КЕК ЖОЛЫНДА
КЕК ЖОЛЫНДА
1
Базаралы елге келгелі бір айдай уақыт өтті. Бұл кездерде оған амандаса келіп, қуаныш білдірген ағайын көп. Аталас жақын ауылдар той істемек болысқан. Бірақ үйінің, жақын туысының жүдеулігін көрген Базаралы той-топыр жасатқан жоқ. Алғашқы он-он бес күн бойыңда оны Жігітек ішіндегі туыстары ертелі-кеш ауылдан-ауылға шақырып, қонақ етісті. Келісін, амандығын қызықтасты. Бір Жігітек емес, қонақ етіп, қуанысқан Бөкенші, Көтібақ, Көкше де аз болған жоқ.
Ырғызбай ішінде Базаралы тек Абай аулында қонақ болып қайтқан. Абай Базаралыға өзі барып көрісіп, амандасып, бір күн, бір түн қасында болған.
Кейін Базаралының ет-бауыр жақындарынан он шақты кісіні қоса шақырып, өз аулына әкелген.
Әйгерімнің кең, жылы үйінде Базаралыдай сый қонақты үлкен ықыласпен күткен ажар бар. Кілемдер тұтылып, әсем оюлы сырмақтар жазылыпты. Абай айналасындағы жас-жаранның бәрі де Базаралының әңгіме, әзіліне, қас-қабағына қарап құрақ ұшады. Сағынған достар бейілін танытады. Күндізгі түстік үстінде Абайдың сұрауы бойынша Базаралы үзік-үзік әңгімелер айтып отырды. Өзі көрген жерлерді, елдерді сөйлейді. Бірақ шеккен жаза, көрген азап жайып мына көптің алдына салмады. «Бейнет кештім, қажыдым» дейтін емес..
Кешкі отырыста Абай мәжілістің бетін өзгертті. Өз ішінен: «Базаралыға кешегі ауыр күндерін еске ала беру қиын шығар. Қайта, соны ұмыттырғандай алаң болса, сол тәтті болар» деп ойлады да, жастарға ән-сауық жөнінен тілек білдірді.
Осыдан соң Базаралы да жадырай түсіп, Көкбайға домбыра ұсынды.
Көкбай домбыраны бегелендеп ұстады.
- Базеке-ау, бүгінде мен әннен шығып қалғам. Және мына отырған Мұқа, Әлмағамбет деген әншілер қысында, тегі, әнді қор қылмайын деуші едім ғой!-деді.
- Жоға! Жаңа әншіні ести жатамыз да!- деп, Базаралы домбыраны еріксіз ұстатты.
Абай да Базаралыны қостады.
- Көкбай, бүгін Базекеңнің алдынан алып шыққан шашу - ән болсын!.. Бір сен емес, осы үйдегі өнерпаздың бәрі айтады. Бастай берсеңші!-деді.
Өзге әнші жастар «өнерпаздың бәрі айтады» дегенде Әйгерімге қарасты. Көптен оның әнін естімегендіктен сағынысқандай.
Енді аз уақытта Көкбай ән созып кетті. Сонда Біржан айтқан асыл ән... «Созады Біржан даусын қоңыр қаздай» деп нақыстай берді. Жұрт дәл осы әнді өзге өнерден гөрі сирек айтатын. Көкбай сақтап қалған ән ішіндегі бұның даусына, салмағына, қабілетіне лайық ән осы екен. Жақсы мәнмен сән беріп, әсем айтып шықты.
Базаралы Көкбай тоқтағанда, қатты сергіп, көтеріліп қылғаңдай.
- Па-а деген!- деп, біраз қуана сүйсініп отырды.- Сонау бір жақсы басталған жазда... жарқыраған күндерде келген... болған екен-ау!..- деп барып күрсініп қалды.
Алысқа кеткен шақ та күйзелтеді. Дәурен өтіп, жас жетіп келеді. Ол ғана емес, мына тұста Базаралы Оралбайын ойлап қылғаңдай. Біраз уақыт басын төмен салып, сөніп, сынып қылды.
Осы кезде домбыраны Мұқа алды да, үй ішін тегіс елең ет-кізіп, сергітердей боп, шырқап кетті. Ерекше таза, күшті, мөлдір үн анық әнші өнері келе жатқанын паш етіп тұр. Ол биік бастау соңынан әсемдеп тұрып Абай өлеңі «Айттым сәлем, қаламқасты» созады. Сөз Базаралы көңілін жаңағы кейістен алаң етерлік анық ынтық, ынтызар сөзі. Жалынды назға толы. Әнші үш қыйырмасын айтып тоқтайын деп еді, Базаралы тоқтаттырмады.
- Айт, жаным, айт!.. Бәрін айт!- деп, бір өленді тегіс айтқызды.
Мұқадан соң Әлмағамбетте Абай өлеңі мен әнін созды. Ол - «Көзімнің қарасы». Бәрі де мына қоңыр жүдеу күзден маужыраған мамыр күніне, көңіл күншуағына созылады.
Базаралыға да сезімтал Абай қыуымы ем тауып, сынығын сылап тұрғандай.
- Майдай жағып барады-ау!.. Көңіл жарасын қуғандай! Май сылаудай дәрім ғой мынау?.. Дәрменім ғой!..- деп, Базаралы ынтыға тыңдап отыр.
Ендігі бір кезекте Базаралы өз қолымен домбра ұсынып. Әйгерімге бұрылды.
- Қарағым, осы шер-шеменнің бәрін айтқызып жатқан сенің бір өзің демейін...- дегенде, үйдегілер күлісіп қылды.- Бірақ өзіңнің жынысың ғой мұны айтқызған... Енді сені тыңдамасқа шарам бар ма? Айт, сәулешім!- деп, сонша жақын аға, туыстай еркелетіп айтты.
Әйгерім ду етіп қызарып қалды да, сыпайы күліп жіберді.
- Мен көптен ән айтпай кетіп ем ғой, Базеке!
- Жоқ, Әйкежан! Базаралы айтпағанынды білмейді, айтқаныңды ғана біледі. Айт, айналайын!- деп, тағы да жақсы өтінді.
Аздан соң Әйгерім «Татьяна» әнін айтып жөнелді.
Әлі де сонау бір күндердей барынша сырлы нәзік, терең толқумен айтады екен. Үй іші жым-жырт қатып, ұйып тыңдады. Базаралы Абайдың бұл айтылған өлеңінің бәрін де білмеуші еді. Ол шетке кеткен соң туғандар екен. Қасыңдағы Көкбайдан жабыса сұрап, әр өлеңнің әнінің мәнін, жөнін ұғынып отыр. «Амал жоқ, қыйттым білдірмейді» Әйгерімге де түгел айтқызып шықты. Ешкім бұйырмаса да, бүгінгі кеште Абай достары «е» дескендей тек қана Абай сөздері мен әндерін айтты.
Базаралыға анық үлкен соны сый. Ел жаңғырып, ел өнері түлеп өсіп, жаңарып кеткендей. Ол енді Абайға қарап:
- Япро-ой, қылай өзгерген! Ән мен сөз қылай өзгерген! Сондай сырлы, соншалық жан-тамырымды солқылдатқан қаңдай сөздер!.. Түу!.. - деп, бас шұлғып, үндемей тамашалап барып:- Өлең мен ән ырысын тауыпты-ау, Абай!.. Өнеріңнен айналайын!- деді. Келесі бір кезеңде Мағаш Дәрмен өлеңінің жайын сөз етті:
- Дәрмен Еңлік пен Кебек жайын біраз жерге әкелді ғой, аға! Соны бір тыңдаса болмас па?- деді.
Кәкбай, Ербол да өздерінің көз алдында, осы күзде Абай тапсырған жайды естеріне алып, Дәрменнің дастанын тыңдамаққа бейімделді.
Абай Дәрменді барлап қарап отырып:
- Бітірмесең де бастағаның мақұл екен. Аздап айтып көресің бе?- деді.
Дәрмен іркілген жоқ. Сұлу жүзді, қиылған қара мұртты, ақ сұр жігіт домбыраны шешен сарнатып отырып-отырып барып, жортып бастап кетті. Үлкен қара көздері сәл қанталай түсіп, шабыт отын маздатады. Ширақ, сергек қайратына ызалы жүрек оты араласқан, әділет жоқшысы туғандай. Жас, асқақ ақын жаңа сазға бой ұрған. Бұл - кәрі заманға жаңа буынның сынын айтатып, кекшіл қыран нәсіліндей. Бір жағы Абай ұясынан, тағы бір тегі әділ қазы - халықтан шыққан. Бар жылаулардың жаңа жоқшысы.
Ол дастанын әсем туған халық қызы Еңлікті көріктеп, мадақтаудан бастаған. Атасы кәрі Ықан Хан тауының бауырында
адал, момын, еңбекпен күнелткен әзіз жан. Екі абзал кәрінің ұлы да, қызы да өзі боп, сыпайы өскен Еңліктен сөз кетеді.
Шыңғыстың қыс басындағы көркі. Аңшы, мергендер, жортуылдар - күнделік аңыз тудырған қайратты, өнерді, қастық, араздықты да баян етеді. Ерлік қасиетпен атақ-абырой тапқан азаматты да ауызға алады. Жалғыз, ойшыл, сабырлы сұлу Еңлік құлағына бір ерекше асыл жанның аты күнде жетеді. Ол бұның қиялын қытықтайды. Түн ұйқысын аша бастады. Сондай бір шақтарда, ақпанның басында, бүркеп жауып тұрған қарлы борасын ішінен бір белгісіз жан келді. Кешіккен жолаушы жалғыз екен. Қолында томағалы қыраны, қанжығасында қызыл тағы, жаңа осы апақ-сапақта алғызған түлкісі.
Жігіт қарлы боранда, беймезгіл шақта бөтен ауылға келсе де, күңгірт жолаушыдай емес, ашық-жарқын, жақсы дос жүзімен келді. Жабырқау үйге жадыраған күлкі, аң туралы қызу әңгіме, орамды әзіл, жайдарылық ала келді. Еңлік жігіттің қызу нұрлы жүзіне сүйсіне қарап, күлімсірей көз тігеді. Қайта-қайта қарағысы келеді бұл жанға.
Сол кезде жігіт Ықан қартқа өз жөнін айтып кеп, атын мәлім етті. Кебек!.. Кебек осы екен!.. Отқа жақын отырғандықтан аңғарылмады. Бірақ қыздың жүзі жігіт атын естігенде ду етіп қылды. Жүрегі де су еткендей, белгісіз бір сезім лебі шарпып өткендей... Ет жүрек сәт суына қалып тулағандай!..- дей беріп, әнші, еркін ақын домбыраны баяулата бәсендетіп кеп, дастанын үзді.
- Жеткен жерім осы еді, Абай аға!
- Алда, жігіт-ай! Тым құрыса, бір табан бастырып тоқтатсаң нетті! Қанымды қыздырып кеп, осыншама мысымды құртып тоқтармысың!- деп, Базаралы кінәлай қарап отыр.
Мағаштар да ынтығудан өкініп қалысты. Абай Дәрменге көп уақыт қызыға қарап отырды. Дастанды анық ұнатқандай жүзі бар. Бірақ байлауын басқаша айтты.
- Екі ғана жайды айтам, Дәрмен. Қызды айту, қызықты айту тек құмарлықты қоздырмасын. Ақ жүрекке қанат бітіріп, ойды алысқа создырсын. Екінші - бұрынғыны, бүгінді айт! Жұрт көмейінде жұмарланып түйілген тас түйінді айт. Әкіміне өкімін айт жұртының... Халық атаулы арғы-бергі хан-бегіне қарғыс ойлап жүрсе де, айта алмай келген. Соны жеткіз!.. Жылаған жас, елдің жасымен жыласын. Парашылды, зорлықшылды, қиянатшылды таңбала!- деді.
Жастар тегіс ойлана тыңдап қап еді.
- Абай аға, ол кезең алдында тұр ғой Дәрменнің. Айтатыны сол болар!..- деп, Кәкітай ғана сөз қатты.
Дәрмен осы сөзді құптағанын бас шұлғып білдірген еді.
Базаралы да Абай сөзінің төркінін тез ұғынды. Өзінше шешті
- Зорлықшының, өктем әкімнің арамын аш дегенің маған қандай жағады десеңші, Абай-ау!
- Бұл тұста Кеңгірбай ісі ашылатын боп отыр-ау!- деп, Кәкітай ескерте сөйледі.
- Е, алыстағы Кеңгірбай, қасындағы Құнанбай ғой. Бірін айтса, бірі аман қалар дейсің бе? Атам Кеңгірбай еді деп кейін басар деп пе едің айтқанынан!- деп, Базаралы салқын, салмақты сөз тастады.
- Бәсе, бүйтпесе Базекең бола ма?- деп, Абай Дәрменге қарады да,- міне, заман үні, ендігі сапалы буын үні деген осы!.. Ақын артқа қарап табынбай, алға қарап қыбла тапсын!-деді.
Осы соңғы отырыс, мәжілістер кезінде бір-екі рет Базаралы өзінің айдаудағы кездерінің кейбірін еске алды. Бір орайда адамгершілік, достық көмек деген жайлар сөз болғанда, Базаралы осыған мысал етіп, өзінің орыс баласынан көрген адамгершілігі мен достық көмегін мысалға келтірген.
- Мен қашуға бекінген соң, орыстың екі қартаң каторжнигіне сырымды айттым. Бірі - Керала деген, орыс крестьянынан шыққан қарт емендей кісі болатын. Екіншісі - оқыған, ақылы көп дана адам, Сергей деген кісі. Осы екеуі қол-аяғымды буған көлеткі шынжырды-қаңдалды өз қолдарымен кескілеп, талқандап берді. «Азат құсындай ұшып жет, сахараңа сәлем апар» деді. Менен оларға тиер тебен инедей пайда жоқ. Зарар мен қатер болса таудай еді. Осындай саудасыз достықты көрдім. Бұны не деп айтуға болады?- деп бір тоқтады.
Үй-іші алғыс айта түсіп, ынтыға тыңдады. Базаралы орыс халқынан көрген жақсылықтарын осыдан соң көп таратып айтты. Абай оның қашып шыққан жол бойында кездескен орыс халқы жөнінде сұрап еді, Базаралы бұл туралы да алғыс аралас сөйледі.
- Үркіттен бері ылғи орыс ішімен қаштым ғой, сонда сенгенім де, сүйенгенім де крестьяндар тұратын ұсақ қалалар болды. Ол қаланың жақсы үйлі, бай қорасына жоламауды төсіл еттім. Сорлының сырын сор кешкен біледі ғой. Кеш бата қаланың ең шетіндегі, ең кедей үйінің терезесін қақтым-ақ болды, күнде келіп жүрген жатын үйімдей қабыл етеді, жайымды ұғады, тілегін қосады. Кәрі-жасынан тегіс бір адамгершілік, дос көмекті көресің. Алда жүретін жолды оздері айтып, жөнелтіп отырады. Кейбір қатер бар сапарда күндіз үйіне тығып тынықтырып қойып, ымыртта, түнде қатерден өткізіп жібергендері де болды. Сондай есептен тыс көмек-достық көрген сайын қанатым жетіліп отырғандай болды,- деді.
Базаралының бұл алуандас әңгімесін Абай мен жастар тобы соншалық сүйсіне, қызыға тыңдасқан еді.
Содан соң ән-күй қайта кезек алып, ендігі кеш, келер күндер бәрі де шат сауықта өтіп еді.
Бірақ бұл аз ғана қызық күндері айнала дүниеден мүлде бөлек. Мезгіл ішіндегі кішкене бір аралдай. Дауылды күні лайланған суық жайқын көбік атып толқын ұрса, ортасында кішкентай көк жасыл арал қандай көз тартар еді. Бұл да сол есіз көл ішіңде көздей ғана бір мекен екен.
Бұл кездесуде ел жөнінен, шаруа қамынан Базаралының Абайға айтпағы тек Әзімбай мен даулы болған жеті ауылдың жөні болатын. Дәл жүрер кезде Базаралы Абайды оңаша алып шығып, осы сөзді қысқа ғана қозғағанда, Абай барлық жайды білетінін айтты. Базаралының тыңнан қосқаны, сол ауылдардың пішенді тасымай отырған бөгелісі туралы болды. Әзімбай үйгізген маяларды енді тасығалды жатқанда, «Базаралы қайтып кепті!» деген хабар келіпті. Ол жеті ауыл Базаралыға туыс жағынан да жақын. Және Әбді, Сержан сияқты жігіттер мен Келден қарт мұнымен аса тату дос, ниеттес жандар екен. Солар «Базаралының келіс сапарына қарсы алдынан жанжал алып шықпайық!», «Күз үзақ қой, тоса тұрайық» депті. Және Абайдың Тәкежанмен сөйлескен соңғы сәлемін тосады екен. Базаралыға Абайдың ендігі, соңғы сәлемін есітіп кел деп тапсырыпты.
Абай әлі Тәкежанға кездескен жоқ-ты. Оның ауылы алыс күзекке үзап шырқап кетіпті. Енді қоныстың жақындаған шағында Абай неғылса да барып сөйлесіп, арылған сәлемін Базаралы мен Келденге айтып жібермек болды.
Сол жолда Абай Базаралы үйінің сауын, сойыс жағын да аңғарған. Астына мінер атының жоғын да біліп еді. Кейін Базаралы қайтқан соң, оның үйіне он шақты сойыс малын айдатқан. Және өзінің мінуіне арнап бұл өңірде сирек кездесетін, маңдай жақсы, темір қара көк ат жіберткен болатын. Сауырының көз-көз теңбілі бар, жоны төңкерген тегенедей, сұлу қара кек атты Абай бір дос-жар адамынан қалап алған-ды. Тұрқы ұзын, бойы биік қара кек ат Базаралының тақымында екі есе көркейген. Арғымақтай теңбіл қара көктің үстінде нардай, бағлан жігіт отырғанда, айналада жүз кісі, мың кісі болсын бәрінен Базаралының шоқтығы асып тұрады. Маңында жүрген бар қазақтың ортасында өзі бір шоқы тәрізденеді. Базаралының ат үстіндегі осындай оқшау көркі, көрінісі де оның ат-атағына сүйсінген момын көпшілікке бір аңыздай болды. Әзілқой құрбының бірі базаралыға астындағы аты туралы қалжындаған:
- Базеке! Бұл өңірде жоқ мынау бір көк арғымақ өзіңмен ере келді ме?! Болмаса, кетеріңде Шыңғыстың тасына байлап кетіп пе едің? Қайдан алдың бұл көкті ?- деген болатын.
Базаралы сыр бермес, тартымды мінезіне салып, «пәленнен алдым» демейтін.
Бірақ сыртқа сыр бермеу үшін осылай доңайбат жасағанмен, Базаралының іші тыныштық таппады. Қалың құста басқандай. Ел қыдырудан босаған соң, Базаралы еңді үйінде отырып, өзінің де, жақындарының да күйін таныды. Соны білген сайын күрсінуі молайып, жабығып, жадай түседі.
Бұл күнде қайғылы әке Қаумен де жоқ. Ол былтырғы қыста ұзақ ауырып жатып қаза тапты. Үш бірдей арысы - үш ұлынан тегіс айырылған соң, қалың құста басып, қатты шөгіп кетіп еді. Бірде-бір баласына «туған жерден бір уыс топырақта бұйырмады» деп қамығатын. Ол былтыр қайтыс болар алдында үш күн бойы Оралбай мен Базаралы атын аузынан тастамады. «Жетем, қазір жетем, жан балам!» деп жатты. Дәл үзілер шағында сол сөздерін ақырын, сыбырмен бастап, ернінің үнсіз қыбырымен аяқтаған. Шерлі ата Базаралыны да, көптен хабарсыз кеткен соң, өлдіге санап, көз жұмыпты.
Оның өлімін өз әйелі Өдектен оңаша сұрап білгелі, Базаралы бір күн бойы жанға тілдеспей, күңгірт тартып үнсіз қалған.
Қазір күздің өзі де көңілді көтертіп, қабақты жадыратарлық емес. Қарашаның ортасы ауған кезде дала да тозған. Үй ішінен де жылу кеткен. Бірде жел, бірде лайсаң, беймазалық асқан кез. Көптен бері күтімі жоқ қоңыр үйдің үзік-туырлығында жыртық та мол. Іргеден соққан желге де төтеп берер лыпа жоқ. Жауын жауса тамшы ағып, түн суығы мен күндізгі жел соқса жүдеу үй қоса азынайды. Бүгінгі баспанасы аса бір көріксіз, сорлы мекенге айналған.
