6 страница26 июля 2018, 08:59

5.Бақыт кілті.

-тыңда, Ари,-Чонгук қыздың иығынан ұстап,көздеріне тура қарады."Не бар екен онда?" деп қарамаған сыңайлы,"сенші, сезіміме жауап берші" дегендей...
-нені?-бойжеткен оның қолдарын алып тастады да, артқа шегінді.-ештеңе қалмады ғой, тыңдайтын да, себеп те, сұрақ та, жауап та! Сен бәрін бұздың, достығымызды,сенің сезімің керек емес, оның үстіне мен оған жауап бере алмайм, ал ол екеуімізге жетпейді!
-жетеді, екеуіне бір махаббат тек басында болады, мен сенімдімінн...-бөліп жіберді.
-не? Неге сенімдісің? Мен сенің сезіміңе жауап беретініме ме? Ал мен бере алам ба оны, сен қалағанды? Айтшы, қолымнан келе ме? Мен сені сүйе алмаймын!
-ал Чиминге сонда қазір баруға дайынсың ба? Айтшы, оның сатқындығына көзіңді жұма аласың ба? Оның орнын әрқашан басқан кім? Ол ма? Сонда не, мен бекер сені қолдап, көмектесіп, жаныңнан табылып жүрдім бе? Бәрі зая ма? А? Оның қай жері артық? Әлде өзіңмен жастылар ұнамай ма? Жауап берші!? Ари, айтт...-тағы да бөлінді сөз...
-иә, жай ғана артық. Керемет, ол мінсіз. Чонгук, иә, ол маған сенен артық. Сен бір түнмен менің саған көзқарасымды, сезімімді, қарым-қатынасымды бұздың, құрдымға бір-ақ сәтте кетірдің. Ал ол... Жігітім бола тұра, саусағының да ұшын тигізген жоқ. Оның үйіне қонуға барғанда тек жылытып жатты, ыстық құшағына басып, "ешкімге бермеймін"деп айта білді, сезімін ашық көшеде көрсетуге ұялмады. Мені анасына таныстырып, отбасысы да жылы қарсы алды.
-рөлге кірді деп ойламайсың ба?-Чон да қызды бөліп жіберді.
-жоқ, не үшін керек ол оған, айтшы!? Не істейді ол менімен!?
-ал жаңа кім менің сөзімді айтты?
-ол негізі менің сөзім.
-енді? Жауап қайда? Көтер басыңды, жауап бер маған!
-сен мені сұрақ астына алатын кімсің?
-ал сен, сен мені өзіңе ғашық ететіндей не істедің? Сені ылғи қызғанатынымды,сені қалайтынымды, саған әлемді сыйлағым келетінін, саған қымбат затқа қарайтындай қарайтынымды байқамайсың ба? Көрмейсің бе? Неге елемейсің мені!? Құным жоқ па менің?
-Чонгук!!! Мен сені ұмыту үшін бәрін істедім емес пе? Неге енді қайтып келдің өміріме, жүрегіме!? Мен де, мен де өлдім, тірілдім, жараландым. Сендегі сезім маған таныс, ал сен жай "дос болып қала берейік" дегенде білесің бе өзімді сол кезде қалай жек көріп,жанымды жер астына кіргізіп, алып шыққаным, саған белгілі ме?
-7 жыл бұрынғы сезімдер күшін жоғалтты ма?
-әрине, Чон Чонгук, әрине. Жетер енді. Шыдай алмаймын.
-мен сені жай жіберім қоймаймын!-Қызды иығына орналастырып, Чонгук үйіне бет алды. Ашуы бәрінен бетер көп мөлшерде, тек өзінікін дұрыс санайды, дәп қазір қалауын алғысы келеді.
-Чонгук, жіберші. Жібер мені.
-жоқ.
Жол бойы диалог осы іспеттес болды.
-полиция? Олар мұнда не істеп жүр?-үйге жеткен жігіттің орнында тұрып қалғанын Ари пайдаланып,жерге аяғын тигізді.
-жоқ. Олай емес! Мен ешкімді бопсаламадым! Жоқ, жіберіңдер. Чимин, қарғыс атсын сені!-досының қарындасының күдікті сөздері және сүйіктісінің есімі тағы қашуға оқталған Ариді тоқтатты. Чонгуктың артынан еріп,ол да білгісі келді.
-мұнда бір түсінбестік болды, полицей мырза, менің қызым жазықсыз,-Чонгук екеуінің анасы қызын құшағына басып, алып қалмақшы.
-жоқ. Келіп түскен арызда қыздарыңыз адам құқығын таптаған қылмыскер, дәлел бар. Жапа шегушілер қатарында сіздер де барсыздар,-шындық па? Полицей не жайлы?
-не?-ата-ананың көздерінде сенімсіздік басым.
-мен түсіндірсем,Чон мырза және, ханым,-
суырылып Чимин де шықты.
-Чимин, сенн, сенн!-Лали өзін ұстап тұрған полиция қызметкеріне қарсылық танытып тұр, ал көздері Чиминде.
-полицей мырза, ұстап қалуға көмектескендеріңізге рахмет,мен арызымды қайтып аламын.-Чимин жылышырай танытты.
