл үйді таңырқау орап алғандай,бірақ кейбіреуінің физиономиясынан бұл эмоция неге көрінбейді?
-неге қоңырауыма жауап бермейсің? Бұл үйде не істеп жүрсің? Ари, мен сені қанша іздедім, жарайды, мойындаймын, Универге баруға уақыт таппадым, бірақ бір барғанымда... Осы ма Чонгук?-жігітке саусағын бағыттап, қыздан сұрады.-ұрсысып тұрдыңдар. Болмашы нәрсе деп ойлап кеттім. Бірақ кешке... Әр таң сайын, әр кеш сайын ұялың сөндірулі. Хабарсыз кеттің!?
-кешір, Чимин.. Мен..-қызды бөліп жіберді.
-жай ғана сұрағыма жауап берші. Бір ғана сұрақ... Неге?-Чимин қызға тиесілі көздерге маза бермеді.
-мен жауап берейін, жаным, саған қиын секілді ғой. Кхм,-Чонгук әңгімеге кірді. Оның бассыздығына қыз таң қалды. Чимин болса түк түсінбегендей.-а, иә, мен жай Чонгук емеспін, мен оның досы да емеспін. Біраааақ, шындығында...досы болғанмын, ал қазір біз ерлі-зайыпты жұбайымыз,-сөзін жақсы жаттап алған әртістей зу етіп айта салды,оның үстіне сөздерін созып, құдды көрініс ойнап жатқандай, рөлге еніп кеткендей. Тек Чимин пәк, бейкүнә көрінген-мыс...
Жауабына Чиминнен тек үнсіздік.
-сонымен.. Демек, сен күйеу баласың ба? Ымм, жеңгеңген әрі жүр.-Чонгук жынға тиіп болар емес.
-сен.. ЧОНГУК. Доғар! Ал сен, Чимин, неге мындасың? Ақымақ санап біттіңдер мені!
Бәрі үнсіз. Чимин де бұл сөздерден кейін басын түсіріп тұр.Ал Чонгук қуанып тұр?Сұрақтар көп, жауаптар нақты емес,-аз уақытта мені ұмыттың ба? Жоқ әлде ғашық жігіттің рөлін сомдадың ба? Керемет. Жарадың! Бақыт сендерге!
Чемоданын тез алып,Ари бұрынғы жігіті мен досының ортасынан өтіп кетті.
Чиминнің көзінен жас та шыдамай, шығып кетті.
-Чонгук, бар,-Лали оған бұйыра кетті.
-рахмет, қарындасым. Қалай басың жетті бұған? Менсіз жоспар құрады өзі ағасы үшін, ыыы,-Чонгук қыздың шашының ұйпа-тұйпасын шығарып кетті.
-қой, жылама, кешір, Ағам үшін солай жасауға тура келді. Қайта бер, боссың,-қимылсыз тұрған Чимин бұл сөздерге ештеңе істемей тұра берді. Оның да жаны ауырып тұр. Бұл қадамға, бірақ, оны күштеді емес пе!?-эйй! Кет деймін! Сенің сезімің ешкімге керек емес.
Кенет ашулы көздер қызды өлтіріп жібердей қарап, ыңғайсыздық туғызды.
-соңғы кездесу былай болмау керек еді, бірақ сонда да, алғысымды білдіремін,-тез сабырлы күйге түсіп, кері бұрылды да, табалдырықты сол күйі аттамай, ізін құрғатып, енді мұнда қадам баспастай ғайып болды...
-тоқташ, Ари. Күтші. Тыңдашы,-өз ісіне мәз Чонгук тіпті содан қалған мастықтан жүгіруге әл таба алмай келе жатыр.
-неге үйттің? Кімсің сен маған?-жаны әбден қиналған қыз жасын сүртпестен, оның жағасына жүгіріп кетті. Сол сәтте жауап пен ақталуды күткен қыз жай ессіздің күлкісін көрді де, ыстық сүйісте балқып кетті. Жат дәмге үйренісе алмады. Бұл еріндердің дәмін көремін деп ойламаған қыз қимылсыз қалды-Тым көп мөлшерде ашуланды, жылады, таң қалды-енді жиналып қалды да, қызды шарасыздықтан болған парализға итермеледі. "Досының"қолдары арқадан төмен сырғып, белді орап алды, мыжып, өзіне жақындатты. Жігіт кеудесін итеріп жатқан қолдар түсіп кетті. Бос. Бәрі бос. Ештеңе жоқ. Қалайша? Ешқандай эмоция оны мазалап жатпағандай. Тоқетерінде олай емес қой. Сезбейді ештеңені...
-кешір,бірақ,мен сені сүйіп қалдым.-Чонгук оның құлағына ақырын сыбырлады. Көшенің даусы екеуіне де жойылып кетті... Екі адам, екі жан, көздер-бір ғарыш. Аралас сезім. Қиын,қабылдауды талап ететін шешім.
Ал такси, өз кезегіне, келіп кеткен еді. Чонгуктың бара бер деген нұсқауынан кейін ол да фоннан жойылды.