Жігітектің ең шеткі күздеулерінің бірі - Шөптікөлде отырған аз үйді Қаумен аулы Ералыны жайлайтын жатақтардың қыстауларына жақын еді. Бүгін таң атқалы сол жатақтардан әдейі Базаралыға оңаша көріспек боп қарт Дәркембай келген. Базаралының үйіңде ескілікте екі дос өзгеше бір оңашалықта ұзақ әңгімеде оқшау күңкешті. Базаралы әуелі. өзінің үйі менен жақындарының күйін шолып, мұндап өтті. Көрші үйден азын-аулақ тобылғы, көкпек жиып әкеп шай қойып, қатқан-құтқан ет асып жүрген жүдеу жүзді әйеліне қарап отырып, Базаралы алғашқы әңгімесін содан бастаған.
- Қаншырдай қатып, күнқақты болған үсті де тозған, өзі де тозған келінің - Өдек мынау! Келсең, ашпа жалап, күйін шағып, бұл жылайды. Жалғыз баласы Сары болса, сыйдиған бойы бар, қурайдай қатқан. Шоқпыт тымақ, шойқима етік сыбағасы болыпты, жалға жүре ме, неғылады? Менен бұрын айдауға кеткен Балағаз онда өлді! Қатын-баласы торғайдай тозып, ол кетіпті. Жалын жастық күнінде «лап етіп» жанғандай боп, Оралбайым шығанға шығып, ол кеткен-ді. Бірімізді жау айдаса, бірімізді даурыға дау айдады. Намыс пен өнер Балағаздан да, менен де Оралбайда мығым болса керек еді. Оралмасқа о да кетті. Қай сайда қалғанын да білген жоқпыз. Осының бәрін ойласам, Қаумен тұқымында бұ құдайдың алмай қылған өші жоқ екен дедім. Ағайын, әділіңді айтшы! Осы менің жайымды ойласаң тұмсығың тасқа тигендей болған жоқпа!? Бұзықтықтан, жауыз, жексұрындықтаң тарттым ба? Жоқ, әділет керек. Олай емес едім ғой! «Көнбеймін, табанының астында тыпыр етпей жата алмаймын. Басымды аларсың, бірақ жүрегімдегі жалғыз шағым жігерімді алмайсың. Намыс отымды сөндіре алмайсың» деп, қасарысып өлісіппіз. Енді, міне! Бақсам, бір Қаумен емес! Айналада, ойдым-ойдым аралдай боп, байлығына, барлығына мәз болған кей атқамінер пысықты, малға бөккен арамтамақты қайтейін. Ол, өзің білесің, баяғыдан менің туысым да, татуым да емес болатын. Өзіндей, өзімдей елді айтам. Елдік санасы жыртық киім, қара лашық ішінде де сөнбей жанған жақсы елімді айтамын! Бүгін күңіренсем, «және сол» деп күңіреніп отырмын. Сол көптің көзіне көк шыбын бұрынғыдан да мол үймелепті ғой! Арманды қартым! Шерменде інің айтса, соны айтадыда!-деп, Базаралы көптен оңаша ойлап түйіп жүрген ойының бір желісін осылай таратқан.
Бұл шақта сақал-шашы ғана емес, қабақ түгіне шейін ақ араласып, тікие сояуланған Дәркембай насыбайын иіскеп, ауыр ойлы есті басын изей түсіп отыр. Кәрі көзінің көреген, сергек оты әлі де ошпеген.
Ұзақ өмірде көпті көрген көненің сыр үстінде ұмытпас мінезділігі бар. Базаралының онсыз да жүдеу қабақпен айтқан үй жайын ол қозғаған жоқ. Бұның әуелгі айтқаны - бүгінгі байығандардың жайы. Базаралы кеткелі әкімдікпен, айла-тәсілмен, саудамен мол байлықтар тауып кеткендер бар. Бір
Тәкежанда қазір сегіз жүз жылқы бар екен. Жиреншеде сегіз жүз, Оразбай мың бес жүзге жеткізіпті. Абыралы, Күнту, Жақыптар - бәрі де бұл күнде «мыңғырған бай» атанады. Ал жатақ атаулы болса, оның саны бұрынғыдан да молайып, көп ортасын кедейлік кернеп барады. Осы жайды шола отырып, дәл өздерінің күйіне жеткенде, Дәркембай мысқылдай сөйлеп кетті:
- Көргенің - сол көрген, Базаралы. Сен көшіп жүргенің туралы ғана айттың. Әзір көріп отырғаның сол ғой! «Отырған жақсы, жер емшегін емген жақсы, жауға жалынғанша, қара жерді тырмала!» дедік. ¥шы-қиыры жоқ әлі тілек, әлі үмітпен, баяғы өзің тастап кеткен күйде қырық үйлі, қыруар үйлі жатақ болып сорлап, біз де әзер келеміз. Рас, бір тәуірім, жалынып, емініп жатқаным жоқ. Жоқшылығыммен, ит қорлық бейнетіммен, «тұзы сор, еңбегі еш» қам-қарекетіммен болсам да, әйтеуір, жат үйдің босағасында емеспін. «Өлсем, өз шоқпытыма арқамды орап өлем» деген азын-аулақ алданышым бар. Бірақ не керек! Мойнымда қарғыс қамытымдай бір жоқшылық - баяғы жоқшылық. Еңбекке өнім жоқ, қорлыққа өлім жоқ. Сонымен, «жатақтық», «жоқшылық» дегенің, өлмелі өгіздің басына ілінген мойынағаштай үзақөмірімізге сүйретіліп келеді. Желкем жауыр, әукем тозып, сірі болды. Көптің күні осылай, күл боп кетіп барады!-деді.
Бұл да сөз аяғын Базаралы тоқтаған сағаға әкеп сарықты. Әңгіме арасында өз жайының бір ғана жүбанышын айтты.
Баяғыда Базаралы жас шағында білетін осы Дәркембайдың інісі Көркембай бар еді. Ол ерте күнде ішкі жаққа, орыс ішіне жалға жүріп кеткен болатын. Базаралы кеткен соң, сол Көр-кембай өлер шағында ылдидан, орыс ішінен Дәркембайға сәлем айтқан екен. «Көзім тіріде бір көрісіп қалайық!»- депті. Дәр-кембай барып жатқанда, сол інісі қаза болыпты. Өлерінде жалғыз баласы мен өлмелі кемпірін «қолыңа ал!», «елге алып кет» деген екен. Содан қалған жалғыз бала Дәркембайдың ендігі тынысы мен куаты боп жүр екен. Ол Дәрмен еді.
Бұл жігіттің тағы бір сырын ашып, Дәркембай өзі сырлас Базаралыға баян етті. Дәрмен Көркембайдың өз баласы емес екен. Ол баяғыда Құнанбай өлтіретін Қодардың немере інісі боп шықты. Көгадай баласы екен. Сонау бір жылдарда Құнанбай Мекеге жүрерде Дәркембай қасына ертіп барып Құнанбайдан есе сұрауға апарған бала Қияспай дейтін осы Дәрмен екен ғой. Қияспай деген лақап атты «қыңыр» деп мінеп, бір көлденең ағайын қойыпты. Өз аты Дәрмен екен. Сол жетім баланы
Дәркембай өзінің інісіне апарып бала ғып беріші: әрі ағайынның баласы, әрі Көркембайда ұл жоқ болған. Оның үстіне, Дәрмен бала соншалық зерек, ыстық жас болған соң Көркембай біржолата өз баласы етіп кетіпті. Дәркембай да оны ендігі жалғыз бір көзіндей көреді екен.
Дәркембай кейін сол жалғыз жігіт - Дәрменді өз қолымен әкеп Абайға қосыпты. Қазір бір жағы жатақта, бір жағы Абай қасында жүріп еттірлік етеді екен.
Базаралы Дәрменді көргенін айтты. Оның өнеріне жұрт сүйсінгенін, әсіресе, Абай ден қойып отырғанын еске алды. Дәркембайға бұл сөзді Базаралыдан есту сыйдай көрінді.
- Басында домбырамен былғақтаған, ойсыз, талапсыз сауықмасы ма деп ем! Енді бақсам, келген сайын Абай сөзін айтып келеді. Өзі де Абайдың ізінде, жолында сияқты. Сонысына ішім жылиды!-деді.
Базаралы жақында Абайдың Дәрменге айтқан өсиетін еске алып:
- Дәке, ініңе Абай үлкен сөз айтты-ау! Өзге іні-балаға айтпаған сөзін, артпаған үмітін Дәрменге арнап, соған артып отырды бір сөздің кезегінде... Сонысы маған қатты жақты!.. Абай, тегі, Құнанбайдың Абайы емес, халықтың Абайы бопты ғой мүлде! «Халық болғанда, жылаулар халықтың қысынан табылсам» дейтін бопты. Сонысына Дәрменді қанатқұйрық еткендей. «Бір үлкен өлең мен үлкен өнер айт! деп баулып отырғанын көрдім,- деді.
Дәркембай тағы да көңілдене түсті.
Енді бір кезекте Базаралы қалада өзін қарсы алған Оразбай, Жиренше, Бейсенбі, Күнтудай байларды да еске алып сырласты.
- Көп күндер орталарына алған болды. Ертелі-кеш бірі «ақылым» деп, бірі «нақылым» деп құлағыма қайдағыны құймаққа тырысты. Аңғарсам, бәріңде жатқан бір мүлде бар екен. «Басын тауға да, тасқа да соққан Базаралы емес пе еді. Барған жерінен артық жамандық таппас. Осыны тағы шүйлеп салайық» деп, мынау сайлау жөнімен өздері арбасып жүрген таласына енді мені жекпек тәрізді. «Құнанбай баласында сенің кегің болса, біздің де өшіміз бар. Кегің кеткен Құнанбай балаларын осы бетіңмен бір соғып қал, соқтығып қал!» дейді. Менің қолыммен от көсемек болады. Бүгін өзіңмен оңаша сөйлескенде, осылардың осынысына не десем екен, неғылсам рауа деп, ақыл қосайын деп ем. Бұндайды ойлағаның бар ма, қартым!?- деді.
Дәркембай көп іркілген жоқ. Ол Базаралыға тоқтау салған жоқ. Қайта қайрау айтқан сияқты. Бірақ әуелден басып айтқаны:
«Тек шиырынды, сырыңды соларға қоспа! Олар өзегін берген болсын-ақ! Бірақ қыл мойынға тақағанда сені тастап, сытылып, ойнақтап шығады. Өз таразыларын бағады» деген. Осы ойын таратып келіп:
- Қайратың болса, қажырың жетсе қамырығың бір халқыңмен болсаңшы. «Істеме» демеймін! Сенің қасың бұл күнде өзара жаулық үстінде әлсіреп отыр екен. Сондай қайрандап тұрған шағында қақсата бір ұрып қалсаң, ол осал болмайды. Бірақ сол ісінді де халықпен істе. Тек кеңесінді жатқа қоспа, жанкүйер жақыныңа, өзіндей өзегі талған мұндасыңа қос!- деді.
Базаралы осы тұста жеті ауылдың Тәкежаннан көрген қорлығын еске алды.
- Жер менен жердің түгі зор сордың түбі еді ғой, Дәке! Құнанбайдан да қалың елдің көрген қатты тепкісі бір жағынан жерге тірелуші еді ғой! Бұл күнде Құнанбай өлсе де, Құнанбайлық құрымапты. Қайта өршіп, өрбіп, құныға түсіпті. Тепкі емей немене, ана жеті ауылдың көргені!?
-Атама! Еске алсам зығырым қайнайды. Әбдінің орағы Әзім-байдың қылтасын қырықса, рауа ғой деп ем! Жылаулар ел дегенім сол, солар. Жоқтасаң соны жоқта. Жағаласып жарғылассаң сондай сорлаған сансыз көп үшін аранда. Әзімбайдың зорлығын естігенде, бар Шынғыстың іші-тысындағы сай тасына дейін шулаған жоқпа? Соққы-тепкі көргеннің бәрі жағасын ұстап,тісін басты ғой,- деді.
Дәркембай жеті ауылды жақтай отырып, намысы бар азаматқа бетсілтегендей.
Базаралының қазіргі Дәркембайдан алған ку ат сөзі оған қанат бітіргендей. Қайратты ер енді қалжың тәрізді бір ой тастап сөйледі:
- Ақылың ақыл-ақ! Бірақ маған тағы бір ой келеді. Осы кез ел мойнындағы еркелерің бірімен-бірі белдесіп, жамандасып жүрген кез екен ғой. Солардың желіктіргең бетімен соқтыққан кісі болайын. Дәл оздерінің ұяласының біріне қалтыратқандай, қатты бір соққы сермейін, Дәке! Тұра тұр, Дәке! Мен ақылды осы сенің қасында отырып таптым ба деп отырмын! Тек аз ғана аял болсын. Не көрмеген басым! Телі-тентегің «бір сойқанды бастауға дәл осы дәмнің үстінде бекінді» деп біл, Дөке!-деді де, Базаралы дастарқаннан бір түйір ірімшікті алып, ант ырымен жасағандай болып, аузына салды.
2
Күзектің суық, сұрқыл жүдеу бір күні бүгін Қашамада отырған Тәкежан аулының үстінде тұр. Тобықты жерінің бір шеті жайлау болғанда, тағы бір шеті - күздеу. Жайлаудағы ең төргі өріс пен күзектегі ең жырақ, шеткі қоныстар Құнанбай ауыл-дарына қарайды. Ал бұл ауылдар ішінде малы мол болғандықтан және шаруаға пысық, тықақ болғандықтан Тәкежан аулы әрқашан өзгелерден озып, шырқау барып отыратын. Сондайда қонатын күздігүнгі ең шеткі қонысы осы Уақ жеріне тіркелген Қашама деген күзек болады.
Кішкене көлдің шетін ала отырған жалғыз ауыл - сол Тәкежан аулы. Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі сығылысып жақын қонған. Үйлер арасында шиден ықтырма жасалыпты. Түнгі малдың жағасына өздерінің қонысын бейімдеп отырған шаруақор ауыл танылады.
Тәкежанның өз үйі - көл жақ шеттегі үлкен абажадай қоңыр үй. Өзге жеті-сегіз жыртық лашық - малшылар үйі.
Ауыл сырты тозған, сары жұрт болса да бай ауыл қарашаның қатты суық қара желіне жонын төсеп, күзеқті тақырлап жеп бітіргенше көшпей, тыртысып отыр. Тәкежанның қалың жылқысы мен қой, түйесі де ауыл маңында жоқ. Алыс қырқа, ұзақ қалың шұбарларда, өрісте жүр. Маңының оты тозған шаруа аулы қазір жақын қонақ келсе, «мал алыста, өрісте еді» деп, өлі ет асып беруге сылтауы өзір. Тіпті, ауыл маңында үрген ит те жоқ. Олар да сорпа-сүйек тимеген соң, жүдеу күздің күнінде тышқан аулап, қаңғып кеткен.
Осындай сырт ажарында дағдылы тірлік белгісі жоқ, суық қабақ жабырқау ауылға үш салт атты келді. Бұлар; Абай, Ербол, Дәрмен. Ойда жоқ көңілсіз бір жұмыстар еріксіз атқа міндіріп, осы Тәкежан аулына келтірген. Абай аттан түскенде, қабақ шытынып, амалсыздық, ажарын көрсетті.
Үй ішінде Тәкежан, Қаражан бар. Және бұл күнде дөңгелек, қалың, қызыл жүзін қоршалай қабындап шыққан қара сақалы бар Әзімбай отыр екен.
Келгендер үй ішіне баяу амандасты. Тәкежан інісінен кейінгі елдің амандығын, жай-жапсарын сұрап, Абайдың келісінен әлденені сезгендей болды. «Ел іші тыныштық па?» деген сөзді, «бөтен, бөгде ұрыс-қағыс жоқ па?» деген жайларды көп сұрасқан. Қаражан мен Әзімбай болса салқын, сызды қабақтарын ашқан жоқ. Үнсіз ғана кезек өмір етісіп, қазан астыруға белгі беріскен.
Олар Абайдың бұл ауылға сирек келетінін біледі. Келсе, жайсыз сөз ала келеді деп ойлайды. «Үнемі бұл үйді сынап, қырына алып жүреді» деп өздерінің өкпелейтінін бірде-бір кез ұмыт-пайтын. Қалың, жылы киім киген бай-бәйбішенің бұл күнде күзекте тігіп отырған үйі де жылы екен. Айнала қалың киіз, текемет, кілем тұтылған. Ортада сары қидың оты маздап жанады. Малға жібермей, үйдегі өлі етті асқызып жатқан Қаражанның ажарын сезіп отырған Абай көп іркілмей, осында келген шаруасын айта бастаған.
Ол екі жұмыспен келіп еді. Біреуі - Семейтаудағы Бура жоқшыларының жұмысы. Осынан он бес күн бұрын сол елден Тобықтының ұрынары бір айғыр үйірі қысырақты алып кетіпті. Осыны Серікбайдан көреді. Ал Серікбай болса, Тәкежанның қолынан келетін ұры деп, сол Серікбайды қағып, арылып берсін деп өтініш еткен екен.
Абайдың бір сөзі - осы. Бұл сөздің сырты сыпайы ай-тылғанмен, ұққан кісіге ауыр айып тәрізді. Біреудің ақадал малын алған баукеспе, жәлеп ұры бар. Сол саған арқа сүйейді, яғни оны ұры етіп, осы қылмысты істетіп отырған сенсің! Ендеше, оның істегені үшін жауап беретін де сен. Осынынды жөнге сал, қылмысыңа жауап бер деген тәрізді.
Абай емес өзге қазақ мұндай жайды мың жерден майдалап айтып келсе де, Тәкежан ақыра қарсы тұрар еді. Қазір қу зымиян үй іші әлденеден құр томсарғаны болмаса, басқа сыр берген жоқ. Тәкежан аз отырып, айлалы бір қыр тауып, ащы мысқыл айтты.
- Түгел Тобықты ұры. Ол ұры болған соң, елдің басы - Құнанбай қажының аулы да ұры. Оның ішіндегі жасы үлкені Тәкежан - бас ұры болады. Сүйтіп, мал іздегеннің жоғын қаққанда, сұрау салғанда, сол Тәкежаннан бастап арылады ғой, тегі. Сен болсаң, бұл елдің ұяты боласың, сол ұялғанның басы осы деп мені торисың ғой!- деді де ызалана күлді.
Абай Тәкежанға сазара қарады.
- Біле білсең, менің сенен бөлек үятым жоқ болар, Тәкежан. Сен үялтар іс қылсаң, мен ұялмай аман қалар дегенге итім сенер ме! Сені ұялтып, соған мен семіреді деген бақал есепті қашан қоясыңдар осы, түге!?- деп, Қаражан мен Әзімбайға да суық қарады.
ұрты салбыраған қызыл қабақ Әзімбай жуан ақтаяқты өткір қара пышақпен жонып отырып, үялмастан ернін шығарды да, мырс етіп күліп қоңды. «Сенгенім-ақ» дегендей, ішінен жауыққандай сес білдіреді. Тәкежан жаңағы Абайдың сөзінен соң:
- Ішек-қарын аршысып, сырласпайықта ырғаспайық, Абай. Айтқаның Серікбай ғой! Ол итінді бұл ауыл көрмегелі алты ай болды ма, немене? Қайда тентіреп жүргенін білген кісі көргем жоқ. Ұстап ал да, үйтіп же! Арылғаным сол!- деді.
Айғағы, айтушысы жоқ дау болғандықтан, Абай бұл сөздің Тәкежанға дарымайтынын өзі де сезіп келіп еді. Әзірге жау апқа жарымай, Бураның малы жөнінде іздеу, сұрауды кейінге қалдырын, ол жайды бір доғарды. Тәкежан ұрлатқаны шын болса, ол малдың жоқтаушысы өзі болатының сездіріп отыр. Бүгінге сонысы жетерлік.
Қымыз жиылып, шай ішіліп болған соң, үнсіз үй ішінде Абай екінші бір сөзін бастады. Ол - Тәкежан мен Жігітек арасында қыстаудағы шабындық жөнінде туып жатқан жаңа даудың жайы.
Абайдың ендігі жеткізген сәлемі осы. Тәкежан бұны тыңдап бола сала, ойында отырған ең мазасыз бір сөзінің жөнін сұрады.
- Осы сөзді Жігітектің сол ауылдары сөйлеп отыр ма? Жоқ, әлде, басына бәле бұлты оралып жүрмесе, бойына ас батпайтын Базаралы құтыртып отыр ма?
- Базаралы болса қайтуші еді! Ет бауыр туыс онікі! Жер болса, тағы онікі. Есесін жоқтаса да бәле іздеген бола ма?
- Есесі кетіп жүр ме екен? Жерін алсам, жемін бермеуші ме ем?
- Ол есе ме еді? Тендікпен беріп отыр ма едің жерін? Тартып алатынсың да, тамағына болымсыз бірдеңе тыққан болатынсың. Жылдағы жайың кімге жасырын еді?
