1 страница2 августа 2023, 23:41

Бақытты балалық

  Ли Ми Ён мен Ли Ха Шин -  жақын бауырлар. Жастары 7-8ге таяп қалған.Екеуі де хан әулетінен туылған. Бірақ Ми Ённың ата-анасы жұқпалы аурумен шалдығып, 3 жасар Ёнды ағасы Хуанг Патшаға табыстап, өмірден өтеді. Патша оған бар мейірімін көрсетіп туған қызындац көріп, оны Ханшайым қылып тағайындады. Басқа балалар әке-шешесімен құлдыққа түспеу үшін қашып жүрсе, бұл екеуі нағыз балалық шақты сезінді. Ха Шин үлкені. Сүйкімді Ми Ённың ерке қылықтарына өзінше дөрекі мінез көрсетеді. Ал,Ми Ён өте ерке еді. Осы жылы қаншама күтуші сарайдан кетті десеңші. Екі бауыр әр апта сайын көлеңке театрға барғанды ұнататын. Бүгін де міне, Ханзада Ха Шиннің сарайында көлеңке театры болып жатыр.
-Аға, аға, қарашы, ана зұлым қасқыр саған ұқсайды. Сен садақ атқанда түрің сондай қорқынышты болып кетеді,-деп Ми Ён ағасына қорыққан кейіпте жеткізді.
-Сен қалайша болашақ Че империясының патшасына қорқынышты деп тұрсың,-деп Шин даусын жуандатып, ақырын күлімсіреді. -Білесің бе, Ён, ертең мен патша болсам маған әлемдегі бүкіл қыз ғашық болады.
-Саған ба? Тфу-у-у. Сендей қалқанқұлақ маймылды неғылсын. Осыдан алдыңа бір қыз келсін, аямаймын. Алдымен менен рұқсат сұрасын. Айтпақшы, сен қызды атаңның басына таңдап тұрасың ба?  Әкем бәрібір сені Ок Сумен атастырып қойған,-деп Ён қабағын қатайтып, ағасына ашулы көзбен қарады.
-Ок Су деймісің? Әлгі Қоразгүл ме? Атама, оны. Маған ондай қыздар тең емес.
-Пәлі, өзіңе бірінші қарап алшы, қарағым. Жетісіп тұрғандай.
-Сен қыз. Бері кел қане!,-деп Шин қарындасының артынан қоса жүгіріп кетті.
  Біраз уақыттан соң олар өз бөлмелеріне жөнелді. Қандай да бір мәселе шыққан секілді. Олар мұндай уақытта садақ атысып ойнайтын. Бір кезде Патша бүкіл әулетін дереу шақырды. Қос бауырын жетектеп келген Цу Я патшайым Патша сарайына кіргенде, не дерін білмей сасып қалды. Келсе Патшаны жаудың басшысы Ка Тэм ұстап отыр екен. Көздерінен жас аққан Патшайым мен Ханзада және Ханшайым Патшаға жүгірген-ді болып еді, артынан қырық әскер қылышпен оларды жібермей тұрды.
-Сендерге не керек?! Алтын сұрасаңдар берейін. Тек Патшамызды қолды қыла көрмеңдер!,-деп Патшайым зар жылап тұрды.
-Алтының да керек. Одан бөлек нәрсе де бар,-деп жауыз Ка Тэм мысқылданып тұрды.
Сарай әскерінің бәрі қырылып қалған. Енді оларға өлуден басқа амал жоқ. Ақыры Патшайым олардың талабын орындауға шешім қабылдады.
-Міне, ақылды екенсіз, Патшайымым.
-Не дегің келіп тұр?!,-деді ызаланған Патшайым
-Маған Патша орнын беріңіз, әлде, бүкіл империяңызды күл қыламын. Таңдаңыз!
-Жоқ, Патша болуға сен лайықты емессің,-деді Ён
-Мына қыздың тілі ұзын екен. Өзіңе ұқсапты Патша сымақ,-деп Ка Тэм Патшаның мойнына қылышын тақап тұрды.
-Мені өлтірсең өлтір. Бәрібір саған өз орнымды бермеспін.
-Қалауың болсын, Хан Ием,- деп Ка Тэм Патшаның мойнын қылышымен кесіп өтті.
Сорғалап аққан қанға қарай алмаған Патшайым:
-Мен рұқсатымды беремін! Тек бізді өлтіре гөрме!,-деді жаңғырық шыққан даусымен.
-Бірақ, Патшайым...,-деп енді Шин сөйлей берген еді, Патшайым жасауратқан көз жасымен:
-Ханзада, болшағымызды ойлаумыз керек. Бүкіл империяны сақтап қалатын жалғыз амал осы. Уайымдамаңыз, Ханзада, сіз де осы орынға келесіз,-деді.
Жау әскері қылыштарын түсіріп, Ка Тэмның бұйрығын орындады. Барлығы енді басталды. Сарайдың дәурені бұрынғыдай емес. Құлдыққа алынатын адам саны көбейе түсіп, қарапайым халық аш-жалаңаш жүре бастады. Патшайымның аузын байлап тастағандай, Патшайым тек өз сарайында отыра берді. Шин бұрынғыдай ойын ойнап жүрмейтін болды. Ханзада мен Ханшайымға үлкен талаптар қойыла бастады. Сарай заңына сәйкес болашақ Патша уақытын тек кітап оқу мен қылыш өнеріне жұмсау керек болды. Ал Ханшайымды тек көрші елмен одақтас болу үшін пайдаланды. Екі бауыр соңғы кездесуінде бұрынғыдай серуендеп жүреміз деп бір біріне серт етті.
Кеше ғана бәрі ертегідей болған Шин мен Ённың өмірі бүгін тас талқан болды. Ендігі билік жаудың қолында болса, ертеңгі оларды өмірі одан әрі кикілжіңге толы болатынын кім білген?


1 страница2 августа 2023, 23:41