2 страница26 июля 2018, 08:52

1."Ережеге бағынған едік..."

Жарық қосулы тұрғанымен, жастықтан ол білінбейді. Жұмсақтығы лезде ащы көз жастарына беріле салды.
-қызым, ашшы есікті, жаным, жыламашы, сөйлесейікші, ботақаным,-дірілдей шыққан ана дауысы да әсер етіп болмайды.
-мам, барыңызшы, маған ойлану керек!-бұл сөзден кейін ол даусын естіртпей қоймады. Бағанадан жастықпен жырылғалы тұрған даусын жасырып еді, ендігі, ол су болып қайта бетін жабуға мүмкіндік берер емес.
Үнсіздік.
pov.Ari
қалай былай болды? Кім ол? Кімсің сен? Мені хақымнан айыратын? Құрып кеткір! Чонгук ше? Ол біле ме екен? Ол не дейді? Ол келісті ме? Айщщ, бұл ойлар ұйқымды да бұзып жіберді! Тыныш өмірім кімді қызықтырды? Қай күнәм үшін? Сони мен Чонгуктың арасы не болмақ?
*дыңңң*
Айфонның дауысынан мезі болдым! Хат... Чонгуктан...
/не істеп жатырсың? Боссың ба? Шықшы,жүріп қайтайық/
мен не деймін? Не жауап қайырайын? Шешілмеген киім уақытты үнемдеуге себепкер болды. Жарықты өшіріп,шықтым,Чонгук ұққан болар. Бөлмеден шыққан бойда,еденде отырған анамды көрдім.
-анашым? Неге отырсыз мұнда?-көзге көрінетін періштемді демде орнынан тұрғызуға тырыстым.
-қайда бара жатырсың? -қатқыл әке дауысы артқа бет бұруымды талап еткендей.
-болашақ күйеуіммен жүздесуге.-артық сезімсіз допты лақтырғандай бұл сөздерімнің бағытын әкеме бұрдым.
-бара ғой, қызым, Чонгук күтіп қалар,-анам қалыпқа келген сықылды.
-тұрғанына біршама болды, барып жүріп қайт, сергіп қаларсың, бәлкім,-қатал дауыста қанша мейірім жасырылып тұрғанын сеземісіз? Әкемді құшақтай жөнелдім де, төменге жедел түрде түсіп, аяқ киімімді шала кие салдым. Есікті шалқасынан ашқанда аймен шағылысып тұрған таныс көздердегі жасты байқадым. Біраздан соң маған қараған көздердің иесі бірден құшағын айқара аша салды.
-Чона😭😭😭,-жүгіріп барып,қолдарыммен қыса орап алдым. Ол да қандай да бір өкінішпен құшақтағандай болды.
-қалың қалай? Тамақ іштің бе? Көп жылауға болмайтынын білесің, неге 7-ден осы 10-ға шейін жарық бөлмеден шықпадың?-ол оны қайдан біледі? Қашан келді? Айщщ, оның қамқорлығы~~
-сен не мені 3 сағат күттің бе?-ыстық құшақтан шыққым келмесе де,өзімді мәжбүрлей,қалаусыз еркіндікке бағындым.
-енді.. Солай сияқты,-басын өтірік қасыған күйі маған шыдай, күте қарап тұрды.
-қойш болды,-еш себепсіз басында тұрған қолын орнына қайтарайын деп түсіргенімде бірдеңе оның жұдырығынан суырылып шыққандай жерге түсе қалды. Ол абдырап қалды ма, орнында тұра берді. Ал мен оны алғанымда...
сақина? Не?
-Сонидікі ме? Неге сенде?-аузыма келгені шығып кетті...
-жоқ... Болашақ жарымдікі,-кім? Неге Чонгук бар кезде бәрін ұмытып кетем?
-ол кім?-ақымақ басым!
-ыы, қалай айтсам... -біраз тұрды да, көзі қолымдағы жүзікке түсіп, оны алып алды. Ізімен қолымды да алды. Енді сақинаны орнына жайғастырайын дегенінде мен есімді жиып қолымды суырып алдым.
-Чонгук...
-кешір...-ол басын төмен түсірді
-жоқ, жоқ, сен сенн білесің бе?-білмейм, айтқаным осы...-оның бетінен ұстап, басын көтеріп алдым.
-иә..сенен бұрын біліп алғам!-құдды бала секілді күлімдей,міндетсіне балан үйректі көрсете,шаттанып айтты
-содан ба бар мен клубта жүргенің!? Сол ма жаныңды ауыртқаны?-өткен апта ағысында болған оқиғалар бірден есіме түсіп, жауабын енді таптым. Ал ол, өз кезегіне басын қайтадан төмен түсірді! -Чонгук! Түй енді, көтерші басыңды. Жарайды, онда, ата-аналарымыз үшін 6 ай жетер ме екен? Қалай ойлайсың?
-жоқ,бопсалаушы 1 жыл көлемінде некеде болғанымызды сұрайды.
-қалайды,-оның етістігі мүлде дұрыс болмады.
-а жоқ, талап етеді.-оның да мені жөндеуді жаны сүйеді!
-жарайды, жүрш, серуендеп сөйлесейік.-алға қадам баса жөнелдім.
-жүр...
Ойланып келе жатырмын... Бұл кімнің ісі? Кімнің ойы? Оның да жаны жабырқаулы...
-Ари?
-м?
-кімге керек болды деп ойлайсың?
-білмейм, Чона, білмейм,-ол менімен тең болу үшін қуып жетіп алды.
-енді... Ата-аналарымыз үшін...-Чонгук ауыр күрсінді
-Сони ше? Үндемедің ғой?-біршама уақыттан соң әңгімені бастадым.
-ол..біз..Айырылыстық...-соңына дейін тыңдамадым
-былжырамашш, не? Айырылыстық?
-иә,әркім өз жолымен кетті...
-кешір...
-ештеңе етпес, сезім қалса жыл өткен соң қосылармыз, болмаса...
-жарайд, жалғастырмай-ақ қой,-оның сөзін бөліп,жеңіл құшағыма алдым.
-мхм... Бірақ, неғой, оқуымызды екеуіміз де  жалғастырамыз,-о, бұл жақсы жаңалық қой!
-ее, жақсы болды, Ⅱ семестрді не істейм деп жүр едім.
-сенің универіңе көшіп алайын ба?😏қалай қарайсың?
-Гуки,қумаш, факультет әртүрлі ғо.
-қоңырау не үшін?
-ойй, 90 минуттық парадан мезі боласың,оның үстіне сен айтқандай біздің универде ұстаздар сендердікіндей емес.
-дұрыс айтасың, әйелімді көрмей 90 минут тұра алмайм ғо мен,-оған менің көңілімді көтеру бір парыз секілді!
-Чонаа~~
-жарайд, болды, қойдым,балмұздақ жейсің бе?
-жүрш, балмұздақ жеп, алтыбақан тебейік.
-жүр.
Түк болмағандай. Чонгук әрдайым көңілді және айналасындағылардың да жаны тыныш болғанын қалайды, ішін қанша қармап, жегідей жеп бара жатса да...
бірақ біз, дос болып, ережеге бағына, ғашық болмадық қой, бір-бірімізге.

2 страница26 июля 2018, 08:52