- Осы созді Базаралының өзіне-ақ сөйлетсең етті, Абай! Менің зәулім сен болып неғыласың!? Айдаудан келмей жатып, арындап жүр дейді ғой Базаралы. «Көрсетемін, кездесемін» деп! Естілмей жатқан жоқ. Соның құтыртып отырғаны ғой, бас көтертіп!
- Басылған бас көтерсе жазалы. Базаралы базынасын айтса жазалы! Зорлықты өзің етесің де, «зорлық кәрдім» десе оны кеп жазғырасың.
- Базаралы сенің жоқшы болғанынды тілейін деп жүрген жоқ. Абай! Осынымды қашан айттың деме! Ел сыбысын естімей жатқаным жоқ, бұндайдан опық жегенде көрермін.
- Базаралыға қылғаным аз еді деп отырсың ғой, Құнанбай баласы.
- Е, жылаулар Базаралыны тауыпсың ғой! Менің етімнен өтіп, сүйегіме жеткен соның тіс-тырнағын сен бір сезбей-ақ кеттің-ау, Құнанбай баласы бола тұра!
- Базаралы жылатқан қазактың баласын мен көргем жоқ, ендеше! Айдаттың да байлаттың, торғайдай тоздырып, көбінің көзіне көк шыбын үймелеттің. Сонда да «мен қорлықты Базаралыдан көрдім» деп, бақсыдай сарнайсып да отырасың ғой!..
Екеуі осыңдай зілді шапшаң сөздермен тез қағысып, айтысып барып, томсырасып қалған еді.
Бағанадан бергі Абай жауаптарының тұсында, от басынан бұрыла түсіп, Абайға суық, қырыс қарап отырған Әзімбай, енді қатқыл үнмен кекетіп, бір сөз тастады.
- Түгел Тобықтыны түңілткен Базаралы қылығы естіл-мегеңде, осы өңірде тек бір-ак кісіге естілмепті! Ол - біздің Абай ағам! «Жақсылық, жақсылық» дейміз, жақсылық намыссыздық болса, сол жақсылық аттысы құрып-ақ қалса екен осы!- деді.
Бұл күнде азуы шыққан қатал, асау Әзімбай, тегіңде, өлердей тоңмойын, томырық болып келе жатқан. «Тәкежандай емес», «белдесуге берік», «бұзар мінездері білініп жүр» дегенді Абай өзі де естуші еді. Кейбір кәрілерді «Әзімбай боқтапты» деген сөз, кейбір ақы даулаушыны «Әзімбай топ алдында дүре соғып, жазалап-ты» деген сөздің де Абайға жеткені бар. Жаңағы ол айтып өткен сөздер Құнанбай балаларының өзара да айтыспайтын, сирек сыры.
Базаралы - Нұрғаным арасы тағы да кеп, жібімес тоңдай оралып отыр. Тоңмойын, топас жастың аузымен айтылған ұят, арлы сыр. Жамандықтың сабағын әке мен шешеден көп алса да, еңді олардан сұмдығын асыра бастаған Әзімбайды Абай қазір жирене жек кәрді. Шынтақтап отырған жастықтан ызалы кеудесін жұлқа көтеріп, ақырып қалды:
- Тарт, Әзімбай, арсыз тілінді! Әкеңнің аузы бармас арамдыққа бетің былш етпей сен басайын деп пе ең! ? Жақсылық!.. Жақсылық құрымасын. Онымен жағаласқан жан құрысын... қанша жыл жақсылық жолына түсіп, қажығаңдай қайрат етіп ең? Бәле деп, жуандық деп, мал деп көз аштың. Тілің шыққанда боқтықпен, сұмдықпен шығып отырғаны мынау! Жанасып көрген жерің бар ма жақсылыққа! Жақсылық мына Текежан мен Қаражанның отының басында, ошағының бұтында ма екен? Немесе анатеңінде буулы жатыр деп пе ең? Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол дейді жақсылық, Аяныш, әділет, адал жүрек керек дейді жақсылық! Есітіп көріп пе ең, сен мұндайды! Жоқ, жақсылық құрымасын, одан садаға кетсін сендей алласы мен арамдығы қос қыртыс боп қосылып кеткен надан кеуде, өзімшіл жаңдар!
Әзімбай жауап қатқан жоқ. Бірақ Абай сөзін биірместен тағы да ернін шығара «мырс» берді де, етегін сілкіп тастап, атып тұрып,
үйден шығып кетті. Аға сөзіне сәт те болса ой салу жоқ. Жамандасып ішінен боқтасқандай, ұстасып кеткен кетіс.
Баласының ашуын Тәкежан аңғарып отыр. Ол Абайдың Жігітек жөніндегі сөзіне де көнген жоқ. Қысқа түйіп айтқан жауабы:
- Биылғы жылы шауып қойдым. Шапқан шөпті Жігітекке беріп, кішірейетін жазығым жоқ. Келесі жылы сөйлесерміз. Мына пішенді қайырмаймын. Егер Жігітек тасып аламын десе, күздеуден қыстауға қайтқан сапарымда, сол он қыстаудың үстіне қонып аламын да, тасытып алған пішенді бар малыма жегізіп болып қана өз қыстауыма көшемін!- деді.
Айтқан сөздеріне зорлықшыл туысын көндіре алмаған Абай, енді үнсіз тыйылды да, отырып қалды.
Тағы біраздан соң қабағы келіспеген үйді үнатпай, ас піскенше тысқа шығып кетті.
Ауыл реңі өзгеше жүдеу еді. Далада бұттары жылтырап, жалбыр-жұлбыр киініп, бүрсендеген, күс басқан аяқтары қызарған кедей балалары көрінді. Бай үйінің сыртын жағалап, жүк жиылған күнес жақта ақырын күбірлеп ойнайды. Қойшының қоңыр лашығының бір үзігі сыпырылған. Қолы, беті жарылған жұмыскер әйел үйінің жыртығын жамап отыр. Жалаңаштанған үйдің керегесінен жүдеу, шоқпыт жоқшылық көрінеді. Арқасына ала қап жамылған, басына шоқпыт тымақ киген кәрі кемпір сол шала жағылған үй ішінде, қара суық астында малма сапсып отыр.
Абай жалғыз өзі жағалап, осы үйге тақады. Ішінен: «Мынадан да ауыр күй болар ма? Неткен сор! Қара суық күн мынау, баспанасыз жел әтінің астында лыпасыз, жылусыз жыртық шоқпыт жандар мынау... Кімдер екен?» деп, әуелі үй сыртында құрым үзіктің көп тесігін жамап отырған жас әйелді көрді. Абай бұл әйелді танымайды екен. Жүзі жүдеу, киімі жұқа келіннің ажарында науқас белгісі бар. Беті-қолында көк тамырлары білініп, жөткіре түседі.
Абайға жалт қарап именген жүзіне болымсыз қан ойнап шығып, дәл екі бетінің үшында дерт таңбасындай айқындап тұр. Келінмен амандаса бергенде, Абайға үйдегі кемпір де бұрылып қарады. Бұл үй кімдікі екенін, Абай енді таныды. Кемпірге тақап кеп:
- Ойпыр-ау, Иіс-ау, сенің үйің бе еді бұл?! Осынша жүдеп, тозған кім болды екен деп келе жатыр ем!- деді де, Абай Иіс кемпірдің қасына үй ішіне кірді. Енді аңғарып қараса, Иістің жыртық күпісінің екі етегі жайыла түсіпті де, екі жақ бүйіріңде
екі кішкене бала суықтан тығылып, паналап отыр екен. Бала-лардың жақтарынан боздағы шыққан, шаштары ұзартан. Жүздері мен кірпіктерінде қалың қорқыныш пен ауыр уайым тұрғандай. Екеуінің де көздері Абайға жасқанып, жалына қарайды. Қап-қара ашық көздері де жазықсыздан жаза шеккен панасыздық, сор үйелегендей. Арық, құп-ку беттерінде аштық табы да бар. Көздері алара түскен әлсіз балапандар тағы да бүрісіп, әжесіне тығыла берді. Шамасы, бес пенен үш жастардағы аянышты бөбектер.
Абай Иіс кемпірдің амандасқан сөздерін де еегіместен, екі шиеттей баланы ойлағаңда, өз жүрегі тоңазып, қатты бүрісіп кетті. Иіс қапалық жайын баяңдап отыр.
- Қарағым Абай-ай, бізге берген күнді ана байдың үйінің иті екеш итіне де бермесін, неғыласың!- дейді.
Абай бұл кемпірдің баласын еске алып;
- Балаң қайда? Иса қайда? Әнеугүні пішен басында «бір азаматтық ісін көрдік» деп келіп еді Мағаш. «Баласын өжет, жақсы етіп өсірген екен Иіс» деп еді.
- Сол өжеттік басына жетпесе неғылсын! Қырына алып отыр ғой Әзімбай. Қойшы етіп, күнұзын лыпасыз күйде қой шетіне салып қойды ғой!- деді.
Кішкене бөбектерден әлі көзін ала алмаған Абай балалардың бастарынан сипап, аттарын сұрады. Үлкені - Асан, кішісі Үсен екен. Аттарын өздері ақырын ғана шала сыбырлап, тымауратқан үнмен айтып берді.
Абай Иіегің бірталай мұнын тыңдап еді, келіні болса ауру екен. Ыстық істеп ішерлік отын табар да жан жоқ. Иса болса, ымыртта бір-ақ келеді. Ауру келінді отынға жіберуге кемпір аяйды. Сонымен күнұзынн мынау кішкентай лыпасыз екі немересін осылайша бауырына басып отырады екен.
- Күнім осы, балапанын қанатының астына тыққан кәрі тауықтай отырғаным мынау!- деді.
Тәкежан үйінің жаныңда қалың киіз жапқан отау үй бар. Ол - Әзімбай отауы. Сол үйдің жанына түйе шөгерілді. Тендеп әкелген қара киы бар екен. Қаражан бұл кезде үйінен өзі шығып, қи әкелген бурыл сақал малшыға зекіп, өмір етіп тұр.
- Қиды берме, түгі көрінгенге. Үлкен үй мен отауға ғана бөліп қой! Отын көрінсе шетінен қылқиып, «бір жағым», «екі жағым» дептіленіп,телміріпкеледі детұрады. Тарт! Жоғал үйлеріңе! Неге келдің, сен қатын?- деп, жылқышының келіншегіне,- сен де аулақ бар - деп қойшыға және бірер жыртық киім, жүдеу жүз, боздағң шыққан бала мен қыздарға ақыра зекіп, айдап салды.
Тек жұрттың бәрінің соңынан ақырын басып, қорғанып келген отыншының кетік тіс, шұбар кемпіріне ғана орта қап қара қиды зорға өлшетіп берді. «Ал осыған ырза бол!» деп, Қаражан кейін қайта берді. Абай осы кезде Қаражанды тоқтатып, бір қап өзі бұйырып бөлектүсірпі де, отыншыға алғызып, Иіс кемпірдің үйіне жөнелтті.
Абай Қаражан қайта бұрылғанда күліп жіберді де, жеңгесін әжуалап қалжың айтты:
- Шіркін, Қаражан-ай! Сенен де мырза бай бар ма екен? Кедейін сендей жарылқаған бәйбіше көрсем кәзім шықсын! Қайтіп қана қара қндың орта қабын қиып бердің,- деді.
Қаражан өз ісінен қысылғандай болды. Бұл күнде әжім тартқан сұрғылт жүзін сәл жадыратып, Абайға көзін сығырай-тып, күліп қарады. Орамды тілін, айтқыштығын бұл жерде ірке алған жоқ.
-қасымнан бетер қайным-ау ? Бұл жерде де сыртымнан бағып, сынап тұр ма едің?- деп, Абайға есік ашып, үйіне кіргізді.
Қаражанмен әзілдесуі, Абайдың бағанадан бергі түйілген көңілін басқаша жадыратқандай. Ол қазір айналадағы бар көріксіз күйкі күйлерден өзінше бір өзгеше ұшқын, шабыт алғандай болды. Ызалы мысқыл аралас ашынған ой сергек оянғаңдай. Төрге қарай ширақ басып кеп, отыра сала Дәрменнен қағазбен қарындаш сұрады.
Дәл осы кезде тыста, үй сыртында, дабырлап жүрген ұсақ балалар сықылығы естіліп еді. Жыртық киім киген, үрпиіп тоңған жүздері бар үш-төрт кішкене бала есіктен бас бағып, оты маздап тұрған үлкен үйге сығалайды. Жылы жерге жақындауға батылы да жоқ. Қызыға, телміре қарасады. Қаражан ол балаларға көзі түскенде «тәйт арман, шық» деп, шошыта үркітіп жіберді.
Сол балалардың алдында үй ішіне батыл енген кішкене қара домалақ бала Шөпіш еді. Ол-Тәкежан, Қаражанның Әзімбайдан туған үлкен немересі. Ет пісер кезде үлкен үйге жолдастарын ертіп жүгіріп келген. Қазір қаражан қазаннан бір жілік түсіртіп, сырлы тостағанға салып, сол баласына ұстатты. Қолына кездік беріп, сыбырлай бұйырып, ақыл айтып жатыр.
- Үйде отырып же! Далаға шықсаң, ана кедейдің өңшең сүмелек баласы қолыңнан алып қояды, жалынып сұрап! Емініп артыңнан қалмайды, асынды ішкізбейді, зәр ішкірлер! Шықпа, қасымда отырып же!-деп қақылдап отыр.
Шөпіш бала кетейін десе, кете алмай, құрбыларынан ұялып, жалтақ-жалтақ етіп, асын да жей алмай аландап қояды. Бірақ
ызғарлы шешенің құрығынан құтылар да емес. Абай бұл күйді де мысқылды жүзбен түгел бағады. Ойлы көзі үй ішіне, Қаражан, Тәкежан жаққа жалт-жұлт қарай түседі. Шапшандаған шабытпен құрыш сөздер қатарларын құйып отырғандай.
Ербол мен Дәрмен от басына жақын отырған Абайдың сырт жағында жантайысып отырып, күбірлесіп қояды.
Ербол Абайдың мұндай ашу артынан, қатты қақтығыс, сілкіну артынан өлең жазса, мысқылсыз жаза алмайтынын біледі. Дәрменге күбірлеп:
- Бала, Абай өлеңге кетті-ау! Дәл осы жолы кімге шан-шылатынын аңғарасың ба, жоқ па?- деді.
Дәрмен бағанадан бергі дауда әзі қадірлейтін Базаралының бір мұнды күйлерін ойлап отырған. Сол бетімен топшылап:
- Мен білсем, Абай ағам Базаралының Тәкежан мен Әзімбайға айтатын дауын жазып отыр!- деді.
Ербол ойы олай емес еді.
- Жоқ, мен білсем, дәл бүгін бізге мал соймай, кәрі қойдың өлі етін асып отырған Қаражанның сараңдығын найзаға шаншып жатқан болуы керек. «Соны айтса екен!» деп мен де жатырмын. Қазанның сыртына қарап, қарным ашып отыр!- деді.
Дармен қалжың айтты:
- Ереке-ау! Қарныңыз қанша қоңылтақсығанмен, Абай ағамның өлеңін Қаражанның қазанына түсірмей-ақ қойсаңыз нетті! Бұндай асқа сараң байдың сыбағасын өзіміз де бере алмас па едік!- дегенде, Ербол да күлді.
Осы уақытта Абай жазуын тоқтатты. Енді:
- Ербол! Дәрмен!- деп, екеуін қатарына шақырып алды - Тәкежан, Қаражан, сендер де тыңдандар!- деп, үйдің ішін тегіс елең еткізді де, жаңа өлеңін оқып кетті:
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай. «Ерте барсам жерімді жеп қоям» деп, Ықтырмамен күздеуде отырар бай!-
деп бір тоқтады. Айтып отырған аулы, қазір өздері отырған Төкежан аулы екені тыңдаушының барлығына тап еткендей таныла кетті. Ербол мен Дәрмен:
-Е..бәсе!..
- Бөрекелді, Абай аға! - десіп қалды.
- Айтпап па ем, бала! Тоқтай қал!- деп Ербол сыбыр етсі Содан әрі Тәкежан аулындағы мал баққан малшының, отыны жоқ көрші үйлердің күйлері кетті.
От тауып жылына алмай боздағы шыққан балалар соры да үмытылған жоқ. Орта қап қара қи, кәрі қойдың етімен Ерболды жөнелтпек боп отырған сараң үйдің есебі де айтыла келді. Дәл осы үйдің балалар турасында танытқан ит мінезіне арналған қатты мысқыл сөздер еңді шығандап шықты. Бай үйіне батып кіре алмаған, жасқаншақ, жыртық балалар мен олардан тамағын ұрлап ішіп отырған Шепіш танылды. Кедей баласына жиреніш атып отырған, ысқырған Қаражан мінездері қаз-қалпында өлең қатарына түсті.
... Бай үйіне кіре алмас тұра ұмтылып, Бала шықса асынан үзіп-жұлып, Ық жағынан сол үйдің үзап кетпес, Үйген жүктің күн жағын орын қылып.
Әкесі мен шешесі баланы андыр, О да өзіндей ит болсын, азғыр-азғыр! Асын жөндеп іше алмай қысылады, Құрбысынан ұшып өншең жалбыр,..
деп, шүйілген жолдар иесін тауып жатыр. Әсіресе, «О да өзіңдей ит болсын, азғыр-азғыр!» деп әйгілеп айтқан ауыр соққы Қара-жанды қақ бастан қамшымен ұрғандай болды. Бай мен кедей арасындағы бітімсіз андысқандақ айтылды. Балаға шейін екіұдай хал бар екенін Абай айтып бергенде «бұлай емес» деп дау айтар, мойын бұрар шама Қаражаннан табылмастай. Бірақ Абай өлендн бітіргенде, Төкежан мен Қаражан дау айтқан жоқ, ашу айтты.
- Жамандауға келіп пе ең?- деп Тәкежан бастады.
- Құр жамандау емес, жаулап масқара еткелі келген ғой! Ағасы мен жеңгесін «ит» дегеннен артық қандай жаулық болухяы еді?~ деп, Қаражан тұлан тұтты.
Абай тек қана сылқ-сылқ күліп, өленді Дәрменге беріп жатыр. Дәрмен қағазды тез бүктеп қалтасына сала берді. Тәкежандәл осы кезде ес жия ақырып, Дәрменді боқтап жіберді,
- қайда апарасың? Қалтасына салғышын мұның!.. Үйіме кеп? «тамағын жеп, табағын теп!» деген кім екен бұларға!? Бері акпел, қазір жыртып отқа тастаймын!- деп зекіді.
Әмірлі бұйрықпен Дәрменге қолын да созды. Абай мен Ербол қатты қарқылдап күлісіп, араға түсті. Дәрменде бермек ой жоқ.
Тәкежаннан бойын қашандатып, өленді қалтасына тығып жатыр. Тәкежан еңді қатты сұрланып, ызалана түсіп, Абайға анық зекіп отыр:
- Жой мынау өленді! Жоясың ба, жоқ кетісесің бе!?- деп, қадалып тұрып алды. Абай әлі де күле түсіп:
- Сені айтқам жоқ қой, батыр-ау! «Ит» дегенде қатынынды айттым! Қаражанға да әзіл айтқызбаймысың? Жоқ, әлде, менің өлеңімнің әзірейілі сен бе едің! Тіл тигізсе кәпір болатын, сенің қатының қажы ма? Әулиең осы ма еді?- деп, жолдастарын күлдіре сөйлеп, қалжыңмен құтылмақ боды. Бірақ Қаражанның ашуы көздің жасына да айналды.
- Қасым айтпайтын сөзді қайным боп айттым дейсің! Иланбаймын! «Үйелменіңмен, үйіңмен жаусың!» деп отырсың ғой тағы! Кешпеймін! Қайным болсаң, жырт! Жой қазір!- деді.
Тәкежан да «жоғалт, жой» деп, Абаймен алысардай қадалып отыр. Ербол сол арада Дәрменнен өленді алып, жылдамдатып қайта оқып жатқан. Енді екі туысқан арасы анық ұрысқа айна-латынын көрген соң, ол жаңағы Қаражанды тулатқан балалар жайыңдағы екі ауыз сөзді қайта-қайта қайырып, жаттап алған-ды. Қазір Абай қолыңдағы қарындашты сұрамастан ала қойды да, Тәкежанға қарап:
-Тәкежан, бар өлеңді жоймайық. Оның тіл бата алмас зорлық блады. Өлең сөз әзіл де болса, салмағы ауыр, зәрі кетпейтін сөз екені рас! Қаражанға тиген жерін мына мен өзім жоқ қылайын! Міне, өшірдім!- деді де, жаңағы екі ауыз өленді қайта-қайта сызып, өшіріп тастады.
Осылайша бар сорақысы бадырайып тұрған әрі зорлық, әрі жуандық, әрі арамдық үясындай бай аулында, сол күнгі қазақ сахарасының басындағы тарихтай, күйзеу күздің күнінде Абайдың анық өлмес, өшпес және бір сазы туып еді.