-бірақ ол жазасын өтемей ме?-өз жұмысына адал қызметкер де болмайды.
-жоқ,рахмет,бұл отбасылық шаруа.
Ал тағы бір келген такси машинасы өзіне назар аудартуға тырысқандай,алайда түк шықпады. Бірақ,одан шыққан қыз өзін тез еске түсірткізді. Сони.
Бұл уақытта сақшылар да кетіп қалды.
-әпке! -Лали келген мейманның құшағына тығылды.
-шындықты білетін кез келген секілді, ханымдар,-Чиминның дауысы бірден бірнеше тонға төмендеп кетті.
-жоқ!-Лали айқайлай салды,одан шешім шықпас
-Сони!-Чимин салмақты әпкесіне көшті.
-жақсы-жақсы, айтамын,-әпкесінің бұлай оңай келісе салғаны Лалиға ұнамаса да, сіңілісі тыныш тұра берді, бәрібір ол ештеңе істей алмайды...
Чонгук та, Чон отбасысы да күтіп тұрды, Ари болса жынданып кетердей...
-Неге қайтып келдің, не жоғалттың?-Чонгук Сониге деген ренішінен арылмаған-ау...
-Чонгук, тыныш тұр, қазір білесің.-Чимин өздігінен сабырлы.
Сони терең тыныс алды да, шындықтың бетін аша бастады:
-Біз апалы-сіңіліміз. Осы уақытқа шейін көрісе алмай жүрдік. Мен Жапонияда әкеммен бірге болдым, Лалиді жетімдер үйінен алып үлгермедік. Анамыз Лалиді туған соң,сіңілімді тастап,мына қыздың әкесіне кетіп қалды, әрине, Жапондықтарды жақтырмайтын анамыз Кореяға ұсыныс алғанда келіспегенде не істер еді? -Сонидің бұл қызға жақсы қарамағанын ашулы көздерінен және сөздерінен бірден білуге болады.
-менің анама тіл тигізбе!-Ари сөзінен кейін бірден білегінде бір ыстықты сезді. Чона.
-содан кейін... Ал мына Чимин мені Саған алмастырды, сенде не артықшылық бар екен сонша?-сөзін жалғастырып, Чиминге қарады да, оның көздерімен соқтығысып қалды.
-маңызды себептер болды,-Чиминнің сөздерінен кейін Сонидің ашуланғаны көрініп тұрды~
-жауабыңа мұқтаж емеспін!-тез ащы жауап қайырып,үнсіз қалды.
-бірақ бұл жоспардың бәрі мен үшін, сосын бейкүнә қыздан кек алу үшін, ештеңені білмейтін, солай ма? Мені қайтарып алғың келгені өтірік емес қой, сөзіңді аяқта!-Чиминнің былай қаһарда дауыс көтергенін ешқашан естімеген Ари жұдырығын қорқыныштан түйіп, сонда тықпақшы болғандай. Бұны бірден байқаған Чонгук оны құшағына тықпашқы болды. Аз-маз қарсыласқан соң, сонда қала берді,ал Чона,өз кезегіне, мәз.
-иә, ал, не істейсің маған? Осы шындығым үшін?-Лали де әпкесінен алыстады.
-мен саған бәрін ұмыт дедім емес пе!? Неге зардап шеккізесің!? Енді Жапонияңа тайып тұр, немесе шара қолданамын!-Чиминнің даусы тағы да жуандай бастады
-жоқ, ұмыта алмадым. Кек өзінің қайтарылуын сұрай берді! Сен және мына қыз зардап шегу керек болды!-Сони тіпті Чонгукты елемеді, ал Чонгук өзінің бар екенін білдірді:
-мен ше? Неге мені араластырдың, қазір жауапсыз махаббаттан зардап шегуім-сенің кесірің!
-жетер енді! Мен шыдай алмаймын, бәрің менің мазамды алып біттіңдер!-Ари тағы жылады... Ұмытылған әдет секілді еді... Қызығы-ол бәрін тастап сыртқа, өз үйіне тырмысып, кетпеді, Чон отбасысының үйіне бет алған кезде кіші Чон да қуанып қала берді, ізімен ол да бәріне түкіріп,үйге, оның артынан кетіп қалды.
-Ари? Тыныштала ғой,-Чонгук уақытты жоғалтпай, оның қасына отыра кетті де,бір қолымен құшағына алып, жақын отырып алды. Көп ұзамай ол да жігіттің арқасынан, белі жағынан құшақтап алды.
-шаршадым...неге былай болды?-нәзік ару жігіттің мықты кеудесіне шағымын айтып,жылады. Жіп байланды.
-мен сені сүйем, Ари,-белгісіз күш Чонгукты осы сөздерді айтуға итермеледі.
Біз мезетте болып кеткендіктен, Ари бірден құшақтан суырылып шығып, оған бұл жолы басқа көздермен қарады.
-жауап бар секілді, Чонгук.
Бұл сөздер олардың бақытының кілті болғандай. Сол күннен бастап достық махаббатқа ұласып, барлығы ұмыт болды.
Happy end.🌸

6 страница26 июля 2018, 08:59