3
Қыстаулық жерін үнемдеп, алыс күздеуде алғашқы қар жауғанша тырысып отырған Тәкежан аулы Мұсақұлдағы қыстауға енді тақап келген. Анада Абай келіп сөз қылған Жігітек ауыл-дарының пішен дауы енді бірталай даңға айналды. Абай өз туысқанын айтқанына көндіре алмаған соң: «Тәкежанның істеп отырғаны зорлық. Мен арылдым, айтқаныма көндіре алмадым. Бұл өктемдікке қандай жауап етсең де рауа. Есенді жоқтай біл, ағайын» деп, Әзбеген, Шүйгінсуда отырған Жігітектің он шақты кедей аулына өзінің сәлемін айтқан. Сонымен жаңағы ауылдар Тәкежан шаптырып, үйгізіп қойған он шақты мая пішенді өзді-өзі қыстауларына тасытып алған.
Осы жайды Мұсақұлға тақап келгенде естіген Тәкежан бір түнде ат шаптырып Ызғұтты, Майбасар, Ысқақтарды шақыртып алып, тентек кеңес құрып, қыңыр байлау жасаған.
Жігітек айтқанын істесе, бұл да сонда ашу үстінде айтқан зорлық сертін осы кеңес бойынша орындауға бекінді. Сөйтіп, елдің бәрі қыстың шеті ілінген соң тегіс қыстауларына қонып алса да, Тәкежан аулы тың сылтау тауып, қыстауға баруды кейінге қалдыра тұрды. Соңғы көшкенде тура жаңағы Шүйгінсу, Әзберген сияқты қоныстарды қыстап отырған он ауыл Жігітектің дәл қыстауының үстіне барды. Солардың жеріне қалың қойын, түйе, сиырын қаптата жайып, баса қонғалы көшіп келді.
Көш алдында Тәкежан, Әзімбай, Майбасар бар-ды. Қас-тарына он шақты ер-азамат, нөкер ертіпті. Қалың көптің қонатын орнына кеп, топтанып тұр. Жігітектің кішкене шым қоралары аяғының астында қалып бара жатыр. Аз ғана ауылдардың қыс талшық ететін, иек астындағы болымсыз ши қорықтарына қалың қой мен түйе, сиыр жапырлап кеп түмсық салды. Кейбір қора-лардың аласа қоршау артындағы маяларына бос түйелер, қоңқақ мүйіз үлкен сиырлар артыла тұра қалып, қарбыта асап жатыр. Бұншалық өктем зорлықты күтпеген момын ауылдар қазір біріне-бірі жүгірісіп, жалғыз-жәутік тай-тулағын мінісіп, шапқыласып әбігерге түсті. Аздан соң Жігітек ауылдарынан бас құрап аттанған он шақты салт атты Тәкежан аулы жүгін түсіріп, кереге жая бастаған кезде сол зорлықшыл ауылға қарай беттеді.
Жігітектің бұл жиынының ортасында Базаралы бар. Тәкежан-дар әлі үй тігілгенше, тобын жазбай, ат үстінде мал аралап жүр.
Жігітек тобын бастап келген Базаралы байбалам салып, бақыра-шақыра келген жоқ. Ол тартынған салмақпен сөйледі. Зілі бар сараң тілмен тың қуатты көрсеткендей.
- Жә, Тәкежан мырза! Бұл істеп тұрғаның қысас екені мәлім ғой. Қорқып, бұққан Жігітекті тағы да бұқпа торғайдай басынан асыра тас лақтырып, бұқтыра түсіпсің. Онсыз да жаны ашымас құдайын тағы да таныта түсейін деп тұрсың ба? Жоқ, әлде, жерін жеп, шөбін шашып, жарты лашық жаман үйлерін үйелменімен құртайын деп тұрсың ба? Шыны, мынау қай қылығың?- деді.
Тәкежан қамшысын ердің қасына көлденең салып, екі қолын сол қамшы сабына таянып, үзеңгісін шіреніп тұрып, Базаралыны жер қылардай кекесін жүзбен қарады. О да қысқа сөйлемек.
- Қаумен баласы, сенің қыстауыңа қондым ба? Өз аулың анау, Шыңғыста емес пе? Дел осы жерде сенің қылшығың құрыды ма?
Базаралының сұрауына жауап бермей, бұ да сұрау берді.
- Ағайыным, жанкүйерім, «өртесем де ара түспе» дейсің бе?! Саған да, бұған да ағайын екем, ара сөз де айтқызбайсың ба?
- Өзіңе тимеген екем, ендеше қактықпа, ағайын! Жайыңа тұр, килікпе!
- Жылатсам да, талап жесем де үн шығарма, тұяқ серіппе дейсің бе?
- Сенімен сөйлесер жауабым жоқ. Шешендікке, қаныпезерлікке Базаралымен жарысам деген бәсім жоқ! Жеңсігім де жоқ. Ағайын, аулақ тұр дедім, аулақ бол!
- Бар сөзің осы ғой, Тәкежан мырза! Зорлығыңа, содыр-сойқаныңа жауап та бергің келмейді ғой!
- Келмейді, уә, келмейді!
- Бермейсің ғой жауапты!
- Бермеймін саған!
- Шын бермейсің ғой, Тәкежан!?
- Бермеймін, бермеймін!
- Жә, жепі! Сен де үш қайырдың, мен де үш қайырдым. Жетер шекке жетіскен екенбіз! Енді бүдан былайғы іске, кесір мен кеселге біз айыпты емеспіз. Опық жесең, өзің жерсің! Атадан ұл боп туғаным шын болса, түнығынды бір шайқармын, Тәкежан! Екі ту мақ жоқ болса, екі өлмек те жоқ, Еркек болсаң, осы арадан көіппей отыра бер!- деді.
Қатты ашумен қайнаған үлкен көзін Тәкежан мен Май-басардың бетіне кезек-кезек қадайды. Талайдағы ызалы сөздерін қатты айқайлап тұрып айтып-айтып берді де, «тарт бермен!» деп, тай-байтал мінген кедей-кепшігін ертіп жүріп кетті.
Тәкежан аулы Базаралының ереуіл сезіне былқ еткен жоқ. Қар екі жауса да, үй іргесін шыммен көмдіріп алып, тағы да ықтырмасын құрғызып қойып, күндіз-түн демей ауылдың пішені мен қорығын аямастан жеді де отырды. Түн баласында сол жыртық шоқпыт қоралардың азын-аулақ қыстық отыны, қиларын длғызадаг. Әзімбай мен Қаражан кейбір содыр жігіттерін жіберіп, түйелей артқызып, ұрлатып та алып отырды. Соның орайына, күңдіз-түн бай үйлерінің оты үзілмей, маздапжанады.
Бір қазаның үстіне бір қаза кедей ауыдарды ұлардай шулатты. Тәкежанның осыңдай бишараларды алқымымынан алып, бақыртып отырғаны бүкіл Шүйгінсу Құнанбай қорығы, Қарауыл, Балпаң
елдеріне түгел жетті. Шыңғыстағы қалың Жігітекке де түн асқың сайын дүңкілдеп, сұмдық зорлық хабары естіліп жатыр.
Дәл осы екі-үш күн ішінде Базаралды белгісіз бір жаққа жоқ болып кетті. Шүйгінсудағы жылаулар елдің он шақты жас азаматын өзімен ілестіріп ала кеткен сияқты.
Кетер түнде осы жігіттерге қоса, Қарауыл бойын қыстайтын Жігітектің көп кедей ауылдарынан және отыз шақты жігітті шақыртты. Бір түн отырып, төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған.
- Қолда бар «бүт артар» жалғыз болса, сонынд мің де, Миялы, Байғабылдағы жатаққа жетіндер! Сол арадан басталатын бір жорық бар. Талайдан зығырымды қайнатқан, арманым болған бір жорық. Осыны, сендердей, өзімдей кедей жорығы, кек жорығы, арты не болады деп сұрама! Ортаңа ажал уысынан, арыстан аузынаң құтылып, қайта оралып Базаралы келгенде, «еңді етегіңнен ұстап өлермін-ау» деген серттерің болатын. Оларынды үмытқам жоқ, ер серті деп түсінгем де ұсташам! Соған бекінген тәуекелің рас болса, сарапқа салар күнім туды. Атым жаман деме! Сәйгүлік мінгіземін. Қаруым-қара сойылым жоқ деме. Сенен бетер жылап жүрген жатақ бар. Қолыңа қос сойылды солар қуанып отырып ұстатады. Тек осы сыр бірде-біреуіңнің аузыңнан шетке шашау шықпасын. Жігітектің анау Бейсенбі, Әбділда, Үркімбай, Жабай аулы сияқты қалтырауық байларының құлағына тимесін! Екінші сөзім-тобыңмен беттеме! Екіден, үштентүн-түн сайын жоғалып кет те, сол жатакқа барып жет! Абылғазы екеуміз алдарыңнан тосамыз!-деп сөзін түйген. Бүдан ары не істейтінін, кімге қалай соктығатынын жігіттерге айтқан жоқ.
Тәкежанмен көш адында қағысқан күні Абылғазы екеуі осы әрекетті істеген де, із-түзсіз тартып кеткен.
Қазір сол Базаралы мен Абылғазы Дәркембай қасында отырып, үзақ-үзақ сырлар ақтарысады, мұндар айтысады. Жігітек кедейлері Базаралы беттеткен бағытпен төрттен, бестен топ-талып, жатақ ішіне келіп, әр үйлерге, оңаша ауылдарға жайласқан. Базаралыдан әмір күтіп жатқан. Бірақ бар жігіттүгел келіп болмағандықтан, Базаралының белгісіз ісі әлі аз күн аял күтіп, іркіліп тұрған-ды.
Дәркембайдың кішкене жер үйіңде, пеш жанында отырып үш сырлас шерткен әңгімелер өр саққа кетеді. Қазіргі күндерде бұлар аш-тоғын да елемейді, Дәркембайдың кемпірі істеп берген қара көже ең қымбат, дәмді астарындай.
Бүгін әр түрлі әңгімені өзі қозғап, толғана шертіп отырған Базаралы ғана. Оның ендігі кеңесінде үнемі бір еріске шалқып,
бір сағаға құйып жатқан ой мен есеп бар-ды. Қырық жігіт қимылына бағыпталған көмек әңгіме тәрізді. «Осы іске неліктен бекіндім» дегенді аңғартқандай. Ендігі Базаралы Тәкежан қылығын сөйлемейді. Тіпті, Тобықты ішінің бәлесін де айтпайды. Ол исі қазақ көріп білген жай да емес.
Базаралы каторгада өзімен жолдас болған бір қарт орыстың хикаясын баяндайды.
Ақ сақалы беліне түскен, қалың түкті қабағы көк бурыл мұртындай боп көзіне жеткен. Өткір шүңірек көк көзі, суық қасы көк сүңқар қанатындай жаба біткен жан екен. Бойын Базаралы әз бойынан қарыс ұзынн дейді. «Жиырма жыл айдауда жүрсе де, әлі де екі иығына екі кісі мінгендей. Төсі де төңкерген астаудай. Өзім көрген адамның нары сол!» деп, Базаралы каторгадан тауып қайтқан досы «Керала» деген орыс мужигінің жайып баяндады.
Ішкі Россия жерінде, орыста да сан Құнанбай, Тәкежандар иттен де көп, бықып жатады екен ғой. Өздерін ақсүйек, алпауыт деседі. Солардың қол астында қалың мужик кәдімгі малындай, құлы мен күңі болады. Тілесе, қолымен дүрелеу, жақтырмаса, заты жаман малдай айдап сату, ұлын - құл, қызын күң ету бар екен. Байға берген қыздың еншісіне, құданда, тамыр-жекжаттың қалауына атадан баланы айырып, анадан қызды айырып, кәдімгі тай-құнандай жетектетіп жібереді екен. Осыларды айтқан Керала «өз байым Педоттан, өз көргенім» деп, тағы бір сорақыны айтты. Көрші баймен тазы ит жарыстырып, Педот күндес болады. Сол орайда біреудің жүйрік итін аламын деп саудаласқан екен. Ал Кераланың он тоғызда жасы бар бүлдіршіндей қарындасы болады. Жаңағы тазы ит иесінің сол қызға көзі түсіп сұрағанда, Педот баспа-бас айырбасқа салады. Қыздыңтигелі жүрген жігіті жасық екен, ара түсе алмай қалыпты. Екі бай Педоттың сарайында түнде арақ ішіп, мас болып, жаңағы жас қыз Аксиньяны мазағына алып отырады. Керала сонда намысқа шыдамай, еркектік бір іс етіпті. Терезеден түнде кеп бағып тұрса, тазы итке қыз айырбастап алған қорқау бай Аксинья қызға қорлыған жасап, арын жазалай бастаған көрінеді. Сорлы қыздың кәрі қорқаудан жаны үркіп, шырылдаған екен. Терезеден бағып тұрған Керала балтаны жіберіп ұрып, жаңағы байды жаралап, қан құстыра жығыпты да, тәуекел ғып тас жұтыпты. Орыста «Қызыл қораз» дейтін болады. Мужик орта-сында кекті болған байдың үй-мүлкін өртегенді айтады. Жаңағы бай үйінің төрт бұрышына кәресін мен қарамай құйып, әзірлеп тұр екен. «Бір істеп қалған соң, әйтеуір, басым кетті ғой, не де болса ата-бабам, қарындасым. анам атаулынын қан кектерін ала
өлейін» деп, байдың бар дүкенін, үй-мүлкін, қара-қорда қызынасын түгел лау еткізіп, есі шығып талып қалған қарындасын арқалап алып, қалың меңіреу қарағайға қашып кіріп кетіпті.
Сонымен бір жарым ай бойы тоғай ішінде қашып жүріп, бір бай емес, атыраптағы талай байлардың үйлерін өртеп, шетінен банкрот қыпты. Үзындағы өшінің, қысқадағы кегінің бәрін алыпты. Бір жолы он, бір жолы он бес кісі боп алпауыттар қамағанда, тек жалғыз ғана темір шоқпармен шетінен сілейте ұрып жығып, екі рет құтылып кеткен екен. Үшіншіде қапияда пат-шалықтың қарулы солдаты кеп, үстіне қаптай құйылып, қол-аяғын бұғаулап, түтқын етіпті. Анау жараланған бай өлімші боп, барып-барып ақыры жазылыпты. Бірақ қисық мойын, шолақ қол боп жазылыпты дейді.
Кераланы әуелі өлім жазасына бүйырып, артынан кешірім еткен боп, «өмір бойы, өле-өлгенше каторгада, тар зындан, тас қамауда шіріп өлсін» деп бүйырыпты. Сол Керала, жаңағы өздеріңе мен түсін айтқан аппақ шал, елу бес-ақ жастағы адам дегенде, бағанадан ынтыға тыңдап отырған Абылғазы:
- Алда бақыр, есіл ер-ай!- деді.
Дәркембай да тамсанып, басын изеді.
- Сорлы жазған! Ер жолы осы да.
Базаралы тағы айтып кетті:
- Міне, биыл отыз жыл каторгада, ер өмірін ер кегіне құрбан етіп, алысуға шыққанда өзі жиырма бес жастағы қыршын екен. Жапа-жалғыз басы әрі жалаңаш құр қол, жаяу. Сол күйінде намыс таяғын іркілмей сермепті де, жастығын мол қылып алып жығылыпты!- деп, бір әңгімесін түйген еді.
Керала өз басынан кешкенін ғана емес, отыз жыл бойында талай этапта, талай каторга орындарыңда, шынжыр астында күн кешкен өзіндей сан сорлыны көрігпі. Соңда өзі алдыңғы бір буын ғой... Ал кейін осы соңғы жеті-сегіз жылдар ішінде де нелер қыршын жас, жаңа буындардан шыққан ер крестьяндар да сол каторгаға тіпті көп келіп жатты-ау!
Жер жөнінен қысым, таршылық-тапшылық көргеңде, қалың крестьян төреден, жуан қожадан, жерлі байдан көреді екен. Солармен, тіпті, патшалықтың өзімен де алысқа шығып, сорлаған кедей крестьян атаулы жыл сайын, ай сайын алысып, қырқысып жатады екен ғой. Міне, соларды бастаған сан ерлердің де топ-топ болып, Сібірге каторгаға түскенін көрдім. Бұлардың алысы мүлде бөлек. Жекелеп шарпыспайды. қалың ел боп соқтығады екен жауларына. Көп шерлерін, сырларын тыңдадым. Айызым қанды, не керек.
«Мың бір түн» мың бір түн емес, «Бактажар» бақтажар емес, анық «Бақтажар да», «Мың бір түн де» шіркін, сол есіл Керала әңгімесі еді. Әр әңгімесін мен де жадымда тұттым. Бәрі де жаңағы Кераладай, өз тұсындағы Тәкежаннан жапа шеккен, опық жеген өңшең Базаралы, Балағаздар көрінеді. Бірақ сонда Құнанбайдың тізесімен қуылып барып, жаңағылардың әңгімесін естігенде, үнемі өкінішім қалмаушы еді. Мені сонда жүргенде «елден кеттім-ау!» деген қайғы емес, күні-түні сүйегімді кемірген бір өкініш боп еді. «Аяқтағы суға ағып өліппін-ау!», «Кеткенде түк бітірмей, текке кетіппін!», «Тым құрыса, біреуіне естен кетпес бір соққыны, тәубесін есіне түсіре, неғып соғып кетпедім!» деп, өзімді-өзім қинаушы ем» деп тоқтаған.
Дәркембай мынадай үлкен сүре әңгімені барлық ерекше ауыртпалығымен таңырқап тыңдады. Өзіне түсінікті күйдің соңынан туған әділ ашуға бұның да барлық ереуілші жүрегі қоса қызып, қозғаңдай болды. Ер кегін алған өжет кедейдің батыл ісіне барынша сүйсініп тыңдайды. Көп тәжірибелі басын изей отырып, кейде үнсіз, ұзақ күледі. Базаралы әңгімесін бітіргенде, ол бір қызық ойын қысқа түйді.
- Маған бұл жайдың бәрін текке айтып отырған жоқсың ғой! Мені де, мына Абылғазыны да түйсіндірмей отырған жоқ бұл айтқандарың! Өзіңе де бұл қайрау сөз ғой. Осының бәрінен мен не түйдің десеңші!
Базаралы мен Абылғазы екеуіне сұрғылт ренді ер көзін қадап отырып, езу тартып бір сөз тастады.
- Есіңде болар-ау! Осындай мұнды бұрын да көп айтушы едік қой. Бірақ айтып-айтып, мұндап-мұндап қоятынбыз. Біріміз ай-дауға, біріміз байлау-матауға күңірене жүріп, көне беретінбіз. Қазақтың асауы не! Құрығы ұзын қулардың бұғалығы мен ноқтасына бәрібір басымыз ілінетін де кететұғын. Осы бір-ақ нәрсені түйсең екен! Кіжінуің көп, килігуің жоқ, мені қартайтқан өкініш осы еді. Бүгін де со ма? Сол болса, «күлге шөгіп, көтеремнен тұрмай қалған кәрі Дәркембай, сол шоккен күйінде жата бер» деші! Жоқ, ісің болса енді бір істеп қалшы. О, семсерінді бір сілтеп өлші!- деген.
Бұның соңғы сөзінің тұсында Базаралы мен Абылғазы шіміркене сүйсініп, сылқылдап күлісіп отырды. Базаралы Дәркембайдың бір сөзін әсіресе қуаттап, қайталап айтты.
- «Кіжінуің көп, килігуің жоқ...» Қандай сөз? Төбемнең тап басып, дәлін айтқан сөз-ау!- дегенде, Абылғазы да қостады.
- Сөз ғана дейсің-ау! Табандап тұрып, тебеден сойылмен ұрғандай емес пе? Салмағы қандай?- деп, біраз отырды да:- Қой,
Базеке! Мынандай сынның артынан айтылатын сөз қалған жоқ. Тек жинал, атқа қонайық! Жол болсын, ниет қабыл болсын!- деп, ширыққандай атқып тұрды.
Бұл өңірде сөзі мен ісі ілесе жүретін, кейде, тіпті, «ашу алды, ақыл соңы» деп, қарулы ісін сөзінен де алға сала жүретін кісі - Абылғазы. Базаралы ниет еткен істің қайратты қимыл ын бастау өзінің сыбағасы екенін ол анғарып жүрген. Еңді аттанатын мезгілді дәл атағандай болды.
Бұл кезде түн ортасы болған екен. Үшеуі де ширақ қозғалып, шапшаң киініп, тысқа шықты. Абылғазы айтқан жаңа сапарға шал Дәркембай екі жолдасын өз қолымен аттандырды.
Кішкене қораның қабырғасында кештен сүйеулі тұрған екі қара шоқпарды Дәркембай өз қолымен жігіттеріне әперді.
- Енді қайтып бір сермелмей, менімен бірге семіп, солғандарың ғой!- деп жүруші ем. Осы танда, тым құрыса, бір сермеліп, көптен кеуіп қалған ашуым, осы екі шоқпардың салмағымен бір ғана шықсыншы. Ал жолдарың болсын! Тарт жортуылыңа!-деді.
Тебіне жөнелген екі азаматының артынан Дәркембай ұзақ қарап тұрып қалды.
Байғабылдан, көп жатақ ішінен, әр қыстаудан дәл осы шақта тағы талай аттылар жосыта шығысқан еді. Жиыны қырық шамалы сойыл, шоқпар ұстаған, сын жорықты бетке алған ер-азамат оң-түстікке тартқан. Сары жогамен, жолсызбен оқшау-оқшау жол жү-ріп кеп, Ақеспе деген Бөкенші күзегінде түгел жиналып, бас қосты.
Олар тоқайласқанша, қыстың таңы да атып келе жатты. Кешелер қылаулап жауған қар өткен түнде қалындап түскен екен. Аттың шашасынан келеді. Биылғы қыстың «жолдас қары» боп, тұтас түскен көрінеді. Жиып жұртқа қазіргі ниет, барар бет мәлім. Ендігі сөз қысқа-қысқа әмір, бұйрық түрінде ғана айтылу керек. Соны айтып келе жатқан Абылғазы.
- Жиының қырық бес жігіт екенсің. Бұның бесеуі жатақтың азаматысыңғой. Қазір жол болып, дегеніміз орындалса, жатақтың жігіттері, сендерге айтамын! Біздің кебімізге еріп, сонау Шыңғысқа созыпмай-ақ қойындар! Қолдарыңа тигенді алындар да, тезінен жатағыңа қайт! Үй сайын, әрбір лашығыңа шейін үлес бер де, қалған істің артын күтіп, тып-тыныш отыра бер!- деді.
Жатақтың бес жігітін қасына бөлек шақырып алып, кейінгі үлестің жөнінен тағы біраз ақыл айтып, бұлармен сөзін бітірді.
Осыдан кейінгі бұйрық бергені қалған қырық жігіт болатын. Аттың маңдайын алдарындағы қоңыр адырға, Шолпанға қарай
бететіп қойып, қатты бұлаңқұйрықпен жортып келе жатып, Абылғазы қырық жігітті екі топқа бөлді. Он бес жігітті Базаралы мен өзінің қатарына алып, әмір беріп келеді:
- Сен он бесің соғыспайсың. Тек малды қуғынға саласың! Үлкен қара жолға. Ойқұдықты қиып түсесің де, Ералыны, Арқалықты басып, Кіші Орданың тұмсығына қарай тартасың! Алды-артыңа қарама. Тек, жосытып қуа бер! Арттарыңнан біз де жетеміз. Ұқтыңдар ма?- деп, қатты айқайлап, айнала бір қарап
алды.
- Уа, ұқтық!
- Дегенің болсын!
- Болды, жетті!- дескен ширақ үндер, шапшаң жауаптар естілгенде, Абылғазы сақылдап күліп жіберді.
- Е, бәсе! Солай айт! Ширақ айт! Ақша қарға аунап шыққан қайсар тағыдай ширығып қапсыңдар ғой бүгін, тегі!
Осыдан соң өзге жиырма бес жігітті қатарына шақырып алды. Бұлардың мінген аттары ірікті. Өздері де өншең сүйекті, балғын денелі атпал азаматтар сияқты. Кейбіреулерінің білегіне ілген, үзеңгіге ілген емен сойылдары қақтығысып, сатыр-сұтыр етіседі. Бұларға Абылғазы айтқан бұйрық - соғыстың жайы.
- Сендер соғысқа кіресіндер! Түтқында азамат қалдырушы болмаңдар, өліп түспесең, оңайшылықпен жығылып түспе жау қолына! Ал зәу-сайтан сонда біреу-міреу түсе қалса, қасықаағы қалғаның іліп әкетуге тырыс. Бұл - бір де! Жауды жайратқанда, тіл кететін болмасын. Типыл етіп қырындар! Бұл - екі! Жығылған жаудың босаған атын әсте қалдырып кетіп жүрмендер! Бұл - үш! Қуғын соғыс басталғанда тізенді айырма, «айрылмас-айрылмас» деп отыр! Өздерің соқтықсаң, үмар-жұмар тобыңмен соқ. Жаудың шығандаған бірен-саран өршігені болса, араңды ашып жіберіп, ортаңа түсіріп алып қарақұстан, самайлықтан сілейте соқ. Бүгін танда ес жимайтын етіп, қан құстырып кетіндер! Тағы бір сезім - астарыңа мінгенің кедейдің жалғыз-жалғыз қу шолағы ғой. Жол бүгінгі, жау биылғы ғана емес. Кішкентай толас бола қалса, қолға тиген жылқының ішінде ат, айғыр, бедеу бие болады ғой. Төл аттарынды соған ауыстырып, шапшаң мініп-мініп алындар!-деді.
Алғашқы топ жігітке тағы айтып еткен және бір жайы болды:
- Соғыс, қуғын қатты болмаса, алдарыңа түскен малды беталды қатты қуып айдамандар. Өз керектеріңе жарайтын дүние болса, бүйырса, соны ысырап қылма. қан-жыны араласып кетсе, малда береке болмайды,- деген
Қатты жортып келе жатып, бар жігітіне Абылғазының атап берген бұйрығы осы.
Базаралы бұл жорық үстінде өздігінен сөз айтқан жоқ. Осы жұрттың маңдай алдында оның тап өзі келе жатқаны жетеді. Жора-жолдастары оған алакөңілсіз сенеді. Барлық осы жорықтың бастауы да және кейін болар бар кезеңі де Базаралыдан тыс қалмайтынын бұл келе жатқан қырық жігіт біледі. Өйткені әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесіп, осындай еркек сыпатына келтіріп, намыспен сілкіндірген Базаралының өзі
Жігіттер мақсұт еткен суық сапар енді ұзаққа созылған жоқ.
Бір қалыпты жүріспен Жөкең құдығы деген қоныстың аяқ жағын кесіп өтіп, Шолпан тауының бауырыңдағы екі-үш қырқалан асып жібергенде, жортуылшылар мақсұтты жеріне тақап қалды.
Соңғы бір кезеңге Базаралы, Абылғазы бастаған жиырма атты сыдыртып шыға келіп еді. Осы белдің етегінен Шолпанға қарай ендеп жайылып жатқан қалың жылқы көріне кетті. Жылқы шетінде, әр тұсында топтанып жүрген, сойыл ұстаған көп аттылар бар екен. Жылқышылар жене кейбір мал иелері де болу керек. Бұл жайылып жатқан қалың қос жылқы - Абылғазыға бар есебі белгілі Тәкежан жылқысы.
Бел үстінде Абылғазы арттағы тобын тосып, шоқтай үйіріп жинап алды. Тап ортада жалғыз өзі. Астындағы бусанып тұрған, танау қаққан ақ боз атын айнала жалт-жұлт бұрып, шиыршық аттырып тұр. Дәркембай берген қара шоқпарды қолтығына қыстыра, аспандатып, тік көтеріп алды.
- Жә, жігіттер! Мынау алдында жатқан - кекті жауың Тәкежанның қосы! Сегіз жүз жылқысы жатыр осында. Осы малды қазір тігерге тұяқ қалдырмай, тік көтере алып кетеміз. Мойнына түйіп, айдалатын малға өз аттарыңның шылбыр-тізгінін қосып жіберіңдер! Ерттеулі ат, айғырларды қосарғаал! Мықты болса, лезде мініп-мініп алындар. Әнебіреу қурайларын шошайтқан еркексымақтардың астарындағы аттарынан да бір тулақ қалмасын! Ал енді, жортуылдың жолы болсын! Осы қара нөпір тобыңмен қара бұлттай төніп көр. Кедей жорығының жолы болсын, тарт! Ұрып таста! Ұрып таста!- деді де, ақ боз атқа қамшыны басып-басып жіберді, «кеу-кеу» деп, жауға тиердегі қайратты ерлер сүренін салып, жосыта жөнелді.
Күпсек қар ағыза шапқан көп аттың тұяғынан ақ боран боп, аспанға атқуылдады. Барлық жұрттың «кеу-кеу!», «қапта-қаптаа!» деген айқайы мен ақ сойылдарын сатырлатып, қағысып шапқан ағыны етекте жатқан жылқыны қатты үркітті.
Әлі қылшығы құрамаған, бусанып көрмеген семіз жылқы, сараң байдың қалың шоғыры шетінен үркек, асау болатын. Түңде бөрі, күндіз ұры араласып көрмеген, жоны төңкерілген құр асаулар енді тай-құнанына шейін құйрықтарын шаншып алып, осқырып, құйықтыра жөнелісті.
Жылқыға Абылғазы қолы жетіп араласқанша, мың сан тұяқтардың құшырлы серпіндерінен ұшқан қиыршық қар енді бүкіл өңірді ақтүтек етті. Қатты боран соққынына айналдырып жіберді. Абылғазының жігіттері өзінің екі тобынан жаңылған жоқ. Он бес жігіт жылқының соңына түсті. Олар ағызған бойларында айқай-сүренің үзбей отырып, кесірлі асауларды шошыта қиқулады. Шолпанның қоңыр адырына қарай қалың жылқыны құтырта қуып барады.
Абылғазының өз қасындағы жиырма бес жігіт бастық аға айтқандай тобын жазбай, бұның қатарында бөлек түйіліп келе жатыр. Бұнда да қалың айқай басымдап шығады. Жұмарланып төгілген ашу селі, қарабарқындап құйылып келгенде, алдынан жиырма шақты аттылар «қайт, қайттап» қарсы шапты.
Қалын шидем киген, үлкен сеңсең тымақтың үстіне күләпара бастырып, өне бойды жылы киіммен шымқап тастаған жылқышылар екен. Астарына мінгендері жарау аттар емес, төңкерілген ту биелер. Және көбінше ұзынн жалдары көзін жапқан, тізелеріне дейін төгілген құр айғырлар екен. Терлетпей, аяндап жүрген семіз сәйгүліктердің жал-құйрықтары қырауланып, кекілдері шалбастанып тұр. Адам мінетін үйреншіюі көлігі тәрізді емес. Қысқа қарыс жүні үзарған, түрі суық тартқан көліктер бөтенше бір жайындар тәрізді.
Жылқышылар арасында Тәкежанның жалғыз ұлы Әзімбай бар еді. Өз қолында сойылы жоқ, киімі де өзгелерден бөлек. Түлкі тымағы бар. Томар бояумен боятқан жаңа сеңсең ішігі бар. Қызыл жүзі мен қалың қызыл қабағы салқын күнде сазара барбиып, ісініп тұр. Абылғазылар тау басына шыққан жерде-ақ, бұл топтың жау екенін Әзімбай алдымен аңғарған. Жылқышыларына айқайлап әмір еткен:
- Мынау тегін емес, жау! Ал жандарынды сал! Өліспей мал беріспе! Алысып қал!-деп ақырған. Өзі де бір жастау жылқышы-ның қолынан ұзын сойылын жұлып алған-ды. Қазір жылқының соңынан шапқансып, қорқынышын жасырмақ болған малыіы атау-лының барлығын ол әке-бабадан боқтап, қайта қайырып алды.
«Жылқы емес, жауың мұнда келеді» деп, Абылғазыларға қарсы шапқан.
Енді екі топ ағындап ұмтылысқан бетінде, тобылғылы шұбарда, жазық майданда қарсы келіп қақтығысты. Шауып келе жатқан Базаралы Әзімбайды елдің алдымен танып, Абылғазыға айқайлады.
- Тәкежанның қу жалғызы қарсында келеді! Жылқышыдан ес кетсін! Орайға келтір, әуелі өзіне серме!- деп қалды.
Сол кезде көп аттының ортасында алға шықпай, тығыла шауып келе жаіқан жаны тәтті бай баласы дәл Абылғазы мен Базаралыға маңдай алды қарсы кеп қалды. Екеуінің де сойыл сілтегені сол Әзімбай болып еді. Бірақ бай ұлының екі жағында келе жатқан еңгезердей екі жылқышы бар. Бірі жирен қасқы айғыр, бірі қара төбел айғыр мінген. Әзімбайды қорғап, осы екеуі қабатсойыл сілтеді.
Абылғазы мен Базаралы жас күндерінен ат үсті соғыстың тәсілін үлкен өнердей үйреніп өскен-ді. Сәтті бағатын, қапысы жоқ екеуі алғашқы сойылдарын кісінің басына сермеген жоқ. Жаңағы екі жылқышының өздеріне қарай төнген сойылдарын қағып-қағып жіберісті.
Дәркембайдың қара шоқпарымен Базаралының батыр қолы оқыс қағып ұрғанда, бір жылқышының сойылы шарт сынып, аспанға ұшты. Абылғазы ұрған жылқышының сойылы қолынан мүлде ұшып кетті. Әзімбай осы қарбаласты пайдаланып, Базаралыға оқты көзімен ата қарап, айғайлап жіберді.
- Базаралы, жерге қақпай тынбаспын!- деп қалып, Базаралыны қақ басқа қатты ұрып жібрді. Боқтап та қалды.
Бірақ Базаралыны бұл ұрып қалған сәтте, өзінің де самайынан Абылғазының қайта сілтеген шоқпары зіл қара тастай қатты кеп соқты. Қолындағы сойылы сол сәтте сылқ етіп жерге түсті де, Әзімбайдың өзі аттың шылбыр, тізгінін тастап жіберіп, шалқалап сілейіп қалды.
Қабақ қақпай қадалып ұмтылған Базаралы енді тебініп кеп, жирен айғырлы жылқышы мен Әзімбайдың екі арасынан ағындап кіре берді. Байдың ұлын жағадан темірдей қолмен бүре қармап алып, ат сауырына қарай жұлқа жөнелді. Ашулы қолында ендігі Әзімбай қаңбақтай жеңіл көрінді. Оны аттың сауырына түсіре сүйрете кеп, шалқайтып апарып омырауындағы қолды босата берді де, тұмсығы мен көзінен сүргілей қойып жіберіп, жерге лақтыра тастап кетті.
Әзімбайдың ақтанкер атын Базаралының артында келе жатодн жігіттер іліп алып кеткен екен. Базаралы артына бір айналып қарағанда, жаңағы жығылған орнынан тұрмай, серейіп қалған Әзімбайды көрді.
Жылқышына ендігі қайрат етіп жүрген қара төбел айғырдағы қарасақал екен. Базаралы соған қарсы кездескен еді. Қолына тың сойыл алған жылқышы өз сойылын тағы бұрын сермеп жіберді. Бірақ Базаралы оның соққысына қарамастан, өзі көздеген тізеден қарулы жылқышыны қатты ұрып қалды. Жау сойылы Базаралының иығынан тигенде, бұның сойылы талмау жерге, тізеге мықтап тиген екен. Қалың киімді, қауқиған үлкен денелі, қайсар жылқышы қазір қанатынан оқ тиген үлкен қара құстай көрінеді. Ортасынан опырылғандый боп, қара айғырдың үстінен қалбаң етіп, бір-ақ құлады. Базаралы бұнымен көп алысармын деген еді. Мынаның оп-оңай ошарылып құлағанын көргенде, сүйсінгеннен күліп жіберді.
Абылғазының үрдіс ұрған қара шоқпар зілінен бұл кезде үш жылқышы үмар-жұмар түскен-ді.
Әрбір жортуылшыға өз сыбағасындай жеке-жеке келген жылқышылар бар-ды. Әзімбай мен жирен айғыр, қара айғырдағы қосбасылар жығылған соң, өзге жылқышының көбінен ес кетіп қалды. Жығылғаны жығылып, ендігі қалған тобы селдіреп, қаша бастаған. Сол кезде Абылғазы әзінің сенімді көретін жігіттері - Ержан, Қоске, Шаянбай дегендерге қатты бұйрық етті. Жаудан түскен сенімді ат, айғырларды шапшаң ауыстырып, соларға мінгізді. Әзімбайдың ақтанкеріне балуан жігіт Мес дегенді мінгізді. Сөйтіп алып тапсырғаны:
- Қашқан жылқышыдан жан аман құтылмасын! Бәрін де қырып-жойып түсіріндер. Аттарын алып, шетінен жаяу қылдырыңдар! Мандағы елге хабар жетпейтін болсын. Қайрат қыл, соңғы қайрат!-деп, қашқан жылқышылардың соңынан өзі бастап қалың бір топты ертіп алып, қуа жөнелді.
Базаралының қасында бес-алты кісі қалған. Бұл арада майдан біткен соң, ол топ жылқының соңынан шаба жөнелді.
Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгел орын-далып болған-ды. Бұл кезде жылқыны айдаған жігіттер Шол-паннан асып, Ойқұдықтан өтіп, Ералыға жеткен. Жылқыларды жайлап бөгелген Абылғазы тобы енді кеп жетті. Сегіз жүз жылқыдан, Абылғазы айтқандай, бір тай қалмаған екен. Енді Базаралы мен Абылғазы Байғабылдан қосылған жатақтың бес жігітін шақырып алды.
«Ең алдымен еншіні сендерге береміз» деп, жатақтың қырық үйіне арнап, қырық құр аіты бір бөліп шығарды. «Екі үйіне бір сойыс» деп, жиырма ту биені және бөлді. Жігіттерді қайта
қайырарда соңғы рет қастарына алып тұрып, Базаралы Дәркембайға сәлем айтты.
- Артқы күнді көріп алармыз. Көбінің де, азының да жауабы бір. Қолымменен еттім, мойнымменен көтеремін. Жасқанбасын қалың жатақ бауырым. Мынау қырық атты қыс бойы қалаға пішен тасып, көлік етсін. Осы аттардың майымен ұн, шайын айырсын. Ал мынау ту биелерді сойып алсын да, ашығып отырған қызыл қарын жас бала, кемпір-шалына талшық етсін!- деп жөнелтті.
Қалған жылқының барлығын қалың түн ортасында қырық жігіт әулі Шүйгінсуға жеткізген. Үйқыда жатқан Тәкежан аулының іргесінен айдап өткен. Сол түннің ішінде бар жылқыны кедей-кепшік ауылға Базаралы тізгін ұшынан үлестіріп берді. Бір шеті Шүйгінсудан, Әзберген, Балпан, Қарауылдан басталып, қалың Шыңғысқа шейін, тіпті, сыртқы асу аузындағы Көлденеңге шейін қыстап отырған ауылдардың барлығына Тәкежан жылқысы түгел шашылып тарады. Кей ауылға төрт-бестен тиген ту бие, құнан-тай, семіз жабағылар бар. Таратумен бірге Базаралы мен Абылғазы қатты бұйрық та жолдады.
- Бұл жылқы баласын бірде-бір ауыл мал қылам деп ойламасын! Мал болып сіңбейді, ас болып сіңеді. Осы түн ішінде түгелімен қырып, қып-қызыл қасап қып тастасын! Шапқаным - Тәкежан, ойлағаным, тапқаным - аш-арық елімнің бір күн де болса тоқтығы. Бұл істі істеген жалғыз мен, Базаралымын! Жарлы-жақыбай жасқанбай, қолына тигенді сойсын да алсын!- деген.
Қыстың басы - көшпелі қазақ аулында, тегі, он екі ай ішіндегі ең ауыр кездің бірі. Малдың ағы біткен. Егінді өзі екпейтін ел қыстың қамын толық етіп, керуенін шығарып, ішерлік астығын да қамдап алмаған кез. Қыс қойнына кіре бере соғымын сойып алып, соның тері-терсегін базарларға апарып, айырбас жасап, ұн, шайды сонда алады. Қазір соғым да сойылмай отырған шақ. Өйткеңі күн бірде суыса, бірде қайта жылынып қап, соғым еті қатпай жасыңқырап кетеді. Және әлі қар бекіп, қатты аяз басталған жоқ. Соғым малы жазғы тойынына әлі де болса май қосып, қызыл қосып, семіре түседі. Сөйтіп, соғым союға ерте. Сонымен шаруаның әр есебі елдің бәрін шегіншектетіп отыр. Күн санап, қиыңдыққа шыдап отырған уақыт. Байдың үйінің өзі болса да, «қысқа әлсіз болар-ау» деген кәрі-құртанды сояды немесе көбең тойыны бар, еті ояз малды сирек сойып, әр нәрсені аужал етеді. Ел өзінің осы кездегі аштыққа шыдауын «тісті тіске қойып отырған шақ» деп атайды.
Сондай жүдеу-жадаулықта отырған ашпа-жалап елдің ортасында Тәкежандай қалың ел жек көретін байдың малын Базаралының әкеліп беруі - дер кезінде келген.
Елдің осындай шағы мен көп кедейдің қамын аса жақсы білетін Базаралы Тәкежан жылқысын түгел шапқанда, қалың елден қаншалықалғыс алатынын біліп істеген. Айтқанындай, түн асып, ертеңгі күн бесінге жеткен шақта Шүйгінсу, Қарауыл бойы, мол Шыңғыс қойнаулары түгелімен Тәкежанның қалың қос жылқысын түп-түтас, қызыл жоса қан қылып, қырып салды.
4
Бұл уақиға дәл осы күндердің өзінде тыным алмай, дақпырт таратқан ұзынқұлақ арқылы тамам Тобықтыны шарлап шықты. Келер күндерде сырттағы Керей, ойдағы Уақ, Матай, батыстағы Қаракесек, шығыс жақтағы Тобықты көршісі - Сыбан, Наймандарға да тарап жатты.
Тобықты ішінде, Жігітек пен Ырғызбайға аралық жайда отырған елдің барлығы жер қозғалғандай дүр сілкінді. Біреулер жағасын ұстап, шошынып тыңдасты. Біреулер ішін тартып, сүйсініп құлақ салды. Тағы біреулер: «Ел ішіне тынымсыз әлек келді!», «Қанжосып бәле келді» деп үркіп жүр. Кәрі-жастың қайсысы сөйлесе де:
- Бұндай істің болғаны бар ма?
- Бұндай қимыл қай заманда, кімнің қолынан келіп еді? Араздық, жаулықтың да бұндай боп ұлғайып, өртке айналғанын көрмек түгіл, естіген кім бар?- деседі.
Анығында, Тобықтының дәл бүгінгі тірі кәрісінің қайсысы болса да өз өмірінде дәл осындай қатты қимыл жасап, батыра соққан қайратты көрген емес. Ертеде «Шор шапқан», «Найман шапқан», «Бура тиген» деген сияқты Тобықтының көп руларына үлкен шабуылдар жасаған көрші рулар болған-ды. Ол бірак Тобықтының бұрыңғы буындарының заманында болыпты. Онда да жылқы алу болса да, дәл мұндай қыру болмайтын. Қаңдай іргелі дау болса да жылқыны еселесу, теңгерісу үшін кепілге алады. Кейін келіссөз біткен соң, мал көзі түгелімен қайтарылып, ақы-пұл өзге жолмен ауғарысатын. Мынау істі жұрт:
- Базаралының ғана бастаған батыл қимылы. Қазақ ішінің мінезі емес. Тіпті, айдаудан тауып әкелген ағыны тәрізді!-деп те топшылады.
- Соққанда, анық сілейте соққан, шын қатты тегеурін, ер тегеуріні осынікі болды!-десті.
Көп момын, адал жұрттың көзінде Базаралы өмір бойғы бар ызасы үшін шыдап-шыдап келіп, бар есесін бір-ақ қайырды.
Соның орайына, Базаралы басына, оның бұндайлық ісіне өзгеше өшіккен жуан атаулы да аса көп.
Бұл мінез әуелі Тәкежан аулында туған. Әзімбай есін жия сала Шолпан атырабындағы қыстаулардан үш атты сұратып алып, жылқы алынған түңде суыт жүріп отырып, ел тұра бергенде өзінің аулына жеткен. Абылғазының сойылынан жарылған самайын қалын орамалмен таңып алса да, сол орамал сыртына шығып қатқан қанның дағы түгел кеткен жоқ.
Әзімбай отардағы қосқа жаңада барған. Әнеугүні Шүйгінсуда Жігітек үстіне баса қонған қақтығыстан бері қарай, Базаралы жағынан жамандық күткен кісінің бірі осы Әзімбай балған. Малқорда, дүниеқор байдың ұлы қарсылық пен қастық күтсе, «бір жағы жылқыға тиюден басталмас па екен!» деп ойлаған-ды; Бұл барлық сақ, арам ағайыннан да артық сақтық еткен. Ондай есепте Әзімбай, анығыңда, әкелерінен әлдеқайда айлакер, көреген боп шықты. Міне, бүгіндер сондағы ойлаған қатеріне өздігіней бетпе-бет тап келген.
Екі жылқышы екі жақ қолтығынан сүйеп, өңі қуарып кеткен Әзімбайды Тәкежан үйінің жанына әкеп түсіргенде, бұл ауылға жиылып қалған Құнанбай, Ырғызбайдың ақсақал, қарасақалы тысқа шығып қарсы алды. Осы топтың алдында, баласына қарай шошынып ұмтылған Қаражан айғайлап, дауыс айтып, қарғанған болатын. Қаражаннан соң, баласын құшақтаған Тәкежан да өкірді. Қорлық көргенін, кегі кетіп жатқанын, Құнанбай - Ырғызбайдың жер болғанын шағады. «Бүйткенше, бізді құдай алсашы!», «Қара жер жарылып жүтсашы!», «Қу кегімді!», «Соқ сойылымды!» дегендей жаулық ұранын айтып жылады.
Дәл осы күні «Құнанбай аулың шапты» Деген сұмдық хабарды өздері дабырайтқан. Хабаршы-шапқыншы бар Тобықты ішіндегі жуан ауыл, мықты атқамінер, ірі бай, төре атаулыға түгел жеткізген.
Сол хабар жеткен Тобықтының; жуан ата, бай ауылдары түге-лімен Базаралыны «бүлік», «сотқар» атаңдырды. Естіген жерден-ақ Құнанбай жағының жасақшысы болуға бейім бола кетті.
Ғажап жұмбақ тағы бір хал, бір Тобықтының ішіндегі, Құнанбай жағына жаһаттас бай-жуандар ғана емес, көрші Уақ, Бура, Сыбан, Найман, Керей, Қаракесектегі жуан ауылдардың
бәрі де бірауыздан Құнанбай жағына шықты. Келер төрт-бес күннің ішінде қалаға шапқан арызшылар хабары бойынша, қалаға жақын бай, саудагер, болыстар да Құнанбай жағына ойыса бастады. Крестьян начальнигі мен Казанцевтің кеңселеріне Құнанбай жағының сөзін сөйлеуші болыс, төре, тілмаш, саудагер толып кетті.
Казанцевтің бұйрығымен семейден Шыңғысқа қарай «үкілі почта» шапты. Шыңғыстың қазіргі болысы Күнтудың аулына жеткенде, бұл шапқыншы болысты қатты үркітті. Сары ала қылыш тағынған орыс стражнигі мен ояз кеңсесінің қазақ атшабары Айдақым Күнтуға кеп:
- Дереу қалаға жүр! Ояз алып кел деді!- деп, өзгеше дігір салып келді.
Күнту аулында болыстың шақыруымен келген Жиренше, Бейсенбі бар еді. Ұлықтан сескендірген хабар келмес бұрын-ақ Күніу мен Жиреншелер Базаралы ісінен қатты шошынған. Ес жия алмай, айла-ақыл таба алмай, сасқалақтап отырған. Бәле болған күні Күнту бұл істің бір шеті, үлкен салмағы қазір ұлық болып отырған өз басына түсетінін ойлады. Кешегі күн бұған үзеңгі жолдас болған Оразбай, Абыралы, Байғұлақтарды шақыртты. Олар Есболат, Сақ-Тоғалақ, Жуантаяқ сияқты қалың рулардың атқамінерлері болғандықтан «тым құрыса, бүгін қасымнан табылар» деп ойлаған.
Егер солар дәл осы күн оұның аулында отырса, ырғызОай- Құнанбай жағының ашу-алқынына қарсы үлкен доңайбат болар еді. Және кешегі күндер бойы қалада Базаралының қолтығына дым бүркушілер өздері емес пе? Ендеше, бүгін сол қарсылық, жаулығын ұстанар деп Күнту үміт еткен. Бірақ бүгін бұның жаңынан бір-екі ғана атқамінер болмаса, өзге кіжініп жүрген жуандардың барлығы табылмай қалды. Шақыртуға келмегені - бұғып қалып, бастарын алып қашқаны. Шынында, Оразбай, Абыралылар, тіпті, мынау отырған Жиренше, Күнтудың өзі де Базаралы басынан дәл мұндай істі күткен жоқ-ты.
«Қорқыт дегенде, осылай қорқыт деп пе едім?! Бұл Базаралы тартыс бастаған жоқ. Құшағын толтырып, бәле әкеліп тастады. Серігің боп келген жоқ, сергелдең әкелді. Қостап жылқы, мындап мал өргізіп отырған осы атқамінерлердің бәрінің ен жатқан малына ертең ашпа-жалап кедейді осылайша қаптатып, қырғыза бастаса не болмақ! ? Кімнің басына келсе, оңай салмақ болғандай? Бұның аты - бүлік! «Бәледен машайық қашыпты» деп, өзі әкелген бәлесін өзіне тастап, бас амандағаннан басқа айла-амал қалған
жоқ» десіп ойласқан. Базаралы Дәркембаймен ақылдасқанда: «Істі маған бастатпақ болады. Бәлені өздеріне құшақтатам!» деп ойлап еді. Жуандардың өз арасынан от шығармақ болатын. Бірақ Тобыктының ку мен сұмы ұтылғандарын еңді білді. Соны біле сала, арсыз аярлыкқа басты. Өз есептерін дұрыстау үшін Базаралыны он жерден сатып, атуға аянар емес. Азғын аярлық анық бетін көрсете бастады.
Осы жайды бірігіп сөйлеспесе де, ең алғашқы күндерден бастап өз аулында бөлек-бөлек байлап түйген көп жуан, енді жылға-жылғаны сағалайтын болған. Сол орайда Ырғызбайдан атқа мінген жиырма кісі Күнтудың аулына келіп, ошарылып бір-ақ түсті.
Бастығы Майбасар, Ысқақ болған бұл жиын Күнтуға ақыра сөйлеп, әлек сала келді.
- Болыс сенсің! Мынаны істетіп отырған сенсің! Не бұл бәледен басынды ақтап шығасың. Немесе барлық осы өртке малыңменен, басыңменен, ең алдымен өзің жауап бересің. Сіңірі шыққан Базаралыны білмейміз. Ол - айдалада жалғыз жортқан көк қасқыр. Ордасы сенсің. Алғанда қырқа матап тұрып, сені аламыз!-деп келді.
Ақылдасар көмегі жоқ, сүйенер тірегі жоқ, аз ғана бөкен-шінің күш-қауқарына сене алмаған Күнту мына Ырғызбайлар келісімен-ақ, алдарында құрдай жорғалады.
- Дегендей істе. Сенің қолыңнан мені алатын жан жоқ. Арашашы да жоқ. Оны іздемеймін де. Тек Жігітектен, Базаралыдан бөлек шығарып ку мені. Оның бәлесінен мен аулақпын, жаным!- деп жалынды.
Бірақ Майбасар мен Ысқақ Күнтудың болыстығын оған әсте кешпестей кекесінге толы. Енді мынаны қорқытып, бұқтыру үстінде: «Шеңгелімді сенен босатады екен деп білме! ? Сен болыс болмасаң, Базаралы келер ме еді? Құдайдан басқаның кәрі жүріп көрмеген Құнанбайдың қосына Базаралының батылы барып тиісер ме еді?» десіп, тізені батырып отыр.
Жалғыз ғана емексіген келісім сөздері: Күнту қалаға барады да, өзі тіленіп болыстықтан түседі. Бір шарт осы болды.
Кәрлі ояздың Құнанбай жағын сүйетіні - тағы мәлім. Одан «үкілі почта» қанатымен жеткен жыландай ысқырған қорқыныш кеп жатқаны анау! Осындай екі өкпеден қысқан қат-қабат қинау ішінде дөңбектей семіз Күнту бір-ақ уыс болып, бүрісіп кетті. Күңдіз-түні ұйқы, тамақтан айрылды. Ағыл-тегіл қара терге түсіп, үлкен көзі алақтап, қаны қашып, қуара береді. Сонымен азын-
аулақ бойда қалған есін жиып, Құнанбай балаларына: «Болыстықтан түсемін, мөрінді өз қолыңа беремін. Базаралыны «ел бүлігі» деп, жамандап көрсетіп беріп түсемін. Әке, тек жанымды аман қалдыр!» деп шапты.
Дәл осы алай-түлей күндерде Тәкежан аулына тағы бір оқыс әлек төнді. Бұл соққы адамнан емес, аспаннан, күн райынан басталған. Барлық көрші ауылдар қыстауына қонып, жылы үйге кіріп алса да, Тәкежан мен Әзімбай кедей ауылдардың қысқы қорығына малды жайғанды үнем көріп, көшпей отырған.
«Пәле осынардан шықты» деп өшіге түседі де, өз қыстауына өз малын бастырмай, ұдайы кедей ауылдардың қыстау-қыстауының үстіне бар малын қаптатып, тапап жеп отырды. Әзір бұл тұсқа қар жаумағандықтан қаншалық қатты суық болса да, шыдап келген.
Әз жерін қысқа сақтап, жаттын жерін олжа қыла тұру, мұндай есепқор, қаскөй, малды ауылға әр кезде армандай болатын.
Ал қаза шеккен ызалы, пәлелі күндерде жуан ауыл бұрынғы еп, есебін енді күйінді болған сылтауына сүйеп отыр. Мұндай жандар ең соңғы тынысына шейін, ажал сағатының өзінде де сол ажалмен араздасып, ұстасып, пәле жапсырып, сідет артып өлер еді.
Бірақ дәл осы жолы Тәкежан, Әзімбай қаншалық арам есепқор болса да, сол есебі шегінен асып кетіп, кесірге өздері әдейілеп киліккендей болды.
Күздің қысқарған күні кешкіре бастаған шақта, алыстағы Шыңғыстың ұзақ ирек жоталарына қалың қара бұлт қона берді. Аз-ақ уақыт ішінде сол бұлт еңдеп өрлеп, бүктетіле жайылып, аспанның бір жағын қаптап алды.
Әзберген, Шүйгінсуға беттеген тұсында әлпеті аса жаман қатты қаһардай асыға жаланып, апшыны қуырып келеді. Таудай зор қара бұлт лезде шыққан ақ бұлтпен алыса шарпысып, араласып кетіп, бүліне жұлқынады. Сәтте түнеріп қараңғы тартып бара жатқан аспанда таулар тулап, әлем апаты бар бүлігін айдап келе жатқандай,
Сол сұрапыл көшкіннің суық тынысындай, шапшаң хабар-шысындай боп қатхы жел соға жөнелді. Дауыл желі тынымсыз-дана салған сайың өктеп қатайған әрі өлердей суық, өрі бет қа-ратпастай әткір ызғарлы. Бұл кезде мал атаулы ауылға кеп тығылып, әлсіз ықтырмаға паналап қалған. Ымырт бүгін әп-сәтте жетті де, түн қараңғылығы тез төнді. Енді бұлт бейнесі, аспан әлегі адам көзіне көрінбейді. Бірақ жел дауылға айналып ап, өкіріп тұр.
Айналада шилер, шеңгелдер суылдап, жел шулап, ысқырып, дүние азан-қазан боп барады. Түннен, суықтан сескенген мал атаулы маңырап-мөңіреп, иттер арсылдап тынымсыз үріп, ауыл үстіне қалың шу тағы орнады.
Тәкежан, Әзімбайлар жылы киініп алып, дамыл таппай айқайлап, бұйрық етіп тыста жүр.
- Күн жаман боп барады! Сақ бол!..
- Малға сақ бол, шығып кетпесін!
- Ықтырманы баға көріндер. Малшылар, қатындар, тегіс тыста бол!
- Шық тысқа тегіс, көз айырма малдан!..
- Ықтырма құламасын!.. Малға ие бола алмай қаламыз!..-десіп, әбігер-әлекке түскен малжанды байлар ақыра айқайлап жүр.
Аралары әдейі мал үшін тығыз қонған он шақты үйдің барлық еркек-әйелін, баласына шейін айдап шығып, қораның шет-шетіне қарақшы ғып қойған. Тәкежан барлық жұртқа тағы бір әмір берген.
- Айқайлап тұрындар! Малды шәйт-шәйлап қайырып тұр. Ес болындар малға. Қасқыр... Мұндайда қасқыр араласып жүрмесін, айқайла! Дабыста! Үзбе айқайды!-деп, әртұстағы барлық жанға қатты бұйрық тастап, тынымсыз кезіп жүр.
Қазір бұл ауылдағы күзетші, сауыншы, түйеші, қауғашы, отыншы, асшы атаулы - бәрі де жаман жыртық киімдерінен жел азынап, бүрсең қағып, бай малының қамында жүр.
Үзақ күнгі қара суықтан қатты жаурап, қалтырап үшып келген Иса ғана әзір үйде, жылына алмай дірілдеп отырған. Мұның күйін көрген Иіс байларды қарғайды.
- Үсіп өлер болдың-ау, қарашығым, кеселдінің малы деп! Қойың құрғырдың қойы неге құрымайды жылқысындай... өлде маған. Ыстық ұртташы, тым құрыса!- деп, құр шай мен қытық құртты баласының бауырына, иегіне ұсына береді.
Үй ішінде және де жөнді от жоқ. Қара лашықтың бар тесігінен, іргесінен жел азынап, баспананы пана емес, анық құлан түздей суытып, бүрістіріп тұр.
Ауру келін қабағын тастай түйіп, екі кішкентай баласын жаман күпінің өңіріне тығып, құшақтап қысып отыр,
Иса да келгелі екі баласын аялап, аяқ-қолдарын әлсін-әлсін қымтаған, қоршаған болады. Әредікте шешесінің зарын қосты;
- Төбеңнен ұрғыр қорқаулар, көп кедейдің жерін жеп жалмаймын деп, көрмеймісің? Қақ қасында тұрған жылы қорасына көшпей, әлекке салып отырғанын қарашы! Келмейді ғой тағы бір апат қырылғырға! Қатын-балам, кәрі шешем, сен сорлыларым үсіп өлер болдындар-ау әбден!-деді.
Осы кезде Тәкежанның үй сыртындағы айқайы естілді. Ол осы ауылдағы бар үйдің тысқа шыққан жандарын есепке алып кепті. Жалғыз Иістің үйінен басқаның бәрін айдап далаға шығарыпты. Енді бұлардың шықпағанын біліп, ақырып тұр:
- Мынау үйден неге шықпайды, қырылып қалған ба, түгі! Қайдасың Иіс! Иіс?!.
Иіс есікке жүгіріп кеп жөнін айтты.
- Күндізгі қойдан жаурап келді ғой Иса, ыстық ұрттасын деп отырмын... шығады.
- Шық, шықсын тез! Мал қауіпте тұр! Бол!-дегенде, ашулы байдың кәріне шыдай алмаған Иіс өзі жаман тоңды арқасына іле бере жүгіре басты.
- Ал шығайын, тым құрыса, өзім шығайын... Міне, міне, шықтым!- деп, жөнеле берді. Исаның «Барма, өлемісің, отыр!» дегеніне қарамай кете барды.
Сөнген оттың қоламтасына болса да ығыса түсіп, бір бүйірін, арқасын соған беріп киімшең күйде жантайды да, Иса біраз тыныштық алмақ болды. Әйелі мен балаларын да бар мейірімен, жанашырымен жүбатып аймалап: «Көз шырымын алыңдаршы! Үрейлерің де кетіп болды-ау, сәулелерім-ай!»- деп қасына жатқызды. Екі баланы әйелі мен өзінің ортасына жатқызып, шоқпыт көрпемен орап, қымтап қойды. Асан естиярлау болғаңдықтан үйқтай алмай үрейленіп жатыр. Жел ышқына соққан сайын ол әкесіне тығыла беріп:
- Аға, ағатай, үйді жықпай ма, дауыл қандай қатты!.. Үйді қарашы, солқылдап барады, үйді жықса не болдық!- деді.
Шынында, көптен бері кішкене лашықтың барлық уықтары сықырлап, шаңырақта ойнақшып, киіз атаулы желпіл қағып, уық пен керегені соққылап тұрған. Барлық әлсіз, сорлы, жүдеу баспана ышқынып соққан қара желдің, кәрлі дауылдың астында қалтақтап, шошынғандай шақыр-шұқыр қағып өрекпіп тұр. Иса ішінен өзі де: «Үйді жығар ма екен!» деп қауіп ете түссе де, баласына сенімді жауап айпы:
- Үй жығылмайды, бұраулар мықты. Үйықтай бер, жаным! Ал үйықтай қал!- деп, иығынан тербете қағып аялап қойды.
Қанша уақыт өткенін Иса білмейді, ұйықтап кеткен екен, бір сәтте шешесі келді.
- Ойбай, жарығым Иса, қой ығып барады... Ықтырманы құлатып кетті. Әзімбай сені шақырып, әлек салып жатыр,-деді.
Иса тұрды да, шешесіне:
- Ал мен кеттім. Бірақ өзің енді тапжылма! Өлемісің, үстің әбден сүмектеп бітіпті. Жат, жат мына менің орныма!-деп, қатты бүйырып шешесін өз орнына жатқызды да, өзі керегеден қара шоқпарды ала бере атқып шықты. Сол-ақ екен, Тәкежан мен Әзімбай да мұны боқтай жоқтап, осы түсқа келіп қалған екен
- Қайда жүрсің, сен сүмелек, неге жатырсың, сен ит!- деп, Тәкежан ақыра берді.
- Уә, мен күн бойы малдан келдім ғой.
- Қарашы, сөзінқарашы... әкеңнің... қаскөйдің, жоқ қылайын сен итті!- деп, Әзімбай тап берді.
- Өлуші ме ем тыным алмай!-деп, Иса сөйлей бергенде, иығына Әзімбайдың жуан таяғы сарт етті. Тағы көтеріп ұра бергенде, Иса таяқтан ұстай алды.
Тартысып тұрған Әзімбайдың төніп келген жүзінен қап-қара сақалы айқындап тұр. Қара жүзінде қаскөйлік бейнесіндей ақсиған жыртқыш тістері де жарқ етіп көрініп қалды. Мандайының жарасын таңып алған ақ шүберек те долының айықпас ыза суатындай. Барлық жүзі қап-қара албастыдай, жауыз пәледей боп елестеп тұр. Иса таяқты жібермей тұрғанда, Тәкежан кеп баласын тоқтатты.
- Бар, Иса, бір топ қой ығып кетті. Бөлініп кетті талай қой, жүгір, жүгірші шапшаң соның соңынан... Жет, жете көрші жылдам!-деді.
Иса Әзімбайды таяғымен қоса итеріп тастап, жүгіре жөнелді. Қолында шоқпары, үстінде жалғыз көнетоз шапаны бар. Егігі де шойқиған, жыртық-тесігі көп еді. Жүгіре бере өкшесінен су кіргенін сезді. Бірақ оған қараған жоқ. Ығып кеткен қойдың артынан, жазықсыз малға жаны ашыған бетімен қатты жүгірді.
Қойдың ауылдағысы да бой бермей, бөліне жөнелердей үйтқып жүрген. Сондықтан барлық еркек-әйел сол қалың қойды қоршап алып, айқай салып қамап тұр.
Иса қуған бір топ қойдың қанша екенің ешкім аңғарған жоқ, әйтеуір, ықтырманы тап ортасынан жел құлатып кеткен сәтте бір топ қойдың үркіп, жосып жөнелгені, бой бермей кеткені мәлім. Артынан қуғандар да болмай қалды. «Оны қуатын кім бар?» дегенде, Төкежанның есіне Иса түсіп, Әзімбай екеуі қоса үмтылған болатын.
Иса айқайды салып жүгіріп келеді. Қойға ес болсын деп және қасқыр маңайласа адам даусынан жасқансын деп, ыққа қарай кеткен қойға айқайын үзбей ұмтылады.
Енді аңғарса, қатты дауыл үстіне сабалап жауын да құйып кетіпті. Әп-сәтте сол жауын қиыршық қарға айналды. Қолы мен мойнының, бетінің ашық жерлеріне тиген қиыршық қар темірдей, жүз инемен шанышқандай сұққылап, соққылайды.
Қой қайтіп шыдасын! Ықтап алған бетімен, бастарын төмен салып, жондарын суыққа беріп, бірін-бірі паналай түсіп жосып барады. Иса айқайын үзбей отырып, әбден өкпесі күйген шағында ыққан қойды куып жетті. «Шөйт-шәйлап» арасына кірейін деп еді, біріне-бірі сығылысып алған тоңған қойлар жорта отырып жол бермеді. Сонан соң ағашымен шеткі қойларды жасқай отырып, жүгіре түсіп алға шыға берді. Осы сәтте беті жел өтіне қарағанда, дауылды соққының қандай қатты, кәрлі екенін енді аңғарды. Бет қаратар емес. Омырауын аша соққан үскірік өзінің де мойны мен бегін, кеудесін, қолы-басын қарып барады. Сонда да қойдың алдын іркілтпек боп айқайын салып, кейде «шәйт-шәйт!» деп қатты арпалысты. Басын амалсыз тұқыртқан өткір сокқы кейде өзін де құла-тып кете жаздайды. Омырауын асығыс қымтай жүгіріп, қойды сәл-сәл байыздата беріп еді. Дәл осы кезде сол жақ бүйірден қалың шоғыр боп кеп қара барқыңдап жұмарланған бір тасқын ақтарыла берді.
Иса жинап топтаған қой шамасы елудей еді. Сол қойлар енді тас-талқан боп, маңырай шулап, дүркірей бытырап, безіп жөнелді. Иса енді ғана аңғарды. Жаңағы ағынды шоғыр, кәрлі тасқын анық осындайдағы апат жау қасқыр тобы екен. Жақындап ағызған топтың ырсылдап, тістері сақылдап, құтырына құлшынған зәрі білінді. Маңырап безген қойлар енді Исаға жалынып, жәрдем тілегендей. Байдың малы, Әзімбай иттің малы болса да, қой байғұста не жазық бар? Жасынан осындай момын жануар қасында үнемі жанасып өскен Исаның мына малға жаны қатты ашып кепі. Ол енді ес те жиып алды. Әзіне де оқыс болған ызалы қайратқа мініп, айқайды салып, қасқырларға үмтылды.
Жаяу, жалғыз Исаға қарсы қойға шапқан қасқырдың саны бесеу екен. Бұлар Исаның жанынан ағындап өтіп, айқайын елеместен қойға шапты. Иса арпарынан үшып ұмтылды. Сол сәтте алдыңғы ақшыл бөрі осы топтың анасы - қаншық қасқыр екен, бара бір саулықты алып соқты. Өзгелері жақында арлы-берлі жосып жүрген қойларға қарай ағыза берді. Иса енді айқайын елемейтін аңғарды таныған соң, басқа бір тәсілге мініп алған. Үлкен қойды алып соққан өлекшін тыпырлаған қойдың тамағын орып-орып жіберіп жайратып тастап, енді басын көтере беріп еді, дәл осы шақта үнсіз жеткен Иса шоқпарын құлаштап көтеріп ап, ақ қасқырды дәл қара түмсықтан періп кеп кетті.
Өршеленген жігіт шоқпарын тағы шапшаң көтеріп ап тағы соқпақ еді, сол сәтте жаңағы қасқырдың ойда жоқта омақасып құлап түскені көрінді. Өзі тамақтаған қойдың басына қатарласып өз басы да сылқ түсіп, тырая кетті. Қара тұмсықтан тиген соққыға ит те, қасқыр да осал болатынын Иса көптен білетін. Соны ойлап қасқырдың жонынан ұрмай, тұмсығын меңзеп ұрған. Енді өзіне-өзі сүйсініп: «Ал бәлем... Шоқ... Жат солай!» деп тағы да екі-үш рет қара тұмсықтан періп-періп жіберді де, жүгіре жөнелді.
Қой атаулы босып жүр. Дауылды да, ықтауды да үмытқан. Есі шыққан жануар бір ілгері, бір кейін қашады. Әрбір жалтарысында арттарында әр қасқыр бір-бір қойды алып соғып қалады. Сәл тыпырлатып аунатады да, тағы ұмтылады. Бұндайда көп қойға шапқанда, бір қасқыр болсын, топ қасқыр болсын бәрінің де есуас бір қомағайлығы бар. Олар, әуелі, тек өлтіре береді. Кейін бәрін со-ғантүгел жегізіп қоятындай, әуелі, мол азықты қырып алуға тыры-сады. қазірде де төрт бөрі сонысын істепті. Жалғыз қойдыңда ішін жарып, қарбытып асап, қансоқтаны жеген емес, тек қырып жүр.
Жүгіріп келе жатқан Исаны ес керді де, маңырап, аңыраған қойлар мұның үстіне қарай ақтарылды. Арттан ағындап жеткен бір бері Исаның үмтылғанына қарамастан, мұның қақ қасынан қойларды бөле-жара араласа беріп еді. Иса тағы да тұмсығын мегзеп қара шоқпарды сілтеп кеп қалғанда, бұл бөрі де тыраң асты. Ол күшік қасқыр болатын. Жаңағы ақ қаншықтың биыл баулап өсірген үш бөлтірігі қазір қомағай өжет қасқр боп осы апатқа араласқан-ды.
Иса бұл қасқырды да тұмсықтан пәрмендеп, мыжғылай ұрып сілейтіп салып, тағы ұмтылды. Енді қойға пана бола алмаса да, қасқыр тобымен жалғыз, жаяу алысқан және оларды біртіндеп жайратқан өз қайратына озі тамашалай түседі. Бар денесі сұрапыл суықты елемей, жаурағанды үмытып, оттай қызып қайнап апты. Өмірі ештес жауға жұмсамаған есіл қайрат, қайтпас қажыр, таймас ерлік бар екен бойында. «Жазым болармын, жаяу жалғызбын ғой!» деген ойлар да басына кіріп-шығар емес. Қатерді мүлде үмытқан, тек қана алысуға, қарысуға, табандап тұрып салысуға тісін нық басып апты. Тағы да жұлқысуға құмартып ұмтылып берді. Жүгіріп ұшып қойға жетіп келгенде және бір кішілеу бөрі бір қойды алып соғып еді. Енді тұмсығы дәл келмесе де, сырт қарап жұлқынып жатқан бөрінің қарақұсынан періп кетті. Қасқыр бұған қарай арс етіп ұмтыла беріп, қираландап тәлгіректей басып еді, оттай ыстық қайрат кернеген Иса бұл қасқырды және де тез періп жіберіп, қатыра құлатты.
Қойлар маңырауын қоймастан, Исаның айналасына үйріле дөңгелей қашып, босып жүр. Енді бір сәтте талай қойды сұлатып тамақтап өлтірген дөңбектей қара брқын арлан бөрі тағы кеп араласты. Қанға масаттанып, көзі тұмантып алған қорқау Исаны көрер емес. Бұл осы топтың басшы - қандыауызы болатын. Бағанадан бері бір өзі кейін жемек боп, он қойды сұлатқан-ды. Қап-қара түн болса да көзі өте көреген Иса бұл бөріге бағанадан бір кезіге алмай, тісін басып жүрген. Қазір сол арлан үлкен бір қошқарды көтеріп ұрып, ыңқита соқты.
Үнсіз алысқан Иса жетіп келгенде көкжал арлан және де кәлденең кезікпей, сыртымен тұрып арпалысып қалған екен. Иса жаңағы жас бөріге істеген әрекетін істеп, пәрмендеп тұрып қарақұстан қатты періп кетті. Қасқыр сол сәтте қойды тастай беріп, барынша «гүр» етіп, Исаға қарай тап берді. Бірақ қақ шекесінен қан саулап қоя берсе де, бұл қорқау тың екен. Оқ тигенде, жара түскенде өршеленіп кетіп адамға қарсы үмтылатын қасқыр әдеті енді кезікті.
Жақыннан шапшыған таңдай қасқырды енді тағы ұрамын деуге, шоқпар сілтеуге келмей қалды. Қаны қайнап, долы қайратқа мінген ер-азамат енді шоқпарын көлденең ұстап, қарсы үмтыла берді. Ыршып шапқанда балғадай тістері сақылдап, «арс» еткен қасқыр Исаның сол жақ иығына ауызды сала берді. Иса шапшаң бұрылып, жұлқынып қалып еді, қасқырдың аузы етіне тимей, тайқып кетті. Бірақ ескі шапанының бір жақ жеңін, түтас өңірін дал-дал ғып бөктеріп түсті.
Иса жыртылған жеңінен шапшаң ғана қолын жұла суырып алып, енді ақыра айбат шегіп, айқайды сала тұрып, қасқырды шоқпармен қатты ұрып жіберді. Бірақ асыға ұрған қаруы тағы да түмсықтан тимей қарақұстан тиді. Және де қасқырдың көзі^ жаба қан саулап жөнелді. Соған қарамастан, қозғалысы енді баяулап қалған болса да, қасқыр Исаға туралап тағы шапшыды.
«Не өліп, не тірілсем де, тағдырым сенімен болды ғой, келсең кел енді!» деп, байлай сала, Иса шоқпарды түсіріп жіберіп, қасқырдың тісі өз денесіне жеткенше, лезде алқымынан қос қолдап ала түсті де, тіреп, сығымдап тұрып алды. Қасқыр омырауласа да, артқы екі аяғына ғана басып тұрғандықтан балғын, қайсар жігітті еңсере алмады. Иса өзі де тісін ақсита қайрап алып, темірдей қатқан қос шеңгелін қасқырдың алқымынан босатқан жоқ. Керіп тіреп, қылқыңдырып жатып айқайға басып, кәр шашып тұр. Жүзбе-жүз бет алдында ақсиған жауы ажалдай көрінсе де, әлі түк те шіміріккен жоқ. Қасқырдың басынан жосыған ыстық қан Исаның қолына шүмектей төгіледі. Бірақ қасқыр әлі әлсіреп жығылар емес. «Соған айбар боп шошытсын» деп Иса айқайын, ақыруын, ызалы кәрін үзбей дабыстап тұр.
Қанша мезгіл өткенін білмейді. Қарысудан білегі, саусақтары әбден талып, өзі де енді болмаса сүрінердей боп, бар сүлдері құруға айналған шағында Исаға жәрдем жетті.
Мұның артынан ауылдан тағы бір көрші кедей Қаңбақты да жөнелткен екен. Сол енді жете бере Исаның даусын есітіп асыққан-ды. Иса тек қана:
- Сал, пышақ сал өкпесінен!- дегенге келді Қаңбақ қынындағы қарыс қара пышағын шапшып тұрған қасқырдың тақ жүрегіне қорс еткізіп салып-салып қалды. Сөйтуі-ақ мұң екен, тайдай арлан талдай сынып түсті.
Сол сәтте Иса да сылқ құлап кеткен еді. Барлық қажыр-қайраты, азамат қуаты бір ызалы қайсарлыққа сыйған бетінде мұныңда сүлдері адам шамасынан тыс қарсылықтан әбден құрып болған екен. Сол жақ қолы, иығы, бүйірі де тастай мұздап қатып қапты. Үнсіз жығылған жігіттің бар сырын аңғарған, әншейінде, сырлас-мұндас Қаңбақ Исаны қатты мүсіркеп кетті. Өз үстіндегі бір қабат шекпенін шешіп, Исаны қымтап киіндіріп алды. Иса сәл ес жиып алысымен екеуі аман қалған қойды жиыстырды. Елу қойдан бөрілер талағаны он бес қой болыпты. Оның орайына төрт қасқыр соғылған.
Бесінші - бөлтірік бөрі еді. Ол езге қасқырлар қой ішінен жоқ боп кеткен соң, өздігінен қашып кеткен-ді. Он бес қойдың бәрі бірдей өлген жоқ, жарымына жуығы тамақталған, құйрығынан жараланған екен. Бұл шамада таң біліне бастап, дауыл да бәсендеп еді. Жерге қыландап қар түсіп қапты. Енді біразда Қаңбақ пен Иса барлық қойды ауылға қарай қайта айдады. Төрт қасқырды екі-екіден байластырып, екі бөліп сүйрете отырып, қоймен бірге ауылға да жеткізді.
Тәкежан аулының бұрыңғы пәлесі, ел ішін бұл күндерде мол кернеген көп өсек, алып-қашты хабардың себепшісі еді.
Енді «сол ауылдың қойы ығыпты», «қасқыр көп қойын және қырып кетіпті» деген неше алуан хабар тағы тамам елге тарады. Бірақ осы лақаптар арасында Иса қойшының ерлігі, төрт қасқырды жаяу күйде соққаны, мал үшін жаны ашып қайсар, батыр қайратын атқаны бар басқа хабардан да өктем шықты. Тайдай арлан бөрімен шаппа-шап ұстасып өлердей жағаласқаны, тапжылтпай ұстап өлтірткені - бәрі де бұл өңірде, бұл заманда болмаған балғын азамат қасиеті боп тарады.
Тәкежан мен Әзімбайдың барлық малшы-көршіге ететін мейрімсіздігін, қаскөй иттігін білетін кедей-кепшік:
- Қадірін біле ме сонда да қорқаулар!
- Қайран азамат, кері кеткеннің босағасында шіріп жүр ғой.
- Сол қасқырға жұмсаған күшін Әзімбайдың өзіне бір сілтер ме еді, айуанға еткен еңбек пе, ерлік пе? Еш болған еңбек қой,- деп кейбіреулер тереңге де кететін.
- Қайтесін, жазықсыз малға жаны ашыған да... Көзбе-көз қасқырға мал талатып тұра ала ма!- деп, Исаның шынын ұғынған сөздер де көп айтылып жүрді.
Бірақ осы жайдың бәрін Исаның өз құлағы бұл күндерде ести алмай тұр. Өйткені дауылды күндерден үш күн өткенде Иса қатты науқастанып, төсек тартып қалды. Қазір оның жатқан жері киіз үй емес, кішкентай ғана түтіктей тар, жер үй. Төбе де аласа. Ол ыстан қап-қараі болған жіңішке, қисық сырғауылмен жабылған. Және сол төбеден ескі қамыс қоқсып шығып, салбырап тұрған жаман бөлме. Қойшының үйі аталатын бұл бөлменің есік алдыңда Тәкежанның қой қорасы. Есік ашылған сайын үйге келетін жалғыз мол иіс - қалың қойдың шуашы мен жас қорданың иісі. Күндіз-түн осы күлімсі дертті иістен басқа, таза ауадан леп келмейді.
Бұл үйдің асты сызды, тасты қара жер, терезенің орнына бай үйінің сынған шынысынан бір ғана көзді саңылау етіп кірпіш арасына кептеген. Сорлы үйшіктің әр бұрышында қамау орнындай жүдеу қараңғылық. Қабырға атаулыда сылау жоқ, тек қара былжырды баттастырып жаққан қопал жапсырма бар. Пеші жоқ, сызды қараңғы көрдей үйдің аласа ғана үйілген кескінсіз, қап-қара күйе қазан аспасы тұр. Осы үңгірдің өзіне кіргеніне де момын үйдің іші ырза болғандай. Күндіз-түн үстерінде азынаған қара желден, қатты суықтан сәл құтылғанға шүкірлік еткен болады.
Дауылдың ертеңінде «тағы бір апат боп кетер» деп малы үшін сескенген Тәкежан енді қыстауға көшкен-ді.
Сол қатарда жыл сайын осы ауылдың қойшысы тұратын дәл осы жер үйге Иіс те кеп кірген. Исаның соңғы көшер күннен бастап бойы ауырлап, басы алып түсе беріп еді. Қыстауға қонған күннің ертеңінде, кешке жақын қатты ыңқылдап мұрттай ұшты.
Салғаннан қызуы асқындап, демі тарылып, тыным ала алмай, дөңбекшіп ауырды. Талайдан бері күн бойы ез үйінде болмайтын Иса жығылған күннің ертеңінде қатты қиналып жатса да, өз үй ішінің жанына жақын жандарының тірлік болмысын көріп жатыр.
Ішқұстадан уланғандай боп, сыртына шығармай, дертті қабағын түйіп жүз толғанады. Мал дегенде жалғыз көк сиыр енді
суалуға да жақын екен. Ішер ас жоқ. Кемпір шешесі таң атысымен көк шалап қып шай ішгі, қатқан құртты сол шайына салып, жібіткен боп талшық етеді. Екі балада ойын жоқ, ашылған қабақ, сөз де жоқ. Олар да сол ыстық көк суды құмар асындай ішкен боп, бұрыш-бұрышта әкесі мен шешесіне жалтақтап, ұрке қарап бүрісіп отыр.
Ауру әйел шоқпытына оранып, жаман жөткіре береді. Бар үй ішінің тосатыны Иіс, соның бай үйінен қайтқанын болымсыз талған үмітпен күтеді. Кәрі әже байғұс күзден бері байлар үшін малма сапсыса, енді қаражан бәйбішенің тапсыруымен жіп иіріп, шүйке түтіп, арқан-жіп есуге кіріскен. Қысы-жазы мұның қолын Қаражан сондай үздіксіз істен босатқан емес. Қазірде сол жұмысына салған-ды. Бай үйінде күнұзынн отырып, белін жаз-бастан әрекет ететін Иіс күнде кешке, ымыртта қайтқанда үйдегі балапандарына болымсыз тамақ әкеледі. Бай дастарқанынан, ас-суынан қалған сорпа-сүйек, құр бидай, қатқан ірімшік сияқты түйіршіктер алып қайтқан болады. Үй ішінің талшығы осы.
Иса есі шала кірген шақтарда, осыны көріп көп уһілейді. Кеудесін әрі дерт қысып, әрі арманды шер қысып, өнбойын тырналай береді. Шешесі қасына кешке келіп күрсіне түсіп отыра бергенде, іптегі шерін жасыра алмады:
- Айналайын апатай-ай, көрдің -ау! Босағада шіріп кеттің-ау, енді не боларсың!.. Әттең... арманда кетем бе... Тым құрыса, сендерді айуан емес, адам дерлік біреудің босағасында да қалдырмадым-ау!..-деді.
Шешесі мен өйелі Исаның сөзінен шошып, зар қақты. Екеуі де дертті асылының басын құшып, қолдарын сүйіп, еңіреп қоя берісті, Екі бала да жас жүректері шошып, жылап жіберді.
Иса өз дертін анық танығандай. Науқасына бес күн өткенде ыстығы тыным бермей жан алқымға келгендей болды. Аласұртқан ауыр дертінің енді естен айырар сандырағы араласты. Исаның кеберсіген еріндері бір нәрсені сыбырлағандай болады.
Жаны шошыған шешесі мен әйелі бетіне төңіп келгенде үнемі бір алысқан, егескен кәрлі сөздер естіледі. Не деп жаіқаны ұғымсыз. Үзік-үзік ұрыс үні сияқты.
Иса бұл шақта үнемі арлан қасқырмен алысу үстінде жатыр. Көзі ашық сүзіле қарап жатса да, сол бір шапшып ұмтылып тұрған дұшпанын көреді. Тістері ақсиып, аузы арандай ашылып, енді болмаса сақ етіп Исаның бетіне қанды аузын салғалы тұрған қатал жау... Бір сәт шекесінен қаны сорғалап^ қасқырдың көзін жауып кетелі. Тағы біп қытты киналып жатқан шағында. Қасқырдың қанды шекесіне ақ орамал оралғандай болады. Арандай ашылған ажалды тістердің, иектің астына қап-қара сақал орнайды. Қасқырдың аузы қып-қызыл еріндерін қозғап, қатты боқтық айтады Исаға... Таяқтай қарумен салып та кетеді. Иса қарысып ұстасып тұр. Таяққа таласып та, қасқыр енді сол қасқыр аузы азуларымен Әзімбай боп кетеді. Мұны ұрып-соғып жауша өшігіп айдаған Әзімбай енді анық арлан бөрімен үнемі кезектесіп төнеді. Бірде қасқыр, бірде Әзімбай. Кейде жарым жүзі Әзімбай, жарым тұмсығы қасқыр боп қас-дұшпандары қосылып бірлесіп кетеді... «Жейміз! Құртамыз!.. Жоямыз!..» деп тұр. Иса сонымен қарысып, ерегісіп жатып мүлде талып кетті.
Осы күйден түн бойы айықпай жатқан науқасқа қайтып ес кір-меді. Таң ата кеудесіне сырыл араласты. Енді сұлық жатқан қалпында суына берді. Сойтіп, жығылғанына алтыншы күн дегенде алыптай ерлігі бар, үлкен адам жүрегі бар аяулы азамат қайтыс болды.
Талып, сұлап, үні өшіп сорлы шеше - Иіс қалды. Әксіп жылап өзі дертті жесір боп, жар қалды. Жандары шошыған екі шиеттей панасыз жетімдер зар қақты.
5
Шолпанның бауырында күнұзын Тәкежанның баласы мен жылқышылары мал үшін қырқысқан күні, сол Шолпаннан тай шаптырым жерде, Ақшоқыда, Абайдың іні-достары Лермонтовқа айрықша шұғылданып жатқан-ды.
Бұған себепші Абайдың өзі болған. Ол соңғы күндерде «Вадимге» ерекше қызықты. Осындай ер, өр кедейдің кекшіл ызасына қызыққан.
- Қазақ қауымы білерлік бір алуан асыл жан - мынау Вадим! Мен оның жайын өлеңмен дастан етіп баяндасам деген ниетке бекідім!- деп, күндіз түстік алдында, жас достарына көрікті келісіммен толқыған ұзақ өлең қатарларын оқып берген.
Батар күнге шымылдық көк бұлт кең, Толқынды қызыл торғын өртпенен тең! Өткен дәурен секілді нұры жайнап Арттағы мұнараға береді рең!..-
деп, құшырлы, қызғын толқынмен басталған жыр еді.
Вадим жайын Кәкітай оқып алған екен. Абайдың тапсыруы бойынша сол отырыста өзге ақындарға әңгімесін айтып берді.
Абай: «Дастан жазу үлгісін осы Ле^монтовтан үйрену бір үлкен өріс болады. Бұның көп дастанын Мағаш пен Кәкітай екеуің мына Дәрменге, Көкбайға, басқаларға да оқып, айтып беріндер. Ақылбай да орысша оқи алмайды. Білгенің, әлің жеткенің езгеңе тізгін үшын берсеңші!» деген.
Сонан соң Абайды Лермонтов томымен оңаша тастаған жастар кешке дейін түкпір үйде орыстың қадірлі, ұлы ақынның екінші кітабын ортаға алған. Оның қызықты, сымбат сырлы дастандарынан «Демонды» тамашалап оқысып, неше алуан ойлар айтысқан. Бақас-таластар бұндайда бәріне де ортақ қызық шақ болғандықтан олар Демон, Тамара туралы неше саққа ой-қиял өргізді. Демонды «әзәзіл» деп, оны «осынша қайнаған ыстық құмарлықпен елтітуді» Дәрмен мен Мағаш танданып қошеметтеді.
- Қандайлық батыл ой! ?
- Батыр ой ғана туғызатын кескін емес пе?- дескенде, Кәкітай:
- Тіпті, тәңіріңе, тағдырыңа да табынбай ма, қалай еді?- деген.
Осындай қобалжып толқыған ойға берілген жастар кешқе шейін Абай қасына келген де жоқ. Тек іңірдегі шайдың үстінде, Абай мәжілісінде, ақындар тобынан Көкбай, Мағауия, Дәрмен, Кәкітай отырғанда, жалғыз жолаушы Ақылбай келген.
Бұл кезде Ақылбай бәлек қыстау иесі болатын. Оның оіауы Байғабылдағы жатақтарға жақын Аралтөбе, Миялы деген жерде Ақшоқыдан жарым күндік жер.
Үйге кіріп шешініп, Абайдың төрдегі қонақтарының қатарына отыра бере, Ақылбай өзінің жай сейлейтін қоңырқай баяу үнімен әңгіме бастаған.
- Бауырдағы ел аман-есен бе?- деген Абайдың сұрауына жауап ретінде жаманат хабарды алдымен айтты.
- Бүгін Тәкежан ағамның қосын бір қалың жау тік көтере шауып кетті! Осындай жаманат хабар әкеп отырмын!- деді.
Содан әрі Абай, Кәкітай, Мағаш:
- Қашан?
- Қайдағы жау?!
- Бар жылқыны әкетті ме?- деп, жан-жақтан жапырлай сұрасты.
Шай ішілмей қалды. Дөңгелек стол айналасында отырған Әйгерім, Зылиқа да Ақылбайдың аузына қарасты. Сүмдық көргендей, қабақ түйіскен үркек түстер бар. Ақылбай бар білгенін өз дағдысынша баяу, жай сөйледі. Бірақ байыпты етіп, түгел жеткізді.
Жаудың санын, таңертең тигенін, Әзімбай мен барлық жиырма шақты жылқышының соққыға жығылып, қан жоса боп қалғанын, сегіз жүз жылқылы қостан «бүтартар» тай-тулақ қалмағанын айтты. Жылқыны Шыңғысқа қарай қуып кеткен жаудың бағдарын айта келіп, шабуыл жасаушы Базаралы мен Абылғазы екенін де баян етті.
Сол шабуыл уақытында Ақылбай Тәкежан қосының өзінде екен. Соққы жегендер бастығы Әзімбай боп, жылқының өрісінен жаяулап қосқа жеткенде, қолдағы бар ат, тек, Ақылбайдың аты болған соң, соған тың түяқ жылқышының біреуін міңгізіп, жақын жердегі ауылдарға шаптырып, үш-төрт ат жиғызып алыпты. Осымен аялдаған Ақылбай Әзімбайлар елге қарай жөнелгенше, қоста бөгеліп қалыпты. Бұл ауылға кеш жеткен себебі сол екен.
Ақылбай өзі көрген жайды баян еткен соң, Абай бұның куәлік әңгімесін былай қойып: «Жылқыға жау тигенде,өзің қайттің!» деп сұрады. Ақылбай енді сөйлегенде божырап, аса бір бос адамның мінезін көрсете бастады. Оның айтуынша, таңертең Әзімбай атқа қонғалы жатып, Ақылбайға жылқы аралайық деген екен. Оған бұл ерініпті де, барғысы келмепті. Сонымен қоста бақыршы баламен екеуі ғана қалыпты. Қыстыгүні қостың асын «төбеқызар» қып жаққан отын және бақырға куырған куырдағын Ақылбай жақсы көреді екен. «Сүйтіп, суықта жылқыны аралағанша, Әзімбайлар кеткен соң қоста қуырдақ қуыртып, жеп отыр едім» деп сөй-леуімен ол Абайды ыза қыла бастады. Құрбы тыңдаушылар Ақылбайға күлуге айналды. Абай Ақылбайға оқыс бұрылып:
- Ал жылқыға жау тигенде, сен соны біліп отырдың ба, жоқ, кейін білдің бе?- деді.
- Бақыршы бала қуырдақты жаңа түсіргелі жатыр еді. Бір уақыт тысқа шығып келіп: «Осы жер де айқай, көк те айқай. Жылқыға қасқыр шапты ма? Жоқ, Әзімбайлар қашаған ку ғызып жүр ме? Маңайдың бәрі аппақ боран болып кетті»- деп бір келді. Сол кезде қуырдақты жаңа жей бастап едім. Өзі бір семіз жабағының сан етінен ұсақ қып тураған, майы кілкіген қуырдақ екен!- деп, қуырдақ жайына тағы ауысып кетті.
Дәрмен бұған шыдай алмай, Абайдың ызаланып отырғанын сезіп, зілсіз күліп қойдык
- Алда айналайын, Ақыл аға-ай! Жау шапса да саса ма?
Мағаш әзілдей күлді:
- Қуырдақ аз бөгет пе?- деп қойды.
Абайдан басқаның бәрі енді Ақылбайдың ездік сияқтанған сылбыр, шабан мінезіне ашық күле бастады. Ақылбай оларды
елемей, өзінің барынша шыншыл қалпымен баяу әңгімесін саспай айтып жатыр.
- Бақыршы бала тыным ала алмай тыпыршыған соң «шығып қарашы» деп, тағы бір жіберіп едім. Бір мезетте далбандап, бақырып кірді. «Ойбай, Ақыл аға, жылқыны жау шауып жатыр. Қалың төбелес. Айқайдың бәрі «аттан-аттан!» дейді. «Бар жылқыны Шолпаннан асырып әкетіп барады, енді қайттік?!» дегені,- деп, Ақылбай әлі саспай сөйлеп отыр.
Абай:
- Ал сен қайттің?- деді.
- Атқа міне шаптыңыз ба?- деп, Мағаш та асыға сұрап отыр
Ақылбай үй ішін түгел түңілдіріп, шын жауабын айтты.
- Жоқ! Мен шапқаным жоқ! Қуырдақты жеп отыра бердім. Біреу-міреу хабарға келер деп тосып қалдым!- дегенде, Абай қатты түңілгендей, зекіп сөйледі.
- Әй, сен осы, не деп отырсың, қайта айтшы?!
- Өтірік айтайын ба, Абай аға! Шапқаным жоқ.
- Неге? Еркек емессің бе?
- Шынын айтайын, қорқақтық еткем жоқ. Бірақ еріндім!- дегенде, үйдің іші ду күлсе де, ол өзінің шын жайын айтып жатыр:- Шолпаннан асыра қуып кетіпті, жер болса қалың қар, оны қуғанда, мен қай жерге дейін шаппақпын?! Кем қойса, Ералыңа қуып жетермін. Сондай ат шаптырым жерге қалың киіммен қыстыгүні шапқылаудың өзі бір жаза ғой! Және жалғыз барып, жалынып сұрамасам, төбелесіп, жау түсіріп алатын мен емес қой! Тіпті, батыр жігіт болмай-ақ қоям, мүлде!
Өзінің тура сөзін жұрттың күлкісін елемей, қыңыр сөйлеп бітірді. Мағаш пен Кәкітай сол кезде күле алмай, іркіліп қалды. Өздері жақсы көретін адал, аңқау мінезді ағаның мына жерде ез сияқтанып отырғанын ол екеуі де намыс етті. Және Абайдың ажарына қарап, «ашуланады да, Ақылбайды үялтып, ұрсып жерлейді-ау» десіп отыр.
Бірақ Абай енді Ақылбайға қайта қарап, оның мінезіне шұғылдан қызығып, әуелі біраз күліп алды.
- Осы айтқанынды бөгде біреу тыңдаса, «анық қор мынау екен!» дер еді-ау, шырағым! Жұрт не дейді ертең?- деп, әлі де күліп отыр.
- Құнанбайдың бір баласы жаумен еркекше жағаласып, қан жоса боп жығылып жатқанда, тағы біреуі «қоста қуырдақ жеп алайын» деп тоғышарлық етіпті. Қазан түбінің майын жалап отырыпты дейді-ау!- деді.
Абай үй ішін осы әзілмен жадыратып, Ақылбайды өз жайына тастады.
Енді ол Ақылбай әкелген хабарды естігенжерде, алғаш ойына алған бір жайға шұғыл ауысты.
- Жылқыны әкеткен жау кім?- деп еді.
Ол Базаралы екенін білгенде, Абайдың көңіл-күйі шұғыл өзгерді. Өз ойларын іштей түгел қорытып болмай-ақ жарыққа салып, сөйлеп кетті.
- Ә, Тәкежан зорлығы осыған әкеп соқты ма? Ал Базаралы-ның осы қимылын не дейсіндер?- деп, аз үндемей ойланып, жиынға жағалай қарап өтті,
Жастар үркіп тыңдағаннан басқа, ой қорытпаған екен. Ешкім үндемеді. Абайдың шешуін күткендей.
- Мен білсем,- деп, Абай осыдан ары жазыла сөйледі.- Бұл іс - исі Тобықты істеп көрмеген, тегі үлкен, бөлек іс. Ашудың ісі. Және әділет керек, әділ ашудың арыны бар. Арты да алысқа, қиынға кетер. Оны көре жатармыз. Бірақ адамның адмашылығы істі қалай аяқтағанынан ғана көрінбейді. Қалай бастағанынан да танылады. Әнеугүні Шүйгінсудағы Жігітек ауылдарын зарлатып Тәкежан баса қонғанда Базаралы айтты деген кекті сертті есітіп ем. Мынау соның алғашқы серпіні ғой. Ердің кегі... болғанда, езілген елдің де кегі екен... Құнанбай баласы құдайды үмытқалы қашан! Алысқа шықпаса амалы қане! Онан соң бұл әрекет бүгін дегеніне жетпесе де, түбінде көпшілікке, момын, адал жұртқа «ендігі замандағы тартыс жолы, есенді іздеудің жолы осылай болар!» дегенді аңғартса керек!- деп бір тоқтады.
Ербол Абай сөздеріне сүйсініп отыр екен.
- Япыр-ай, мынауың да бір соны сөз болды-ау, Абай,- деді.
Жастар әлі Тәкежанның қазасын көбірек ойлай ма, тіс жарып,
тіл қатпады.
Абай Дәрменнің жүзінен де Ербол сияқты сүйсіну белгісін андады да, соған қарап, тағы бір тың ойлар айтты:
-Ғажап бір нәрсе бар. Орыс кітаптарынан оқыған ер қимылы, ерлік серпін өзінді бір қатты сүйсіндіретіні бар емес пе. Сол сахара тірлігінде, тартысында қайда бар, кімде бар? Кімнің қолынан елер еді десем, өмірімде бірнеше рет Базаралы мінезі, сөзі, кейбір істері оралушы еді. Әнеугі Тәкежанмен серттескенін естігелі, Базаралы-дан белгісіз бір ірі әрекетті тосып қаппын!.. Соны тосу үстінде Вадимге қызығып ем. Бұның жайын, енді бақсам, тіпті, желісі бір жай екен! Намыскер, ызалы кедей асқақ байға қарсы кекшіл семсер суырады қынаптан!..- деп, өлендетіп тоқтағандай болды.
Мағаптар дәл бүгінгі кеште осыдан арғы сөздердің айтылуын қатер көрген сияқты. Тәкежан естісе, осы айтылғанының бәрі, оның надан тоңмойындығын оятпай қоймайды.
Ол Абай басына жауықпай да қалмайды. Әкесін ішкі қызық, әділ ойларынан тоқтата алмаған Мағаш, Кәкітаймен қабақ танысты. Ендігі Абай ойын олар басқаға бұруды талап етті. Сөйгіп, әке сөзінің бір тоқталған кезінде, оның ойларына жауап бермей, Мағаш басқа өтініш айтты.
- Аға, Тәкежан ағам мен Базекеңнің тайталасында бастаушы да біз емес, септеуші де біз емес боп қала тұрсақ қайтеді? Осы жөнде бүгін Ақыл ағамның шаппай қалғаны дұрыс екен деп отырмын. Қалыстық сақтағаны да, тапқаны сияқты. Сөйтіп, ол жайды қойсақ та, бағанағы кітап әңгімесін тыңдасақ жақсы болмас па еді?- деді.
Абай күндізгі уақиға туралы әзіргі өз ойын айтып болғандықтан, Мағаштың сақтығынтеріс көрген жоқ. Дегеніне көнді де.
Осының алдында әңгіме етіп отырған, жаңа оқыған «Анна Каренина» романын тағы да ілгері қарай айтып, жақсы мәжіліске ауысқан. Ырғызбай Құнанбайды бөріктіріп, бұрқ-сақ еткізіп, тулатып жатқан тартысқа Ақшоқыдағы ауыл қатысқан жоқ. «Күнту бұлардың зілінен қорқып, қалаға шауыпты» деген хабар бір келді. Сол орайда Тәкежанның тапсыруымен, Базаралыны жаулауға қалаға аттанған Шұбар да Абай аулына кеп қонған еді.
Ол бұл ауылды бар әңгімеге түгел қандырды. Тәкежанның мал дауымен қатар, Ырғызбайлар Күнтуды болыстықтан түсіретін болғанын айтты. Және Күнту өзінің орнына, болыстыққа Оспанды атауға да көніпті. Оны да айтты. Содан соңғы бір келісім сөз, Күнтудың бір тілегіне бұл жақ та қарсылық етпей, орындауға көніпті.
Болыс боп тұрған күнінде Күнту "күндердің күні үшін" деп, бүкіл Шыңғыстың барлық старшынынан өзіне қараған Бөкеншінің елу үйін ертіп, Мұқыр болысына шығуға «піргауар» алған екен. Жер ыңғайы жақын Мұқырдың болысынан да бұларды әз болысына алуға ризалық хат-мөр алып қойыпты. Енді Күнту Базаралы бәлесінен қашқанда, біржолата бұл елдің болыс-тығынан өзінің қағазын да аулақтап қашатын болыпты. Сөйтіп, Базаралыға көмек етер деген болыс көрден-көрге тығылғандай, Шұбардың айтуынша, ол Базаралыны енді «каторгадан қашып келген, патшаның заңынан қашқан қашқын» есебінде де көрсетіп беретін сияқты. Құнанбай баласы тілесе Базаралының қол-аяғы
енді біраз күнде кісенделетін болыпты. Осы жайды жеткізумен қатар Шұбар Жігітектің жалғыз қалғанын білдірді. Күнту қолымен Құнанбай балалары не қастық істеймін десе де орындалатын болыпты.
Жалғыз-ақ, осы орайда енді Майбасар, Тәкежандар екінші бір есепке ауысып отыр екен. Онысы - Базаралыны қашқын деп көрсетіп, ұстатып жіберсе, Тәкежанға сегіз жүз жылқы қайтпай қалуға болады. Базаралы қайта айдалады да, мына бір қос жыл-қыны қайтарушы айыпкер болмайды. Елдің дауына да: «Жыл-қынды алса, алған дүспаның байлаулы кетті, сонымен басын жойды. Сенің малың кетсе, ол - азаматтың құны. Менің арыстай ұлым кетті» деп, қазақ жолымен мықты дау айтысуға болады. Екінші жақтан ұлық та айдап жіберген кісіден ақы-пұл әпермейді. Осы есеп Тәкежандарды тағы бір тәсілге салып отыр. Олар Базаралыны әзір мүлде ұстатпақшы емес. қазақ жолымен айыпкер етіп, қандымойын құныкер етіп отырып, әуелі малын түгендетіп алмақ.
Бірақ Жігітек жөншілікпен тізе бүкпейді. Сондықтан Ба-заралыны бір жағынан ұлыққа бұзық етіп көрсеткенде, оның қашқындығын жасырып көрсетеді. Қаумен баласы демей, Кеңгірбай баласы деп, қағаз жүзінде ұлықтарды жаңылдырып арыздау керек. Тың қылмыс жасағаң, тың сотқар етіп көрсетпек дейді."
